"Инвестициялар туралы" Қазакстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстанның»"Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" инвестициялық жобасы бойынша»"Электр желілерін баскару жөніндегі Қазақстан компаниясы"«"КЕСОG" (Kаzаkhstan Еlеktriсіtу Grid Ореrаting§Соmраnу) акционерлік коғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 (жеті) жыл;
2) мүлік салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі