II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртібін бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 15 мамырдағы III сайланған XXIII сессиясының N 249 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 19 маусымда N 704 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының құрамына:
      Қайрат Нематұлы Келімбетовті басқарма төрағасы;
      Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқановты басқарма төрағасының орынбасары;
      Әсет Өрентайұлы Исекешевті басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлауды;
      2) Асқар Болатұлы Сембинді "Қазақстанның Даму Банкі" (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі және президенті етіп сайлауды;
      3) Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты Даму Банкі президенті лауазымынан босатуды және оны Даму Банкі директорлар кеңесінің құрамынан шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N 432 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі