"Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурула

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 7-1/614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11936 болып тіркелді

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау туралы Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 2 наурыздағы № 104 бұйрығына («Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2004 ж., № 17-20, 922-құжат; № 29-32, 963-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2768 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидалары бекітілсін.»;
      Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау Ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 10 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»                       «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі          Ұлттық экономика министрінің
      ________________ Е. Досаев         міндетін атқарушы
      2015 жылғы « » ___________         ________ Т. Жақсылықов
                                         2015 жылы 24 шілде

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі   
№ 7-1/614 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2004 жылғы 2 наурыздағы   
№ 104 бұйрығымен бекітілген  

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды,
өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды,
өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге
асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидалары «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес әзірленді және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін айқындайды.

2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды,
өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды,
өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге
асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралар

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастырады;
      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      3) тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдайды;
      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлар ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын іріктеу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады.
      3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан денсаулықты қорғау мақсатында мынадай талаптарды сақтайды:
      1) Заңның 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды (бұдан әрі – ветеринариялық қағидалар) сақтай отырып, жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылықтық іс-шараларды жүзеге асырады;
      2) ветеринариялық қағидаларға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5145 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бекітілген ветеринариялық нормативтерге (бұдан әрі – ветеринариялық нормативтер) сәйкес хайуанаттар бақтарындағы, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды күтіп-бағуды, өсіруді және пайдалануды жүзеге асырады;
      3) қоршаған ортаны ластауға жол бермей, ветеринариялық қағидаларға және ветеринариялық нормативтерге сәйкес аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптерді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған құрылыстарды ұстайды;
      4) Заңның 8-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес бекітілген жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;
      5) Заңның 8-бабының 46-2) тармақшасына сәйкес бекітілген жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;
      6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
      7) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын:
      қайта сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені туралы;
      жануарлардың қырылғандағы, бір уақытта бірнеше жануардың ауырғандығы немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлықтары туралы хабарландырады және ауруына күдіктенген кезде ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдайды;
      8) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етеді;
      9) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге ветеринариялық қарап тексеру үшін кедергісіз ұсынады;
      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер актілерін орындайды;
      11) өткізуге арналған жануарларды союды сою алдында ветеринариялық қарап тексеру және союдан кейін ұшалары мен ағзаларына ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізе отырып жүзеге асырады;
      12) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүргізуді жүзеге асырады;
      13) ветеринариялық іс-шаралар жүргізу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындаулары кезінде ветеринария саласындағы мамандарға жәрдем көрсетеді;
      14) жануарларды карантиндеуді жүргізеді;
      15) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап тексеруден өтеді;
      16) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының дербес және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындайды;
      17) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғау бойынша сақтық шараларын сақтайды, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексеруден және емдеуден өтеді, инфекциялық аурулар және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық персоналды өз ауруы туралы хабардар етеді;
      18) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізеді;
      19) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерінің және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындайды;
      20) орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің және оны өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде өнімнің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етеді;
      21) өндірістік бақылауды жүзеге асырады;
      22) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарын апаттық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін технологиялық процестің бұзуылуы туралы, жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік ауру туындаған және улану жағдайларында уақтылы хабардар етеді;
      23) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік аурулардың жұғуына қауіп төндіретін, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді гигиеналық оқуытуды қамтамасыз етеді;
      24) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының құзырына сәйкес оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін өнімнен, шикізаттан, тауардан, өндірістік ортадан сынаманы іріктеу жүргізу мүмкіндігін ұсынады;
      25) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-бабының 4-тармағы 9) тармақшасына сәйкес медициналық тексеруден өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдардың жұмыс істеуіне жол бермейді, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық ауру қоздырғыштарын тасымалдаушыларды және инфекциялық аурумен ауыратындарды жұмыстан шеттетеді;
      26) Кодекстің 90-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмейтіні белгіленген кезде тауарларды, өнімдерді, шикізаттарды өткізуге жол бермейді, сондай-ақ оларды қолдану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      27) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына тексеруге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есеп және есептілік құжаттамасын ұсынады;
      28) Кодекстің 90-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді сақтау тұрғысынан тексеру мақсатында объектілерге кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;
      29) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) бекітілген Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларына сәйкес дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүргізеді.
      4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралар аурудың түріне қатысты ветеринариялық қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10694 болып тіркелген) бекітілген, «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сәйкес жүргізіледі.
      Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
      5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын объектілерде жеке және заңды тұлғалардың ветеринариялық санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидаларды сақтауына мемлекеттік бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.