Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 477 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2689

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2003 жылғы 26 желтоқсандағы   
№ 477 қаулысымен        
бекітілген           

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер және анықтамалар

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.      

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарында, кассалық операцияларды жасауға лицензия алған екінші деңгейдегі банктерде және заңды тұлғаларда (бұдан әрі – уәкілетті банктер және заңды тұлғалар) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен бағалы металдардан дайындалған монеталардан басқа монеталарының төлемділігін айқындау бойынша операцияларды және шынайылығы мен төлемділігі анықталғаннан кейін, олармен жекелеген операцияларды жасау тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Банкноттар мен монеталардың төлемділігі дегеніміз Қазақстан Республикасының аумағында олардың заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілетінің болуы, сондай-ақ банкноттар мен монеталарда жалған банкноттар мен монеталар белгілерінің, банкноттардың номиналын өзгертіп қайта жасау белгілерінің болмауы болып табылады.
      4. Ақша айналысынан алынған банкноттар мен монеталар, сондай-ақ тесілген банкноттар мен қатпарланған монеталар заңды төлем құралы ретінде күшін жойған банкноттар мен монеталар болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Дайындау кезінде техникалық талаптардан көзге түсерліктей ауытқу (форматтың сәйкес келмеуі, жыртықтар, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетулер болуы, бояулардың араласып кетуі, бедердің араласып кетуі және/немесе көмескіленіп көрінуі және басқасы) жіберілген банкноттар мен монеталар жарамсыз болып қалған банкноттар мен монеталар болып табылады.
      6. Мынадай ақаулары бар:
      1) ластанған, бөтен жазулары, оның ішінде ультракүлгін жарық түсірген кезде көрінетін сиямен жазылғандар, дақтары, мөртабан таңбалары бар, бояғыш заттар төгілген, ішінара бастапқы бояуын өзгерткен;
      2) жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері еш даусыз бір банкноттікі болып табылатын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің бірігіп 50% (елу пайызынан) астам көлемін құрайтын банкноттар;
      2-1) Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің көлемінен бұрышынан немесе шетінен 1% (бір пайызынан) астам жойылған банкноттар;
      2-2) ұзынынан 10 (он) миллиметрден астам жыртығы бар банкноттар;
      2-3) банкноттың өтелгендік белгісін көрсететін тесудің болу жағдайларын қоспағанда, диаметрі 3 (үш) және одан астам миллиметр ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар банкноттар;
      3) ескірген, мыжымдалған, от шалған және күйген;
      4) қорғау жібі тозған банкноттар тозығы жеткен банкноттар болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 62 Қаулысымен.
      7. Ақаулы (зақымдалған) монеталарға мынадай зақымдары бар: 
      1) жаншылған, тесігі бар, майысқан, кетік, сынған (механикалық өңдеуге (қатпарлауға) ұшыраған монеталарды қоспағанда);
      2) қышқылға күйдіріліп, металл қосылған;
      3) жоғары температураның әсерінен зақымдалған;
      4) бастапқы түсін өзгерткен, бірақ олардың аверс (үстіңгі беті) және реверс (астыңғы беті) бойынша номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша және сандық) сақтаған монеталар жатады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Төлемділігін және шынайылығын анықтау үшін сараптама жүргізуді қажет ететін зақымдалған банкноттар мен монеталар күмәнді банкноттар мен монеталар болып табылады.
      9. Төлем банкноттары мен монеталарына жатқызуға болмайтын және Қағидалардың 6, 7, 13, 14-тармақтарында көрсетілмеген зақымдары (белгілері) бар банкноттар мен монеталар, заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқан банкноттар мен монеталар, «ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар болып табылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Қайта жасалған банкноттар және жалған банкноттар мен монеталар қолдан жасалған банкноттар мен монеталар болып табылады.
      11. Өзгерістер енгізілген банкноттың сыртқы түрін басқа номиналдағы түпнұсқа банкноттың түріне ұқсас ететіндей қылып, банкноттың номиналын өзгертетін сурет жапсырылған, үстіне сурет салынған немесе мәтін не сандар басылған түпнұсқа банкноттар қайта жасалған банкноттар болып табылады және мұндай қайта жасалған банкнот қайта жасалғанға дейінгі банкнотта көрсетілген номиналдан басқаша өзге бір номинал бойынша түпнұсқа банкнот болып қателесіп қабылдануы мүмкін.
      Бір фрагменті жалған болып табылатын бірнеше фрагменттен тұратын банкноттар да қайта жасалған банкноттарға жатқызылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Шынайы болып табылмайтын, бірақ сыртқы түрі қалай да шынайы болып көрінетін банкноттар мен монеталар жалған банкноттар мен монеталар болып табылады.
      13. Төлем банкноттарына заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтпаған, шынайылығына күмән тудырмайтын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 70 %-ін (жетпіс процентін), олардың номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша және сандық) сақтаған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың шынайылығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған банкноттар жатады.
      14. Төлем монеталарына заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтпаған, шынайылығына және тұтастығына күмән тудырмайтын және зақымдалған сипатына қарамастан, өздерінің толық көлемін және номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша және сандық) сақтаған, оның ішінде ақауы бар (зақымдалған) монеталар жатады.
      15. Айналыстан шығарылған, механикалық өңдеуден өткізілген (тесілген), банкноттардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын куәландыратын тиісті белгілері (саңлаулары) бар банкноттар өтелген банкноттар болып табылады.
      Ұлттық Банк өтелу белгілерінің сипаттамасын уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға жеке жібереді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15-1. Айналыстан алынған, механикалық өңдеуге (қатпарлауға) ұшыраған, монеталардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын куәландыратын тиісті механикалық өңдеу (қатпарлау) белгілері бар монеталар қатпарлы монеталар болып табылады. Ұлттық Банк қатпарлау белгілерінің сипаттамасын уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға бөлек жібереді.
      Ескерту. 1-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Ұлттық Банктің мамандандырылған бөлімшелері (ұйымдары) техникалық талаптарды сақтай отырып дайындаған Ұлттық Банк белгілеген тиісті параметрлері (графикалық суреттер, жиектерінің көлемі, түсі, сутамғы белгілері, серия нөмірлері) бар банкноттар мен монеталар шынайы банкноттар мен монеталар болып табылады.
      17. Төлем банкноттары мен монеталары тозу деңгейі жағынан айналысқа жарамды, тозығы жеткен, ақаулы (зақымдалған) болып бөлінеді. Айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар өз кезегінде эмиссиялық бумадағы банкноттар мен монеталар және айналыста болған банкноттар мен монеталар болып бөлінеді.
      18. Қазақстан Республикасының аумағындағы банкноттар мен монеталар (тозығы жеткен банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталардан басқасы) барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылдануы тиіс.
      19. Уәкілетті банктер және заңды тұлғалар ұсынылған сомаға қарамастан, тозығы жеткен төлем банкноттары мен төлемге жарамды ақаулы (бүлінген) монеталарды барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылдайды.
      20. Төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қабылданбайды.
      21. Қолдан жасалған және қайта жасалған банкноттар мен монеталар аумақтық құқық қорғау органдарына берілуі тиіс.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  2-тарау. Банкноттар мен монеталардың төлемділігін
айқындау бойынша операцияларды және төлемділігі мен
шынайылығы анықталғаннан кейін олармен жекелеген
операцияларды жүзеге асыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      22. Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 50 %-ін (елу процентін) сақтаған, зақымдалған, банкноттардың шынайылығын анықтауды қиындататын күмәнді банкноттарды уәкілетті банктер мен заңды тұлғалар қабылдайды және олардың шынайылығын анықтау үшін сараптамаға жібереді.
      Сараптама шынайы деп таныған банкноттар айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23. Күмәнді монеталарды уәкілетті банктер мен заңды тұлғалар қабылдайды және олардың шынайылығын анықтау үшін сараптамаға жібереді.
      Сараптама шынайы деп таныған монеталар айналысқа жарамды монеталарға айырбасталуы тиіс.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға келіп түскен тозығы жеткен, ақаулы (бүлінген) төлем банкноттары мен монеталары іріктеледі, айналысқа шығарылмайды және Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      25. Уәкілетті банктер мен заңды тұлғалар Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген банкноттар мен монеталарды сөзге келместен, айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастайды және айырбастағаны үшін қосымша ақы алынбайды.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      26. Қағидалардың 2223-тармақтарында көрсетілген күмәнді банкноттар мен монеталар олардың шынайылығы және оларды айырбастау мүмкіндігі жөніндегі мәселені шешу үшін міндетті түрде Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға жіберіледі.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      27. Уәкілетті банктер мен заңды тұлғалардың касса қызметкерлері зақым келген банкноттардың аман қалған көлемін анықтаған кезде арнайы торлар пайдаланылады (Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалар).
      Зақымдалған банкнот оның серия нөмірлері тұрған беті көрінетіндей және тордың шеттеріне дәл келетіндей етіп тиісті номиналға арналған торға орналастырылады. Егер банкноттың бұрыштарының ешқайсысы толық сақталмаса, онда банкноттың ең аз зақымдалған екі шеті тордың төменгі және оң жақ шетімен беттестіріледі, және де оның бағытына мән берілмейді. Зақымдалған банкноттың контуры айналдыра жиектеліп сызылады. Контурдың сызығы өткен торкөздер саны жинақталып қосылады да, екіге бөлінеді. Шыққан санға банкнотты жайып салған кезде жабылған торкөз саны қосылады. Шыққан нәтижеден бөлшек бөлігі алынып тасталады. Алынған нәтиже 140 торкөз немесе одан артық болған жағдайда, банкнот айырбасталуға жатқызылады деп есептелуі тиіс.
      Тормен жұмыс істеген кезде банкноттардың көлеміндегі Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлеміндегі рұқсат етілген ауытқу шегіндегі ауытқуларды ескермеу керек. Ұлттық Банк рұқсат етілген ауытқулар шегін уәкілетті банктердің және заңды тұлғалардың назарына жеке жеткізеді. Көлемдегі рұқсат етілген ауытқудың нәтижесінде банкнотпен толық жабылмаған торкөздер тұтас толтырылды деп есептеледі.
      Толтырылған торлар уәкілетті банктің және заңды тұлғаның кассасының жеке іс папкасында сақталады және Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша беріледі. Торға оны толтырған касса қызметкері қол қояды және уәкілетті банктің/заңды тұлғаның касса меңгерушісі растайды.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23, 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      28. Бірнеше фрагменттен тұратын банкнотты (оның ішінде әртүрлі номиналдыларын) зерттегенде, егер аталған фрагменттерді Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50 %-дан (елу пайыздан) астамы сақтаған болса немесе бұл еш даусыз бір банкнотқа жататын бірнеше фрагмент болып, олардың жиынтық шамасы Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50%-дан (елу пайыздан) астамын құраса, оларды (егер олар шынайы болса) айналысқа жарамдыларымен алмастыру керек екенін ескеру қажет. Мұндайда банкноттың қанша бөлікке айрылып жыртылғанына (кесілгеніне) мән берілмейді. Фрагменттерді талдаған кезде, жыртылған (кесілген) сызығы, сутамғы белгілері, графикалық суреттері, жиектерінің көлемі, серия нөмірлері назарға алынады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. Егер банкнот әртүрлі банкноттардың (оның ішінде әртүрлі номиналдағыларының) екі фрагментінен құралса және фрагменттердің әрқайсысының шамасы Банк белгілеген банкнот көлемінің 50 %-дан (елу пайыздан) астамын құраса, онда бұл фрагменттердің әрқайсысы жеке банкнот болып қарастырылады және ол шынайы болып табылған жағдайда, айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
1-қосымша          

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
номиналы 1, 3 және 5 теңге
банкноттарының төлемділігін анықтауға
арналған тор

Көлемі 124 х 62 мм

__________________________________________________________________

          200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді
      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________
      Банкноттың деректемелері:
      шығарылған жылы ________________
      номиналы __________,
      сериясы ____ нөмірі N __________
      Банкноттың көлемі: _____________%

      Төлемділігін анықтауды тексерген:
      _________________________ ___________
      (фамилиясы, инициалдары)     (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________ ___________
                         (фамилиясы, инициалдары)   (қолы)

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
2-қосымша          

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қоса алғанда
2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 10, 20, 50,
100, 200, 500, 1000 және 2000 теңге банкноттарының
төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Көлемі 144 х 69 мм

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

           200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді
      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________
      Банкноттың деректемелері:
      шығарылған жылы ________________
      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі N __________
      Банкноттың көлемі: _____________ %

      Төлемділігін анықтауды тексерген:
      _________________________ ___________
       (фамилиясы, инициалдары)    (қолы)
      Касса меңгерушісі _________________________ ___________
                         (фамилиясы, инициалдары)   (қолы)

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
3-қосымша          

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қоса алғанда
2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 5000 және 10000 теңге
банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Көлемі 149 х 74 мм

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

          200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді
      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________
      Банкноттың деректемелері:
      шығарылған жылы ________________
      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі N __________
      Банкноттың көлемі: _____________ %

      Төлемділігін анықтауды тексерген:
      _________________________ ___________
       (фамилиясы, инициалдары)   (қолы)
      Касса меңгерушісі _________________________ ___________
                        (фамилиясы, инициалдары)    (қолы)

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
4-қосымша          

       Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы
200 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға
арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Өлшемі 126 х 64 миллиметр

   200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ______________________
Банкнотаның деректемелері:
шығарылған жылы _______________________________
номиналы ___________, сериясы ____, N _________
Банкнота алаңы: ___________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)   

Касса меңгерушісі_______________________   ___________
                      (аты-жөні)             (қолы)     

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
5-қосымша          

       Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы
500 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға
арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Өлшемі 130 х 67 миллиметр

   200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы)  

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
6-қосымша          

       Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы
1000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға
арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Өлшемі 134 х 70 миллиметр

   200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы) 

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
7-қосымша          

       Ескерту: 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы
2000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға
арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Өлшемі 139 х 73 миллиметр

   200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы) 

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
8-қосымша          

       Ескерту: 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы
5000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға
арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Өлшемі 144 х 76 миллиметр

   200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы) 

Қазақстан Республикасы   
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына   
9-қосымша          

       Ескерту: 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 23 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы
10000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға
арналған тор

      Ескерту. Кестенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Өлшемі 149 х 79 миллиметр