Ескерту. Қаулы мәтініндегі және қосымша берілген Ереже атауындағы "Ереже" сөзі "Тәртіп" сөзіне ауыстырылды - III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының VIII сессиясының 2004 жылғы 29 шілдедегі N 69 шешімімен.
Жалпы мәтін бойынша "аудандық орталықтарда", "аудандық орталыққа", "аудандық орталық", "аудандық орталықтың", деген сөздер "аудандық басқармаларда", "аудандық басқармаға", "аудандық басқарма", "аудандық басқарманың" сөздерімен алмастырылды - III сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIII сессиясының 2006 жылғы 15 мамырдағы N 249 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 "Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" заңына және Алматы қаласы Әкімінің ұсынымына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіп қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ІІІ-ші сессиясының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" және ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты VІІІ-ші сессиясының 2000 жылғы 28 желтоқсандағы "ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ІІІ-ші сессиясының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімдері күшін жоғалтқан деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Тәжиев Е.Б.), Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.
Ескерту. 3 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 15 мамырдағы III сайланған XXIII сессиясының N 249 шешімімен.
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты кезектен тыс
ХХVII-сессиясының төрағасы
ІІ-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының кезектен тыс
ХХVІІ-сессиясының
2003 жылғы 16 қыркүйектегі
шешіміне қосымша
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің
көлемі және көрсету тәртібі туралы
Тәртіп І. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны болып саналады.
2. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде беріледі. Бұл көмек Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңелген тұлғалар, Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары), Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылары (ақталғандар) және Алматы қаласында тұрақты тұратын тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларға) ұсынылады.
Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасыларына (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары) тұрғын үй көмегі Алматы қаласы әкімі жанындағы Ауғанстан соғысы және жергілікті әскери дағдарыс ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерін үйлестіру Кеңесі ұсынған тізімі бойынша көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға (ақталғандар) "Желтоқсан" Республикалық халықтық-отаншылдық қозғалысы берген тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111 және 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172шешімдерімен; өзгерістер енгізілді - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVII сессиясының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтер тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетінде жиынтық кірістің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда (Ұлы Отан соғысына қатысушылардан, мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа, Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары), Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылары (ақталғандар) ғана көрсетіледі.
Қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтардың телефондарына абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына байланысты төленетін ақшалай өтемақы тұрғын үй жәрдемақысының құрамына кіреді. Абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына байланысты төленетін өтемақы көтерілген төлемақының айырмасын тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну шығын сомасына қосу арқылы жүргізіледі. <*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111; өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145, 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 және 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 334 шешімдерімен.
4. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
5. Тұрғын үй көмегін алу құқығы өтініш жасаған айдан бастап беріледі. Тұрғын үй көмегінің төлемі өткен ай үшін жүргізіледі.
6. Өтініш берушілерге тұрғын үй көмегінің көлемін есептеу және оны тағайындау, Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті бастығының бұйрығымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарында құрылатын, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі комиссиясымен (әрі қарай - Комиссия) жүргізіледі.<*>
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111 шешімімен.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау, есептеу, төлеу, оны уақытша тоқтату, толық тоқтату мәселелерін аталған Комиссия шешеді.
8. Тұрғын үй көмегін алушыларға төленетін сомалардың дұрыс тағайындалуы мен растығына Комиссия жауапкершілік көтереді.
9. Өтініш беруші мен көмек алушы Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне, жоғарғы орындарға және соттық тәртіпте Комиссияның іс-әрекеті мен шешіміне шағымдануына болады.<*>
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111 шешімімен.
10. Тұрғын үй көмегін төлеу Агенттік Келісім негізінде Алматы қаласының Халық банкі филиалдары, Қазпошта ААҚ "Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалының пошта байланыс бөлімшелері арқылы жүргізіледі.<*>
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 шешімімен.
11. Тұрғын үй көмегін төлеу Қазақстан Республикасының заңына және осы Тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
ІІ. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
12. Егер азамат ағымды айдың 25-ші жұлдызына дейін тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берсе, тұрғын үй көмегі өтініш тапсырылған айдың 1-ші күнінен бастап тағайындалады. Өтініш ағымды айдың 25-ші жұлдызынан кейін берілсе, тұрғын үй көмегі келесі айдың 1-ші күнінен бастап тағайындалады.<*>
Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлерінің өтініштері негізінде тұрғын үй көмегі тұрақты төленеді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111, 2006 жылғы 15 мамырдағы N 249 және 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 шешімдерімен.
13. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде атаулы болып беріледі. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер төлеміне нақты аударылған сомадан аспауы тиіс.
Абоненттік төлем тарифтері көтерілу бөлігінде тұрғын үй көмегінің мөлшері телефонның қымбаттаған абоненттік төлем айырмасынан аспауы тиіс.
Ескерту. 13-тармақ өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145 шешімімен.
14. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар отбасыларына, жәрдемақы тағайындалған айдан бастап ағымды төлемдерге жұмсалатын жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы жалпы негізде Тәртіптің 3-ші тармағына сәйкес тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін алғанға дейін пайда болған берешекті өтеу коммуналдық қызметтерді жабдықтаушылар бақылауға алады және өткен айларға тұрғын үй көмегін есептеуде есепке алынбайды.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145 шешімімен.
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үй иесінің (жaлдаушысының) өтініші мен оған қосымша берілген құжаттары:
тиісті уәкілетті органмен берілген (Ұлы Отан соғысына қатысушылардан, мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа, Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары)) отбасының құрамы туралы;
тұрғын үй алаңының көлемі, бөлме саны бар тұрғын үйге құқық беруші құжаттың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сауда-саттық келісім-шарттары және т.б.);
қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті екендігін растайтын құжат көшірмесі (келісім-шарт немесе телекоммуникация қызметтеріне төленген түбіртектер);
тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметін тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының жиынтық табысы туралы мәліметтер негізінде қабылданады.
Халықтың белгілі бір санат тұлғаларына (жұмыссыздар, толық емес отбасылары, мүгедектер және т.б.) қосымша ұсынатын құжаттар тізбесі Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментімен әзірленеді.<*>
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111; 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145 және 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 шешімдерімен.
16. Тұрғын үй көмегінің көлемі өтемдік төлемдермен қамсыздандырылатын нормалар шегінде тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынатындығы үшін иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен осы мақсаттар үшін сол отбасы шығындарының шекті рұқсат етілген деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасыларына (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары), Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға (ақталғандар) тұрғын үй көмегінің мөлшері, отбасының жиынтық табысы ескерілмей, тұрғын үй алаңының (18 шаршы метр) әлеуметтік нормасы, айына бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерін негізге алып, есептелінеді және 1990 теңгені құрайды.<*>
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111 және 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172, 2006 жылғы 15 мамырдағы N 249 және 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 шешімдерімен.
17. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу отбасының (Ұлы Отан соғысына қатысушылардан, мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа, Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары), Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға (ақталғандар) ортақ табысы туралы анықтама, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін және байланыс қызметтері үшін төленген түбіртектер ұсынылған соң әр үш айдан кейін жүргізіліп отырады.<*>
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111; 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145, 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 және 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 шешімдерімен.
18. Күтімге мұқтаж деп танылған І, ІІ-ші топ мүгедектерін, жасы сексеннен асқан тұлғаларды күтіп қарайтын немесе жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын азаматтарды қоспағанда жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын көмегі тағайындалмайды.
19. Өтемдік төлемдермен қамсыздандырылатын тұрғын алаңының нормалары Тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына орайлас. Тұрғын үй көмегін тағайындауда есепке алынатын тұрғын үйді күтіп ұстау шығындарының шекті көлемі Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен белгіленеді.
20. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері үшін отбасының шекті рұқсат етілген шығындар үлесінің, отбасы табыстарының және тұрғын үй-коммуналдық қызмет және байланыс қызметтері төлемдерінің (тарифтерінің) мөлшері өзгергенде Комиссия бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145 шешімімен.
21. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй меншігі нысанының, отбасы құрамының, оның мәртебесінің және ортақ табыстың кез-келген өзгерістері туралы аудандық басқармаға 10 күн ішінде хабар беруге міндетті.
22. Көмек алушының заңсыз тағайындалуы мен төленуіне, оның мөлшерінің дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырған қасақана жалған құжаттарды (мәліметтерді) ұсынған жағдайда Комиссия көмек алушының артық алған соманы өтеу және бір жыл бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айыру туралы шешімдер қабылдауға құқықты.
Көмек алушы тұрғын үй көмегінің артық алынған сомасын ерікті түрде қайтаруы тиіс, оны қайтарудан бас тартқан жағдайда соттық түрде қайтарады.
23. Өтініш берушінің ұсынған құжаттарының (мәліметтерінің) растығында күмән туған жағдайда, аудандық басқарма тиісті орындардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті ақпарат сұрауға құқығы бар.
24. Егер, азамат:
аудандық басқарма белгілеген мерзімде тиісті құжаттарды ұсынбаса;
уақытында қайта тіркеуден өтпесе;
алатын тұрғын үй көмегін нысаналы пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет және байланыс қызметтер төлемдерін уақытында жүргізбесе тұрғын үй көмегі уақытша тоқтатылады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145 шешімімен.
25. Тұрғын үй көмегінің төлемі:
көмек алушының тұрғын үй көмегін беру бағдарламасынан өз еркімен шығуы туралы аудандық басқарманың жазбаша хабарландыру берген;
тұрғын үй көмегін алу құқығынан айыратын мекен-жайының, отбасының құрамы немесе табысы өзгерген;
тұрғын үй көмегінің төлемін тоқтату рәсімінен кейін аудандық басқарма белгілеген мерзімде көмек алушының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайларда тоқтатылады.
ІІІ. Тұрғын үй көмегі берілген жағдайдағы
әлеуметтік нормалар мен нормативтер
26. Өтемдік төлемдермен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормалары Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен белгіленеді.
27. 1 адамға айына электроқуатты жіберу (тұтыну) нормасы 45 квт. сағат; электрoплиталармен жабдықталған үйде тұратындарға 70 квт. сағат.
28. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары қызметпен жабдықтаушылар үшін олардың төлемін (тарифін) бекіткенде Алматы қаласы бойынша монополиялық қызметтерді реттеу мәселесі жөніндегі уәкілетті органы қолданатын коммуналдық қызметтерді жіберу нормаларына орайлас.<*>
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111 шешімімен.
ІV. Тұрғын үй көмегін қаржылау
және төлеу
29. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қарастырылған тәртіпте, мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145 шешімімен.
30. Тұрғын үй көмегінің төлемі Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті мен "Қазақстанның Халық жинақ банкі" Ашық акционерлік қоғамы, "Қазпошта" ААҚ "Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың есептелген сомаларын дербес есеп шоттарына немесе көмекті үйден алушыларға сома төлемдерін аудару жолымен Халық банк филиалдары, Қазпошта ААҚ "Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалының пошталық байланыс бөлімшелері арқылы жүргізіледі.<*>
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111; жаңа редакцияда - 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 шешімдерімен.
31. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті ағымды айдың 25-ші жұлдызына дейін Алматы қалалық қаржы Департаментіне тұрғын үй көмегінің төлеміне қажетті ақшалай қаржыға тапсырыс ұсынады. Қалалық қаржы басқармасы тұрғын үй көмегі төлемін жүргізетін айдың 1-ші жұлдызынан кешіктірмей аталған қаражатты әрі қарай тұрғын үй көмегін алушылардың дербес шоттарына немесе көмекті үйден алушыларға сома төлемдерін аудару үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің бюджеттік шотына жолдайды.<*>
Ескерту. 31 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111; жаңа редакцияда - 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 шешімдерімен.
32. Халық банктің Алматы облыстық филиалы, "Қазпошта" ААҚ "Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалы мен Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті әр ай сайын тұрғын үй көмегінің төленген сомасына салыстырып тексеру актісін жасайды.<*>
Ескерту. 32 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111; 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 шешімдерімен.
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты кезектен тыс
ХХVII-сессиясының төрағасы
ІІ-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы
Алматы қаласындағы тұрғын
үй көмегінің көлемі және
көрсету тәртібі туралы Тәртіпке
қосымша N 1
___________________ аудандық еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау
орталығының бастығы
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
(өтiнiш берушiнiң аты-жөнi)
Мекен-жайы________________________
__________________________________
___________________________ ауданы
тел_____________ СТН______________
Жеке басы куәлiгiнiң N ___________
зейнетақылық куәлiк_______________
__________________________________
___________ Халық Банкiнiң филиалы
дербес шотының N№_________________
Өтiнiш
Сiздiң маған (менiң отбасыма) тұрғын үй көмегін көрсетуiңiздi сұраймын.
Отбасым ___адамнан тұрады.
Мынадай табысым бар:
1. зейнетақы (жәрдемақы)_____________________ теңге
2. арнайы мемлекеттiк жәрдемақы______________ теңге
3. арнайы қалалық жәрдемақы__________________ теңге
4. жалақы____________________________________ теңге
5. басқа табыс_______________________________ теңге
Өтiнiшке қосымша:_______________________________
_______________________________________ тапсырамын.
Жалған ақпарат пен күмәндi (жасанды) құжаттарды ұсынғаным үшiн жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
"____"____________ ________ жылы
(күні)
______________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)