Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 477 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2689

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
"Қазақстан Республикасы      
ұлттық валютасының банкноттары  
мен монеталарының төлемділігін  
анықтау ережесін бекіту туралы" 
2003 жылғы 26 желтоқсандағы   
N 477 қаулысымен бекітілген   

  Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер және анықтамалар

      1. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

      2. Ереже Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен қымбат металдардан дайындалған монеталардан басқа монеталарының төлемділігін анықтау бойынша операцияларды және шынайылығы мен төлемділігі анықталғаннан кейін, белгіленген тәртіппен касса операцияларын жасауға лицензия алған Ұлттық Банктің филиалдарында, екінші деңгейдегі банктерде және заңды тұлғаларда (бұдан әрі - уәкілетті банктер және заңды тұлғалар) олармен жекелеген операцияларды жасау тәртібін белгілейді.

      3. Банкноттар мен монеталардың төлемділігі дегеніміз Қазақстан Республикасының аумағында олардың заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілетінің болуы, сондай-ақ банкноттар мен монеталарда жалған банкноттар мен монеталар белгілерінің, банкноттардың номиналын өзгертіп қайта жасау белгілерінің болмауы болып табылады.

      4. Белгіленген тәртіппен ақша айналысынан шығарылған банкноттар мен монеталар, сондай-ақ өтелген банкноттар заңды төлем құралы ретінде күшін жойған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      5. Дайындау кезінде техникалық талаптардан көзге түсерліктей ауытқу (форматтың сәйкес келмеуі, жыртықтар, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетулер болуы, бояулардың араласып кетуі, бедердің араласып кетуі және/немесе көмескіленіп көрінуі және басқасы) жіберілген банкноттар мен монеталар жарамсыз болып қалған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      6. Мынадай ақаулары бар:
      1) ластанған, бөтен жазулары, дақтары, мөртабан таңбалары бар, бояғыш заттар төгілген, ішінара бастапқы бояуын өзгерткен;
      2) жыртылып қалған және кейбір бөліктері еш даусыз бір-ақ банкноттікі болып желімденген банкноттар, бұрыштары, шеттері жоқ, жыртылып кеткен, кішігірім ойықтары, тесіктері бар (егер бұл олардың өтелгендік белгісін көрсетпесе);
      3) ескірген, мыжымдалған, от шалған және күйген;
      4) қорғау жібі тозған банкноттар тозығы жеткен банкноттар болып табылады.

      7. Ақаулы (зақымдалған) монеталарға мынадай зақымдары бар: 
      1) қабысқан, тесілген, майысқан, кетік, сынған;
      2) қышқылға күйдіріліп, металл қосылған;
      3) жоғары температураның әсерінен зақымдалған;
      4) бастапқы түсін өзгерткен, бірақ олардың аверс (үстіңгі беті) және реверс (астыңғы беті) бойынша номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша және сандық) сақтаған монеталар жатады.

      8. Төлемділігін және шынайылығын анықтау үшін сараптама жүргізуді қажет ететін зақымдалған банкноттар мен монеталар күмәнді банкноттар мен монеталар болып табылады.

      9. Төлем банкноттары мен монеталарына жатқызуға болмайтын және Ереженің 6, 7, 13, 14-тармақтарында көрсетілмеген зақымдары (белгілері) бар банкноттар мен монеталар, заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқан банкноттар мен монеталар, "ҮЛГІ" деген жазуы бар банкноттар төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар болып табылады.

      10. Қайта жасалған банкноттар және жалған банкноттар мен монеталар қолдан жасалған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      11. Банкноттың номиналын өзгерістер енгізілген банкноттың сыртқы түрі басқа номиналдағы шынайы банкноттың түріне ұқсас етіп өзгертетіндей сурет жапсырылған, үстіне сурет салынған немесе мәтін не сандар басылған, шынайы банкноттар қайта жасалған банкноттар болып табылады, сөйтіп, мұндай қайта жасалған банкнот қайта жасалғанға дейін банкнотта көрсетілген номиналдан басқаша өзге бір номинал бойынша шынайы банкнот болып қателесіп қабылдануы мүмкін.

      12. Шынайы болып табылмайтын, бірақ сыртқы түрі қалай да шынайы болып көрінетін банкноттар мен монеталар жалған банкноттар мен монеталар болып табылады.

      13. Төлем банкноттарына заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтпаған, шынайылығына күмән тудырмайтын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 70 %-ін (жетпіс процентін), олардың номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша және сандық) сақтаған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың шынайылығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған банкноттар жатады.

      14. Төлем монеталарына заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтпаған, шынайылығына және тұтастығына күмән тудырмайтын және зақымдалған сипатына қарамастан, өздерінің толық көлемін және номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша және сандық) сақтаған, оның ішінде ақауы бар (зақымдалған) монеталар жатады.

      15. Белгіленген тәртіппен айналыстан шығарылған, механикалық өңдеуден өткізілген (тесілген), банкноттардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын куәландыратын тиісті белгілері (саңлаулары) бар банкноттар өтелген банкноттар болып табылады.
Ұлттық Банк өтелу белгілерінің сипаттамасын уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға жеке жібереді.

      16. Ұлттық Банктің мамандандырылған бөлімшелері (ұйымдары) техникалық талаптарды сақтай отырып дайындаған Ұлттық Банк белгілеген тиісті параметрлері (графикалық суреттер, жиектерінің көлемі, түсі, сутамғы белгілері, серия нөмірлері) бар банкноттар мен монеталар шынайы банкноттар мен монеталар болып табылады. 

      17. Төлем банкноттары мен монеталары тозу деңгейі жағынан айналысқа жарамды, тозығы жеткен, ақаулы (зақымдалған) болып бөлінеді. Айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар өз кезегінде эмиссиялық бумадағы банкноттар мен монеталар және айналыста болған банкноттар мен монеталар болып бөлінеді.

      18. Қазақстан Республикасының аумағындағы банкноттар мен монеталар (тозығы жеткен банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталардан басқасы) барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылдануы тиіс.

      19. Уәкілетті банктер және заңды тұлғалар ұсынылған сомаға қарамастан, тозығы жеткен төлем банкноттары мен төлемге жарамды ақаулы (бүлінген) монеталарды барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылдайды.

      20. Төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қабылданбайды.

      21. Қолдан жасалған банкноттар мен монеталар белгіленген тәртіппен аумақтық құқық қорғау органдарына берілуі тиіс.

  2-тарау. Банкноттар мен монеталардың төлемділігін
анықтау бойынша операциялар және төлемділігі мен
шынайылығы анықталғаннан кейін олармен жекелеген
операциялар жасауды жүзеге асыру тәртібі

      22. Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 50 %-ін (елу процентін) сақтаған, зақымдалған, банкноттардың шынайылығын анықтауды қиындататын күмәнді банкноттарды уәкілетті банктер мен заңды тұлғалар қабылдайды және олардың шынайылығын анықтау үшін сараптамаға жібереді.
      Сараптама шынайы деп таныған банкноттар белгіленген тәртіппен айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.

      23. Күмәнді монеталарды уәкілетті банктер мен заңды тұлғалар қабылдайды және олардың шынайылығын анықтау үшін сараптамаға жібереді.
      Сараптама шынайы деп таныған монеталар белгіленген тәртіппен айналысқа жарамды монеталарға айырбасталуы тиіс.

      24. Уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға келіп түскен тозығы жеткен, ақаулы (бүлінген) төлем банкноттары мен монеталары іріктеледі, айналысқа шығарылмайды және белгіленген тәртіппен Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.

      25. Уәкілетті банктер мен заңды тұлғалар Ереженің 24-тармағында көрсетілген банкноттар мен монеталарды сөзге келместен, белгіленген тәртіппен айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастайды және айырбастағаны үшін қосымша ақы өндіріп алмайды.

      26. Ереженің 22, 23-тармақтарында көрсетілген күмәнді банкноттар мен монеталар олардың шынайылығы және оларды айырбастау мүмкіндігі жөніндегі мәселені шешу үшін міндетті түрде Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға жіберіледі.

      27. Уәкілетті банктер мен заңды тұлғалардың касса қызметкерлері зақым келген банкноттардың аман қалған көлемін анықтаған кезде арнайы торлар пайдаланылады (Ережеге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалар).
      Зақымдалған банкнот оның серия нөмірлері тұрған беті көрінетіндей және тордың шеттеріне дәл келетіндей етіп тиісті номиналға арналған торға орналастырылады. Егер банкноттың бұрыштарының ешқайсысы толық сақталмаса, онда банкноттың ең аз зақымдалған екі шеті тордың төменгі және оң жақ шетімен беттестіріледі, және де оның бағытына мән берілмейді. Зақымдалған банкноттың контуры айналдыра жиектеліп сызылады. Контурдың сызығы өткен торкөздер саны жинақталып қосылады да, екіге бөлінеді. Шыққан санға банкнотты жайып салған кезде жабылған торкөз саны қосылады. Шыққан нәтижеден бөлшек бөлігі алынып тасталады. Алынған нәтиже 140 торкөз немесе одан артық болған жағдайда, банкнот айырбасталуға жатқызылады деп есептелуі тиіс.
      Тормен жұмыс істеген кезде банкноттардың көлеміндегі Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлеміндегі рұқсат етілген ауытқу шегіндегі ауытқуларды ескермеу керек. Ұлттық Банк рұқсат етілген ауытқулар шегін уәкілетті банктердің және заңды тұлғалардың назарына жеке жеткізеді. Көлемдегі рұқсат етілген ауытқудың нәтижесінде банкнотпен толық жабылмаған торкөздер тұтас толтырылды деп есептеледі.
      Толтырылған торлар уәкілетті банктің және заңды тұлғаның кассасының жеке іс папкасында сақталады және Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша беріледі. Торға оны толтырған касса қызметкері қол қояды және уәкілетті банктің/заңды тұлғаның касса меңгерушісі растайды.
       Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 23  қаулысымен .

      28. Бірнеше фрагменттен тұратын банкнотты (оның ішінде әртүрлі номиналдыларын) зерттегенде, егер аталған фрагменттерді Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50%-тен (елу проценттен) астамы сақтаған болса немесе бұл еш даусыз бір банкнотқа жататын бірнеше фрагмент болып, олардың жиынтық шамасы Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50%-тен (елу проценттен) астамын құраса, оларды (егер олар шынайы болса) белгіленген тәртіппен айналысқа жарамдыларымен алмастыру керек екенін ескеру қажет. Мұндайда банкноттың қанша бөлікке айрылып жыртылғанына (кесілгеніне) мән берілмейді. Фрагменттерді талдаған кезде, жыртылған (кесілген) сызығы, сутамғы белгілері, графикалық суреттері, жиектерінің көлемі, серия нөмірлері назарға алынады.

      29. Егер банкнот әртүрлі банкноттардың (оның ішінде әртүрлі номиналдағыларының) екі фрагментінен құралса және фрагменттердің әрқайсысының шамасы Банк белгілеген банкнот көлемінің 50%-тен (елу проценттен) астамын құраса, онда бұл фрагменттердің әрқайсысы жеке банкнот болып қарастырылады және ол шынайы болып табылған жағдайда, белгіленген тәртіппен айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.

                           Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының
                          банкноттары мен монеталарының төлемділігін
                                       анықтау ережесіне 
                                           1-қосымша 

               Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
                     номиналы 1, 3 және 5 теңге
               банкноттарының төлемділігін анықтауға
                            арналған тор

                        Көлемі 124 х 62 мм

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

          200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді
      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________
      Банкноттың деректемелері:
      шығарылған жылы ________________
      номиналы __________,
      сериясы ____ нөмірі N __________
      Банкноттың көлемі: _____________%

      Төлемділігін анықтауды тексерген:
      _________________________ ___________
      (фамилиясы, инициалдары)     (қолы)

      Касса меңгерушісі _________________________ ___________
                         (фамилиясы, инициалдары)   (қолы)

                           Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының
                          банкноттары мен монеталарының төлемділігін
                                       анықтау ережесіне 
                                           2-қосымша  

               Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
      номиналы 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000 және 2000 теңге
         банкноттарының төлемділігін анықтауға арналған тор

                         Көлемі 144 х 69 мм.

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

           200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді
      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________
      Банкноттың деректемелері:
      шығарылған жылы ________________
      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі N __________
      Банкноттың көлемі: _____________ %

      Төлемділігін анықтауды тексерген:
      _________________________ ___________
       (фамилиясы, инициалдары)    (қолы)
      Касса меңгерушісі _________________________ ___________
                         (фамилиясы, инициалдары)   (қолы)

                           Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының
                          банкноттары мен монеталарының төлемділігін
                                       анықтау ережесіне 
                                           3-қосымша 

               Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
                   номиналы 5000 және 10000 теңге
        банкноттарының төлемділігін анықтауға арналған тор

                         Көлемі 149 х 74 мм.

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

          200 торкөз банкноттың 100% шамасына сәйкес келеді
      Банкноттың келіп түскен күні: ______________________
      Банкноттың деректемелері:
      шығарылған жылы ________________
      номиналы __________, сериясы ____, нөмірі N __________
      Банкноттың көлемі: _____________ %

      Төлемділігін анықтауды тексерген:
      _________________________ ___________
       (фамилиясы, инициалдары)   (қолы)
      Касса меңгерушісі _________________________ ___________
                        (фамилиясы, инициалдары)    (қолы)

                                          Қазақстан Республикасы 
                                      ұлттық валютасының банкноттары
                                      мен монеталарының төлемділігін
                                            анықтау ережесіне
                                                4-қосымша

       Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 23  қаулысымен .

              Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
              2006 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңге
          банкнотасының төлемділігін анықтауға арналған тор

                      Өлшемі 126 х 64 миллиметр

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ______________________
Банкнотаның деректемелері:
шығарылған жылы _______________________________
номиналы ___________, сериясы ____, N _________
Банкнота алаңы: ___________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)   

Касса меңгерушісі_______________________   ___________
                      (аты-жөні)             (қолы)     

                                         Қазақстан Республикасы 
                                      ұлттық валютасының банкноттары
                                      мен монеталарының төлемділігін
                                            анықтау ережесіне
                                                5-қосымша

       Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 23  қаулысымен .

           Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
   2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңге банкнотасының
             төлемділігін анықтауға арналған тор

             Өлшемі 130 х 67 миллиметр

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы)  

                                         Қазақстан Республикасы 
                                      ұлттық валютасының банкноттары
                                      мен монеталарының төлемділігін
                                            анықтау ережесіне
                                                6-қосымша

       Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 23  қаулысымен .

            Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
     2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңге банкнотасының
               төлемділігін анықтауға арналған тор

                  Өлшемі 134 х 70 миллиметр

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

200 тор банкнота шамасының 100 %-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы) 

                                         Қазақстан Республикасы 
                                      ұлттық валютасының банкноттары
                                      мен монеталарының төлемділігін
                                            анықтау ережесіне
                                                7-қосымша

       Ескерту: 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 23  қаулысымен .

             Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
             2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңге
        банкнотасының төлемділігін анықтауға арналған тор

                   Өлшемі 139 х 73 миллиметр

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы) 

                                         Қазақстан Республикасы 
                                      ұлттық валютасының банкноттары
                                      мен монеталарының төлемділігін
                                            анықтау ережесіне
                                                8-қосымша

       Ескерту: 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 23  қаулысымен .

             Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
             2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңге
        банкнотасының төлемділігін анықтауға арналған тор

            Өлшемі 144 х 76 миллиметр

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы) 

                                         Қазақстан Республикасы 
                                      ұлттық валютасының банкноттары
                                      мен монеталарының төлемділігін
                                            анықтау ережесіне
                                                9-қосымша

       Ескерту: 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы  N 23  қаулысымен .

             Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
            2006 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңге
        банкнотасының төлемділігін анықтауға арналған тор

             Өлшемі 149 х 79 миллиметр

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

200 тор банкнота шамасының 100%-ына сәйкес келеді

Банкнотаның түскен күні: ___________________________
Банкнотаның деректемелері:  
шығарылған жылы ____________________________________
номиналы __________, сериясы ____, N _______________
Банкнота алаңы: ________________________%-ын құрайды

Төлемділігін анықтауды тексерді:
_________________________       ___________
     (аты-жөні)                  (қолы)        

Касса меңгерушісі ________________       ___________
                     (аты-жөні)            (қолы)