Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
6 бабына, 1999 жылғы 16 қарашадағы№N 477-1 "Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы"
заңына
және Алматы қаласы Әкімінің ұсынымына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
:
1. Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ІІІ-ші сессиясының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы "
Тұрғын
үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" және ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты VІІІ-ші сессиясының 2000 жылғы 28 желтоқсандағы "
ІІ-сайланған
Алматы қалалық Мәслихаты ІІІ-ші сессиясының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімдері күшін жоғалтқан деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Тәжиев Е.Б.), Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты кезектен тыс
ХХVII-сессиясының төрағасы
ІІ-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының кезектен тыс
ХХVІІ-сессиясының
2003 жылғы 16 қыркүйектегі
шешіміне қосымша
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің
көлемі және көрсету тәртібі туралы Ереже
І. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны болып саналады.
2. Тұрғын үй көмегі Алматы қаласында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларға) ақшалай төлем түрінде беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтер тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетінде жиынтық кірістің 25 пайыздық үлесінен асқан жағдайда ғана көрсетіледі.
4. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
5. Тұрғын үй көмегін алу құқығы өтініш жасаған айдан бастап беріледі. Тұрғын үй көмегінің төлемі өткен ай үшін жүргізіледі.
6. Өтініш берушілерге тұрғын үй көмегінің көлемін есептеу және оны тағайындау, Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті бастығының бұйрығымен аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталықтарында құрылатын, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі комиссиясымен (әрі қарай - Комиссия) жүргізіледі.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау, есептеу, төлеу, оны уақытша тоқтату, толық тоқтату мәселелерін аталған Комиссия шешеді.
8. Тұрғын үй көмегін алушыларға төленетін сомалардың дұрыс тағайындалуы мен растығына Комиссия жауапкершілік көтереді.
9. Өтініш беруші мен көмек алушы Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментіне, жоғарғы орындарға және соттық тәртіпте Комиссияның іс-әрекеті мен шешіміне шағымдануына болады.
10. Тұрғын үй көмегін төлеу Агенттік келісім негізінде Алматы қаласының Халық банкі филиалдары арқылы жүргізіледі.
11. Тұрғын үй көмегін төлеу Қазақстан Республикасының заңына және осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
ІІ. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
12. Егер азамат ағымды айдың 25-ші жұлдызына дейін тұрғылықты жері бойынша аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығына барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берсе, тұрғын үй көмегі өтініш тапсырылған айдың 1-ші күнінен бастап тағайындалады. Өтініш ағымды айдың 25-ші жұлдызынан кейін берілсе, тұрғын үй көмегі келесі айдың 1-ші күнінен бастап тағайындалады.
13. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде атаулы болып беріледі. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер төлеміне нақты аударылған сомадан аспауы тиіс.
14. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар отбасыларына, жәрдемақы тағайындалған айдан бастап ағымды төлемдерге жұмсалатын жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы жалпы негізде Ереженің 3-ші тармағына сәйкес тағайындалады.
Тұрғын үй жәрдемақысын алғанға дейін пайда болған берешекті өтеу коммуналдық қызметтерді жабдықтаушылар бақылауға алады және өткен айларға тұрғын үй жәрдемақысын есептеуде есепке алынбайды.
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үй иесінің (жaлдаушысының) өтініші мен оған қосымша берілген құжаттары:
aудандық көші-қон полициясы бөлімі берген отбасының құрамы туралы;
тұрғын үй алаңының көлемі, бөлме саны бар тұрғын үйге құқық беруші құжаттың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сауда-саттық келісім-шарттары және т.б.);
тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметін тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының жиынтық табысы туралы мәліметтер негізінде қабылданады.
Халықтың белгілі бір санат тұлғаларына (жұмыссыздар, толық емес отбасылары, мүгедектер және т.б.) қосымша ұсынатын құжаттар тізбесі Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментімен әзірленеді.
16. Тұрғын үй көмегінің көлемі өтемдік төлемдермен қамсыздандырылатын нормалар шегінде тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынатындығы үшін иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен осы мақсаттар үшін сол отбасы шығындарының шекті рұқсат етілген деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу отбасының ортақ табысы туралы анықтама, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төленген түбіртектер ұсынылған соң әр үш айдан кейін жүргізіліп отырады.
18. Күтімге мұқтаж деп танылған І, ІІ-ші топ мүгедектерін, жасы сексеннен асқан тұлғаларды күтіп қарайтын немесе жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын азаматтарды қоспағанда жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын көмегі тағайындалмайды.
19. Өтемдік төлемдермен қамсыздандырылатын тұрғын алаңының нормалары Тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына орайлас. Тұрғын үй көмегін тағайындауда есепке алынатын тұрғын үйді күтіп ұстау шығындарының шекті көлемі Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен белгіленеді.
20. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері үшін отбасының шекті рұқсат етілген шығындар үлесінің, отбасы табыстарының және тұрғын үй-коммуналдық қызмет төлемдерінің (тарифтерінің) мөлшері өзгергенде Комиссия бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
21. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй меншігі нысанының, отбасы құрамының, оның мәртебесінің және ортақ табыстың кез-келген өзгерістері туралы аудандық орталыққа 10 күн ішінде хабар беруге міндетті.
22. Көмек алушының заңсыз тағайындалуы мен төленуіне, оның мөлшерінің дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырған қасақана жалған құжаттарды (мәліметтерді) ұсынған жағдайда Комиссия көмек алушының артық алған соманы өтеу және бір жыл бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айыру туралы шешімдер қабылдауға құқықты.
Көмек алушы тұрғын үй көмегінің артық алынған сомасын ерікті түрде қайтаруы тиіс, оны қайтарудан бас тартқан жағдайда соттық түрде қайтарады.
23. Өтініш берушінің ұсынған құжаттарының (мәліметтерінің) растығында күмән туған жағдайда, аудандық орталық тиісті орындардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті ақпарат сұрауға құқығы бар.
24. Егер, азамат:
аудандық орталық белгілеген мерзімде тиісті құжаттарды ұсынбаса;
уақытында қайта тіркеуден өтпесе;
алатын тұрғын үй көмегін нысаналы пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдерін уақытында жүргізбесе тұрғын үй көмегі уақытша тоқтатылады.
25. Тұрғын үй көмегінің төлемі:
көмек алушының тұрғын үй көмегін беру бағдарламасынан өз еркімен шығуы туралы аудандық орталықтың жазбаша хабарландыру берген;
тұрғын үй көмегін алу құқығынан айыратын мекен-жайының, отбасының құрамы немесе табысы өзгерген;
тұрғын үй көмегінің төлемін тоқтату рәсімінен кейін аудандық орталық белгілеген мерзімде көмек алушының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайларда тоқтатылады.
ІІІ. Тұрғын үй көмегі берілген жағдайдағы
әлеуметтік нормалар мен нормативтер
26. Өтемдік төлемдермен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормалары Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен белгіленеді.
27. 1 адамға айына электроқуатты жіберу (тұтыну) нормасы 45 квт. сағат; электрoплиталармен жабдықталған үйде тұратындарға 70 квт. сағат.
28. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары қызметпен жабдықтаушылар үшін олардың төлемін (тарифін) бекіткенде Қазақстан Республикасының табиғи монополияларын реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігінің Алматы қалалық Департаменті қолданатын коммуналдық қызметтерді жіберу нормаларына орайлас.
ІV. Тұрғын үй көмегін қаржылау және төлеу
29. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржылау Алматы қаласы бюджетінің есебінен жүргізіледі.
30. Тұрғын үй көмегінің төлемі Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті мен "Қазақстанның Халық жинақ банкі" Ашық акционерлік қоғамы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес есеп шоттарына есептелген сомаларын аудару жолымен Халық банк филиалдары арқылы жүргізіледі.
31. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті берілетін көмек сомасын көрсетіп қала бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың жинақтық ведомость-тізімін құрайды және бюджеттен тұрғын үй көмегін өтеу үшін әр ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 3-ші жұлдызына дейін қалалық қаржы басқармасына есеп ұсынады.
қалалық қаржы басқармасы тұрғын үй көмегі төлемін жүргізетін айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірмей аталған қаражатты әрі қарай тұрғын үй көмегін алушылардың дербес шоттарына аудару үшін Департаменттің бюджеттік шотына жолдайды.
32. Халық банктің Алматы облыстық филиалы мен Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті әр ай сайын тұрғын үй көмегінің төленген сомасына салыстырып тексеру актісін жасайды.
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты кезектен тыс
ХХVII-сессиясының төрағасы
ІІ-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы
Алматы қаласындағы тұрғын
үй көмегінің көлемі және
көрсету тәртібі туралы Ережеге
қосымша N 1
___________________ аудандық еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау
орталығының бастығы
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
(өтiнiш берушiнiң аты-жөнi)
Мекен-жайы________________________
__________________________________
___________________________ ауданы
тел_____________ СТН______________
Жеке басы куәлiгiнiң N ___________
зейнетақылық куәлiк_______________
__________________________________
___________ Халық Банкiнiң филиалы
дербес шотының N№_________________
Өтiнiш
Сiздiң маған (менiң отбасыма) тұрғын үй көмегін
көрсетуiңiздi сұраймын.
Отбасым ___адамнан тұрады.
Мынадай табысым бар:
1. зейнетақы (жәрдемақы)_____________________ теңге
2. арнайы мемлекеттiк жәрдемақы______________ теңге
3. арнайы қалалық жәрдемақы__________________ теңге
4. жалақы____________________________________ теңге
5. басқа табыс_______________________________ теңге
Өтiнiшке қосымша:_______________________________
_______________________________________ тапсырамын.
Жалған ақпарат пен күмәндi (жасанды) құжаттарды
ұсынғаным үшiн жауапқа тартылатыным туралы ескерту
жасалды.
"____"____________ ________ жылы
(дата)
______________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)