Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6348 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, 2004 жылғы 10 ақпандағы № 30 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесінде:

      6-тармақта:

      1) тармақша "бөтен жазулары," деген сөздерден кейін "оның ішінде ультракүлгін жарық түсірген кезде көрінетін сиямен жазылғандар," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері еш даусыз бір банкноттікі болып табылатын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің бірігіп 50% (елу пайызынан) астам көлемін құрайтын банкноттар;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) - 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің көлемінен бұрышынан немесе шетінен 1% (бір пайызынан) астам жойылған банкноттар;

      2-2) ұзынынан 10 (он) миллиметрден астам жыртығы бар банкноттар;

      2-3) банкноттың өтелгендік белгісін көрсететін тесудің болу жағдайларын қоспағанда, диаметрі 3 (үш) және одан астам миллиметр ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар банкноттар;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):

      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.

      4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко