“Алматы қаласында тұрғын үй жәрдемiн көрсету көлемi мен тәртiбi туралы” 2003 жылғы 16 қыркүйектегi II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХVII-сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының VIII сессиясының 2004 жылғы 29 шілдедегі N 69 шешімі. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 05 тамызда N 612 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:

"40-1  Жеке функциялары бар, осы топтың басқа
       жерінде аталмаған немесе енгізілмеген
       машиналар және механикалық құрылғылар:
       өзге де машиналар мен механикалық тетіктер:
       өзгелері                                     8479 89 980 0".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі