Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Рсепубликасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2685. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында кассалық операциялар жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелеріндегі эмиссиялық-кассалық операциялар және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету туралы ережелерді бекіту туралы" 1997 жылғы 25 шілдедегі N 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 415 тіркелген, 1997 жылғы 24-29 қарашада, 1997 жылғы 1-6 желтоқсанда, 1997 жылғы 8-14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 467 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. Оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және оның филиалдарында кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы Қағидалардың нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарында қолма-қол ақша енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – клиенттер) қолданылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      3. Осы Қағидаларда Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының кіріс, шығыс,кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
      2) артық шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы асып кеткен айырма;
      3) касса модулі – интеграцияланған автоматтандырылған жүйенің шағын жүйесінің бір бөлігі болып табылатын эмиссиялық-кассалық операциялардың модулі;
      4) кем шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
      5) күмәнді банкноттар және монеталар – төлем қабілетін және түпнұсқалылығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет болатын бүлінуі бар банкноттар мен монеталар;
      5-1) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі - ҚААТЖ) - жіберілетін құжаттамаға рұқсатсыз кіруден қажетті қорғанышы бар арнайы байланыс арнасы;
      6) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлімшесі;
      6-1) монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесі - Ұлттық Банк орталық аппаратының эмиссиялық-кассалық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесі;
      7) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының бухгалтерлік есеп бөлімшесі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

3. Касса жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Ұлттық Банктің филиалында кассалық операциялар бүкіл операциялық күн ішінде жүргізіледі. Касса жұмысының басталу және аяқталу уақыты (операциялық күн) Ұлттық Банк филиалы басшысының бұйрығымен белгіленеді.

      5. Операциялық күн ішінде клиенттерден түскен барлық қолма-қол ақшаны Ұлттық Банктің филиалы олардың сомасын сол операциялық күні клиенттердің тиісті шоттарына есепке ала отырып Ұлттық Банк филиалының айналым кассасына (бұдан әрі - айналым кассасы) қабылдайды.
      Ұлттық Банк филиалының кассасынан клиенттерге берілген барлық қолма-қол ақша операциялық күн ішінде сол операциялық күні клиенттердің тиісті шоттарынан есептен шығарылады.

      6. Ұлттық Банктің филиалдары арасында қолма-қол ақшаны тасымалдау үшін Орталықта инкассация және құндылықтарды тасымалдау бөлімшесі құрылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      7. Ұлттық Банктің филиалдары және заңды тұлға клиенттер арасында қолма-қол ақшаны тасымалдауды Ұлттық Банктің филиалының инкассация және құндылықтарды тасымалдау бөлімшесі тиісті шарт негізінде жүргізеді.

      8. Ұлттық Банктің филиалы төлем үшін тек төлем банкноттары мен монеталарын ғана қабылдайды.
      Өзінің толық өлшемінің 50 (елу) пайыздан астамын сақтаған тозған, айналыстан алынатын және бүлінген банкноттарды Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды және осы Қағидаларға сәйкес айырбасталады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз), 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      9. Ұлттық Банктің филиалы банкноттар мен монеталарды қолдан жасау фактісіне байланысты хабарларды (шағым-талаптарды) қарайды. Жалған және төлем қабілеті жоқ банкноттар немесе монеталар клиенттерге қайтарылмайды және айырбасталмайды. Ұлттық Банктің филиалы жалған банкноттарды немесе монеталарды анықтау фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлайды.

4. Кассалық операцияларды жасау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-параграф. Кіріс кассасының қолма-қол ақшаны қабылдауы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Ұлттық Банктің кіріс кассасы (бұдан әрі - кіріс кассасы) клиенттер енгізген (тапсырған) қолма-қол ақшаны қабылдауды жүзеге асырады.

      11. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы Ұлттық Банктің филиалы және көрсетілген заңды тұлғалар арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
      Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) жоқ жеке және заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда  - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз); өзгерту енгізілді - 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      12. Кіріс кассасы заңды тұлға клиенттерден заңды тұлға клиенттер толық бумаларға және қапшықтарға салған банкноттар мен монеталарды тозу дәрежесі бойынша (жаңа және бұрын шығарылған монета қатарларына жеке) сұрыпталғандарын ғана қабылдайды.
      Екінші деңгейдегі банктер, ұлттық почта операторы, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқаратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) болып табылатын клиенттерден кіріс кассасы қабылдайтын банкноттар салынған толық бумаларда және монеталар салынған толық қапшықтарда банктердің филиалдарының және айырбастау пункттерінің касса қызметкерлері жасаған банкноттар салынған бумалар және монеталар салынған қапшықтар болуы мүмкін.
      Банкноттар салынған бумалар және монеталар салынған қапшықтар олар қалыптастырылған күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қалыптастырылады.
      Банкноттар салынған толық емес бумаларда және монеталар салынған толық емес қапшықтарды қабылдау Ұлттық Банк филиалының басшысының жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі. Номиналдары бойынша және жарамдылық дәрежесі бойынша сұрыпталмаған банкноттар мен монеталар қабылданбайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      13. Заңды тұлға клиенттерден қолма-қол ақша қабылдауды кіріс кассасы бумалар және түбіртектер бойынша, ал монеталарды қапшықтар бойынша жүргізеді. Бұл ретте кіріс кассасының касса қызметкері бума жапсырмасының дұрыс ресімделуін, пломбадағы пломбир таңбасының немесе бедерінің анық болуын (жақсы көрінуін), ал монета салынған қапшықтарға - жапсырма қағаздың дұрыс ресімделуін және пломбадағы пломбир таңбасының анық болуын тексереді.

      14. Қабылданған қолма-қол ақшаны парақтап қайта санауды және бір-бірлеп қайта санауды Ұлттық Банктің қайта санау кассасы (бұдан әрі - қайта санау кассасы) қолма-қол ақшаны қабылдаған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күн ішінде жүргізеді.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      15. Кіріс кассасының касса қызметкерінің үстелінде ақшаны енгізген тұлғалардың ақшасы ғана болуы тиіс. Бұрын қабылданған барлық қолма-қол ақша сейфтерде, металл шкафтарда, үстелдің жәшігінде немесе арнайы арбаларда сақталады.

      16. Заңды тұлға клиенттерден қолма-қол ақшаны қабылдау кассаға тапсырылатын қолма-қол ақшаның тізімдемесі (осы Қағидалардың 2-қосымшасы) қоса беріле отырып қолма-қол ақша жарнасына хабарландыру (осы Қағидалардың 1-қосымшасы) негізінде жүзеге асырылады. Кассаға өткізілетін қолма-қол ақшаның тізімдемесін филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы жеке іс қағаздарына тігеді және келесі есептік айдың аяғына дейін сақтайды.
      Жеке тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдау, Ұлттық Банк филиалының қымбат металдан жасалған монеталарды және Ұлттық Банктің монета өнімдерін сатуды қоспағанда, Ұлттық Банктің төлем, кассалық және мемориалдық құжаттарын пайдалану мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актісімен белгіленген нысан бойынша кассалық кіріс ордері негізінде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005.04.05 N 42; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз),  2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      17. Заңды тұлға клиенттерден қолма-қол ақшаны қабылдаған кезде филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды қабылдай отырып, оның дұрыстығын тексереді, қол қояды және қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.

      18. Филиал бухгалтериясының бақылаушысы алынған қолма-қол ақша жарнасына хабарландыру негізінде кассалық кіріс журналына (осы Ереженің 3-қосымшасы) жазба жасайды, қолма-қол ақша салуға арналған хабарландыруға қол қояды және кіріс кассасының касса қызметкеріне береді.
      Кассалық кіріс құжаттарын заңды тұлға клиенттер арқылы беруге жол берілмейді.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005.04.05 N 42; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      19. Кіріс кассасының касса қызметкері филиал бухгалтериясының бақылаушысынан қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды ала отырып:
      1) жауапты орындаушының қолының болуын және қол қою үлгілеріне сәйкестігін тексереді;
      2) қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруда көрсетілген санмен және жазумен көрсетілген сомалардың сәйкестігін салыстырады;
      3) осы Қағидаларда көзделген қажетті деректемелердің болуын тексереді;
      4) қолма-қол ақша енгізген заңды тұлға клиентті шақырады және қолма-қол ақшаны осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қабылдайды.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 42, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      20. Кіріс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақшаны қабылдауына қарай деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда  - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      21. Кіріс кассасының касса қызметкері заңды тұлға клиенттен қолма-қол ақшаны бақылағаннан кейін қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруда көрсетілген жалпы соманы касса модулінің құжатында көрсетілген жалпы сомамен және қайта санау кезінде нақты қабылдаған қолма-қол ақшамен салыстырады.
      Қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруда көрсетілген сомалар нақты қабылданған қолма-қол ақша сомасымен сәйкес келген кезде кіріс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақша жарнасына хабарландырудың әрбір құрамдас бөлігіне (хабарландыру, түбіртек және ордер) қол қояды, түбіртекке мөр басады, ол заңды тұлға клиентке беріледі. Касса қызметкері хабарландыруды өзінде қалдырады, ал хабарландыруға ордерді филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысына береді.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      22. Енгізілген қолма-қол ақша сомасы мен қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруда көрсетілген соманың арасындағы айырма белгіленген жағдайда, қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды заңды тұлға клиент нақты енгізілген қолма-қол ақша сомасына қайта ресімдеуі тиіс. Бұл ретте кіріс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақша жарнасына хабарландырудың сыртқы жағына нақты қабылданған қолма-қол ақшаның сомасын қояды, оған қол қояды және филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысына қайтарады.
      Кассалық кіріс құжаттарына түзету енгізуге жол берілмейді.

      23. Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы заңды тұлға клиенттен жаңадан толтырылған қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды алғаннан кейін оны толықтырудың дұрыстығын тексереді, қол қояды және қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды филиал бухгалтериясының бақылаушысына береді.

      24. Филиал бухгалтериясының бақылаушысы қолма-қол ақша жарнасына қайта толтырылған хабарландыру негізінде кассалық кіріс журналына түзетулер енгізеді және Қағидалардың осы тарауында белгіленген тәртіппен заңды тұлға-клиенттен алынған қолма-қол ақшаны қабылдау үшін кіріс кассасының касса қызметкеріне береді.
       Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      25. Жеке тұлғалардан қолма-қол ақша қабылдауды кассалық кіріс ордері негізінде Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидалардың 18, 19, 20 және 21-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізеді.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2-параграф. Кешкі кассаның қолма-қол ақшаны қабылдауы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      26. Операциялық күн аяқталғаннан кейін қолма-қол ақшаны қабылдау үшін айрықша жағдайларда және Ұлттық Банк Төрағасының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімшесіне жетекшілік жасайтын орынбасарының рұқсатымен Ұлттық Банктің филиалында Ұлттық Банк филиалының кешкі кассасы (бұдан әрі - кешкі касса) құрылады, оның жұмыс уақытын қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімшесі белгілейді.

      27. Кешкі кассаның клиенттерден қолма-қол ақша қабылдауын Ұлттық банк филиалының касса қызметкері (бұдан әрі - касса қызметкері) Ұлттық Банк филиалының атынан қол қоюға құқығы бар бухгалтер-бақылаушының бақылауымен жүргізеді.

      28. Кешкі кассаға түскен қолма-қол ақша кассалық құжаттарға касса қызметкерінің «кешкі касса» мөрін қоя отырып, осы тараудың 1-параграфында көзделген тәртіппен қабылданады. Бұл ретте бухгалтер-бақылаушы кешкі кассаның кассалық кіріс журналына жазба жасайды (осы Қағидалардың 5-қосымшасы).
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      29. Кешкі касса қабылдаған қолма-қол ақша айналыс кассасына кіріске алынады және келесі операциялық күннен кешіктірілмей клиенттердің тиісті шоттарына есепке алынады.

3-параграф. Шығыс кассасының қолма-қол ақшаны беруі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      30. Ұлттық Банк филиалының шығыс кассасы (бұдан ірі - шығыс кассасы) клиенттерге қолма-қол ақша беруді жүзеге асырады.
      Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге шығыс кассасының қолма-қол ақша беруі Ұлттық Банктің филиалы мен көрсетілген заңды тұлға арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
      Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) жоқ заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру кассалық қызмет көрсету шартын жасамай-ақ жүзеге асырылады.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      31. Клиенттерге қолма-қол ақша беру мынадай касса құжаттары негізінде жүргізіледі:
      1) қолма-қол ақша алу үшін чектер (бұдан әрі – чек);
      2) Ұлттық Банктің төлем, кассалық және мемориалдық құжаттарын пайдалану мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актісімен белгіленген нысан бойынша кассалық шығыс ордерлері.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      32. Ұлттық Банктің филиалында банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге қолма-қол ақша беру чектер негізінде жүзеге асырылады.
      Банктерге және монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге қолма-кол ақша беру чектер және қолма-қол ақша алуға арналған жиынтық ведомость негізінде жүзеге асырылады.
      Жеке тұлғаларға қолма-қол ақша беру кассалық шығыс ордерлері негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      33. Заңды тұлға клиенттер қолма-қол ақшаны алу күнінің қарсаңында немесе алатын күні филиал бухгалтериясының қызметкеріне қолма-қол ақшаны алуға өтініш береді (осы Қағидалардың 6-қосымшасы).
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      34. Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы заңды тұлға клиенттерге қолма-қол ақша берген кезде чекті қабылдай отырып, оны толтырудың дұрыстығын, заңды тұлға клиент қолдарының қол қою үлгілеріне сәйкес келуін, чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің оның төлқұжатындағы (жеке куәлігіндегі) деректермен сәйкес келуін тексереді, чекке қол қояды, заңды тұлға клиентке кассаға ұсыну үшін чектің бақылау маркасын береді және чекті филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.
      Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы, монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттерге қолма-қол ақша беру кезінде чекті және жиынтық ведомосты қабылдай отырып, чектің дұрыс толтырылғанын, монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиент алушыларының қолдарының қол қою үлгілеріне сәйкестігін, чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің төлқұжат (жеке куәлік) деректеріне сәйкес келуін тексереді, чекке қол қояды, кассаға ұсыну үшін чектің бақылау маркасын, монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиентке береді және чек пен жиынтық ведомосты филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.
      Заңды тұлға клиенттің банктік шотында қажетті ақша сомасы жетпеген кезде чек заңды тұлға клиентке қайтарылады.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз); 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      35. Филиал бухгалтериясының бақылаушысы филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысынан чекті алып, оның дұрыс толтырылғанын, клиент заңды тұлғаның қолдары мен мөрінің қол қою үлгілерімен және мөр бедерімен сәйкестігін тексереді (банк және монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлға клиенттер үшін – чектің сомасын қолма-қол ақша алуға арналған жиынтық ведомоспен салыстырып тексереді), оны кассалық шығыс журналына (осы Қағидалардың 7-қосымшасы) тіркейді, чекке қол қояды және шығыс кассаның касса қызметкеріне өткізеді.
      Кассалық шығыс құжаттарын заңды тұлға клиенттер арқылы беруге рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      36. Шығыс кассаның касса қызметкері чекті алған кезде:
      1) филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысының және бақылаушысының қолдарының болуын және қол қою үлгілеріне сәйкес келуін тексереді;
      2) соманың чекте көрсетілген сандарға және жазуға сәйкес келуін салыстырады;
      3) заңды тұлға клиентті чектің нөмірі бойынша шақырады және ол алған соманы нақтылайды;
      4) чекте заңды тұлға клиент қолының болуын және чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің оның төлқұжатындағы (жеке куәлігіндегі) деректермен сәйкес келуін тексереді;
      5) берілетін қолма-қол ақша сомасын дайындайды;
      6) чектің кассаға ұсынылатын бақылау маркасы нөмірінің чекте көрсетілген нөмірге сәйкес келуін тексереді және бақылау маркасын чекке желімдейді;
      7) беруге дайындалған қолма-қол ақша клиент заңды тұлғаның қатысумен қайта саналады;
      8) клиент заңды тұлғаға қолма-қол ақша береді және касса құжатына қол қояды.

      37. Кіріс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақшаны беруге қарай деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      38. Клиент заңды тұлғаға банкноттарды шығыс кассасының касса қызметкері жапсырма қағаздағы белгілер бойынша толық бумалармен және орамдардың бүлінбеу шартымен бір-бірлеп қайта санамай бандерольдермен береді.
      Клиент заңды тұлғаға толық емес бумалардан және орамы бүлінген бумалардан жекелеген түбіршектердегі банкноттарды беруді шығыс кассасының касса қызметкері парақтап қайта санау арқылы жүргізеді.
      Клиент заңды тұлғаға қапшықтарға салынған монеталарды шығыс кассасының касса қызметкері қапшықтарға бекітілген жапсырма қағаздардағы жазбалар бойынша, ал пакеттерге салынған монеталарды олардағы жазбалар бойынша береді.

      39. Клиент заңды тұлғаға беруге арналған банкноттар салынған, жеке түбіршектері немесе парақтары бар бумаларды ашқан кезде шығыс кассасының касса қызметкері алдын ала барлық буманы бір-бірлеп қайта санайды.
      Клиент заңды тұлғаға жеке номиналдармен беруге арналған, пакеттер немесе құтыларға салынбаған монеталар бар қапшықтарды ашқан кезде шығыс кассасының касса қызметкері монеталар салынған барлық қапшықты бір-бірлеп қайта санайды.

      40. Шығыс кассасының касса қызметкеріне қолма-қол ақшаны беру сәтінде клиент заңды тұлғаның талап етуі бойынша бір номиналдағы қолма-қол ақшаны басқасына айырбастауға тыйым салынады.

      41. Клиент заңды тұлға алған қолма-қол ақшаны клиент заңды тұлға кассадан кетпей тұрып, қолма-қол ақшаны берген шығыс кассасының касса қызметкерінің қатысумен қайта санайды және тексереді, банкноттар - бумалар және түбіршектер бойынша, жекелеген парақтар - бір-бірлеп қайта санаумен, монеталар - қапшықтарға бекітілген жапсырма қағаздардағы жазбалар бойынша, пакеттердегі монеталар - оларды жазбалар бойынша, ал жекелеген монеталар - бір-бірлеп қайта санаумен.
      Бұл ретте банкноттар салынған толық бумалардағы және монеталар салынған қапшықтардағы пломбалар мен клишені шығыс кассасының касса қызметкері клиент заңды тұлғаның қатысумен кеседі.
      Банкнот салынған бумаларды және монеталар салынған қапшықтарды пломба мен клишені алмастан беруге, егер бұл кассалық қызмет көрсету шартында көзделсе ғана рұқсат етіледі.

      42. Егер заңды тұлға клиент банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санауға ниет білдірсе, мынадай жағдайлар сақталады:
      1) толық банкноттар салынған бумалар мен монеталар салынған қапшықтардың пломбалары мен клишелерін шығыс кассасының касса қызметкері алып тастамайды;
      2) заңды тұлға клиент шығыс кассасының касса қызметкерінен қолма-қол ақшаны алу сәтінде және осы мақсат үшін арнайы бөлінген орында қайта санау сәтінде заңды тұлға клиент қолма-қол ақшаны қайта санаған кезде қатысып тұратын касса қызметкері-бақылаушының бақылауында болады;
      3) заңды тұлға клиент қолма-қол ақшаны қайта санауын қарап бақылауды жүзеге асыру кезінде касса қызметкері-бақылаушы бір мезгілде орау материалдарының (жоғарғы және төменгі жапсырмалар, пломбасы бар орамның және бандерольдер немесе банкноттар салынған тексерілетін бумалардың клишесі, монеталар салынған қапшықтың жапсырма қағазы) барлық банкноттар салынған бумалар мен монеталар салынған қапшықтарды қайта санау аяқталғанға дейін сақтауына қадағалайды;
      4) Ұлттық Банк қолма-қол ақшаны қайта санау кезінде анықталған кем шығуларды кейіннен Ұлттық Банктің филиалына кем шығуға жол берген тұлғаның (тұлғалардың) кем шығу сомаларын өтей отырып клиент заңды тұлғаға өтейді;
      5) қолма-қол ақшаның қайта санау кезінде анықталған кем шығуы кассаға кіріске алынады және Ұлттық Банктің кірістеріне есепке алынады;
      6) заңды тұлға клиент қайта санамаған, қалған толық банкноттар салынған бумалар мен монеталар салынған қапшықтардан касса қызметкері-бақылаушы пломбалар мен клишелерді алып тастайды, заңды тұлға клиенттен олар бойынша шағым-талап қабылданбайды.

      43. Егер заңды тұлға клиент қолма-қол ақшаны Ұлттық Банк арнайы бөлген орында емес, оның үй-жайынан тысқары жерде қайта санаса, заңды тұлға клиенттің өтініші қаралмайды және қолма-қол ақшаны қайта санау, қалыптастыру, орау және беру жөніндегі шағым-талапты Ұлттық Банктің филиалы қабылдамайды.

      44. Ұлттық Банктің филиалының басшысы заңды тұлға клиенттің қолма-қол ақшаның кем шығуы туралы өтінішін заңды тұлға клиенттің шағым-талаптарын қанағаттандыруды қарамастан тексеру үшін шаралар қабылдайды.

      45. Ұлттық Банктің филиалы заңды тұлға клиент қолма-қол ақшаны алу күні қарсаңында қолма-қол ақша алу үшін ұсынылған өтінім және чек негізінде қолма-қол ақшаны алдын ала дайындауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      46. Алдын ала дайындалған қолма-қол ақша осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен беріледі.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      47. Заңды тұлға клиент алдын ала дайындалған қолма-қол ақша салынған қапшықтарды осы үшін арнайы бөлінген Ұлттық Банктің филиалының үй-жайында, қапшықтардың пломбаларын алатын касса қызметкері-бақылаушының бақылауымен ашады. Заңды тұлға клиент алған қолма-қол ақшаны қайта санау осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4-параграф. Ұлттық Банк филиалының шығыс кассасының клиент банктерге банкноттар салынған 100 (бір жүз) бумадан және монеталар салынған 50 (елу) қапшықтан асатын қолма-қол ақшаны беруі

      Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      48. Банк клиенттерге банкноттар салынған 100 (бір жүз) бумадан және монеталар салынған 50 (елу) қапшықтан асатын санда қолма-қол ақша берген кезде касса қызметкері вакуумдық ораулардан кепілдік берілген клишелерді және банкноттар салынған бумадан және монеталар салынған қапшықтан кепілдік берілген пломбаларды алмайды.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      49. Ұлттық Банктің филиалында шығыс кассасына банкноттар мен монеталарды алатын банк қызметкерлері (материалдық-жауапты тұлға, касса меңгерушісі, касса қызметкері, инкассатор) мынадай талаптарды орындайды:
      1) банкноттар салынған бумаларды Ұлттық Банктің филиалының атауы, номиналы, банкноттардың саны мен сомасы, бумаларды қалыптастыру күні, касса қызметкерінің атаулы мөртабаны немесе коды және оның мекен-жайы көрсетілген жапсырма қағаздар болған кезде түбіршектердің саны бойынша қабылдайды;
      2) банкноттар салынған ораудың сақталысын (кендір жіптің, вакуумдық ораудың тұтастығын, вакуумдық ораудағы кепілдік тігістегі пломбаның немесе клишенің анық таңбасының болуын) қамтамасыз етеді;
      3) монеталар салынған қапшықтарды Ұлттық Банктің филиалының атауы, номиналы, банкноттардың саны мен сомасы, бумаларды қалыптастыру күні, касса қызметкерінің атаулы мөртабаны немесе коды және оның мекен-жайы көрсетілген жапсырма қағаздар болған кезде түбіршектердің саны бойынша қабылдайды;
      4) монеталар салынған қапшықтардың сақталысын (қапшықтың, кендір жіптің тұтастығын, пломбир таңбасының анық болуын) қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз), 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

5-параграф. Кіріс-шығыс және ұсақтау (айырбастау) кассаларының жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. 5-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      50. Ұлттық Банктің кіріс-шығыс кассасы (бұдан әрі – кіріс-шығыс кассасы) клиенттерден қолма-қол ақша қабылдауды және беруді осы Қағидаларда кіріс және шығыс кассалары үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      51. Ұлттық Банктің ұсақтау (айырбастау) кассасы (бұдан әрі - ұсақтау (айырбастау) кассасы) банкноттарға айырбастау үшін ұсақтау монеталарын беруді, тозған, айналыстан алынған банкноттарды немесе монеталарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      52. Банкноттарды монеталарға айырбастау (ұсақтау) кезінде кіріс-шығыс кассасының касса қызметкері клиенттен банкноттарды ала отырып оларды қайта санайды және оның өтінішіне сәйкес монеталардың қажетті номиналдарын іріктейді, берілетін соманы тексереді және оларды клиентке береді.
      Тозған, айналыстан алынған банкноттарды немесе монеталарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды жарамды банкноттарға немесе монеталарға айырбастау айырбастау үшін қабылданған банкноттар немесе монеталар сомасына жүзеге асырылады.
      Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз), 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      53. Егер клиенттерден қабылданған қолма-қол ақша сомасы кіріс құжаттарында көрсетілген сомадан асып кеткен жағдайда, кіріс кассасының касса қызметкері қайтаруға (тапсыруға) жататын соманы береді.
      53-1. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды беру (сату) бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде касса қызметкері сатылған инвестициялық және коллекциялық монеталар сомасына кассаның модулінде жасалған бақылау чегін (осы Қағидалардың 8-1-қосымшасы) береді.
      Ескерту. 53-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      53-2. Клиенттерден шетел валютасын қабылдауды және беруді Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидалардың 19–21, 36–43-тармақтарында көзделген тәртіппен, деректемелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5526 тіркелген «Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы» 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 117 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс кассалық ордерлер негізінде жүргізеді.
      Ескерту. 53-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      
      53-3. Заңды тұлға клиенттерге шетел валютасын берген кезде Ұлттық Банктің филиалы монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесіне ҚААТЖ бойынша кассалық шығыс ордерін жібереді, оның негізінде монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінің қызметкері касса модулінде авторизациялауды жүргізеді.
      Ескерту. 53-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

5. Банкноттар мен монеталарды сұрыптау және орау

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      54. Касса қызметкері қайта санау кассасына қабылданған банкноттар мен монеталарды номиналдары, айналысқа жарамдылығы, тозуы және айналыстан алынғандары бойынша сұрыптайды.
      Монеталар айналысқа жарамдылығы, ақаулы (бүлінгені) және айналыстан алынғандары бойынша сұрыпталады.

      55. Айналысқа жарамды банкноттар мен монеталар тозған банкноттар және ақаулы (бүлінген) монеталардан, сондай-ақ айналыстан алынған банкноттар мен монеталардан бөлек оралады.

      56. Бір номиналдағы банкноттардың әрбір 100 (бір жүз) парағы түбіршектерге қалыптастырылады және түбіршектерді бумаға орау тәсіліне қатысты айқастырылып немесе бір бандерольді көлденең қойып оралады.
      Егер банкнот салынған бумалар одан әрі кендір жіппен орау арқылы қалыптастырылса, түбіршектер айқастырылып оралады.
      Банкноттарды полиэтилен пакеттерге ораған кезде түбіршектер бір көлденең бандерольмен оралады, оған:
      1) Ұлттық Банк филиалының атауы жазылған мөртабаны;
      2) банкноттардың сомасы және номиналы;
      3) кассир-ораушының қолы;
      4) касса қызметкерінің атаулы мөртабаны немесе оның коды;
      5) орауды қалыптастыру күні қойылады.
      Банкнот түбіршектерін бандероль машиналарында ресімдеу кезінде бандероль машинасының құрылымдық ерекшелігіне қатысты арнайы орау материалдары қолданылады, реттік нөмірі немесе Ұлттық Банк филиалының қысқаша атауы қойылады.
      Банкнот түбіршектерін полиэтилен пакеттерге орауға дейін бумаларды арнайы машиналарда пластикалық таспалармен айқастырып орауға рұқсат етіледі.
      Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      57. Банкноттар бумаға 10 (он) түбіршектен (бір номиналдағы банкноттардың 1000 (бір мың) парағы) қалыптастырылады, олар қатты қағаздан жасалған жоғарғы және төменгі жапсырмалармен жарақтандырылады және кендір жіппен түйінсіз және үзіксіз, төрт бітеу түйінмен қосарлап айқастырып байланады, кендір жіптің ұшына Ұлттық Банк филиалының касса қызметкері қорғасын пломба салады.
      Банкноттарды полиэтилен пакеттерге ораған кезде пакеттің аузы қыздырып бекітіледі, ал қыздырып бекітуге арналған клишеде Ұлттық Банк филиалының атауы және реттік нөмірі көрсетіледі.
      Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      58. Банкноттар салынған буманың жоғарғы жапсырмасында орау тәсіліне қарамастан:
      1) Ұлттық Банк филиалының атауы жазылған мөртабан;
      2) банкноттардың номиналы;
      3) банкноттардың сомасы;
      4) банкноттардың саны;
      5) орауды қалыптастырған күн;
      6) касса қызметкерінің атаулы мөртабаны немесе оның коды;
      7) касса қызметкерінің қолы;
      8) айналыстан алынған банкноттардың жапсырмасында "ескі үлгідегі, шығарылған жылы ______" мөртабан қойылады.
      Ескерту. 58-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      59. Толық түбіршектерге және бумаларға қалыптастыруға болмайтын банкноттар біріктіру және орау үшін бір немесе бірнеше касса қызметкеріне өткізіледі.
      Біріктірген және ораған кезде касса қызметкері толық емес түбіршектерге қабылданған банкноттарды бір-бірлеп қайта санайды және олардан банкноттардың толық түбіршектерін қалыптастырады.
      Банкноттар біріктірілгеннен кейін касса қызметкерлері олардың номиналдары бойынша іріктейді және толық бумаларға орайды. Біріктірілген бумалардың жоғарғы жапсырмаларының сол жақ бұрышында "Жинақталған" жазбасы қойылады.

      60. "Жинақталған" мөртабаны қойылған бір қапшыққа 25 000 (жиырма бес мың) теңге не 50 000 (елу мың) теңге салынып, пакеттерге немесе құтыларға өлшеніп салынған бір номиналдағы банкноттар, сондай-ақ түрлі номиналдағы айналысқа жарамды монеталар салынып қалыптастырылған бумалар 10 (он) операциялық күн ішінде клиентке беріледі не сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау үшін бір-бірлеп қайтадан саналады.

      61. Қымбат металдан жасалған айналыста жүрген монеталарды және мерейтойлық монеталарды Ұлттық Банк филиалының касса қызметкерлері номиналдары бойынша өлшеп орайды және номиналдары бойынша пакеттерге (құтыларға) салады және сыртқы тігістері жоқ және бүлінбеген қаптарға салады. Әрбір оралған қаптың аузы матадан жасалған жазба қағазбен бірге тігіледі және түйіні мен үзігі жоқ кендір жіппен мықтап байланады. Кендір жіптің ұштары пломба салына отырып тұйық түйінмен байланады. Монеталар салынған пакеттерге және қапшықтардың жапсырма қағаздарына алдын ала:
      1) Ұлттық Банк филиалының атауы;
      2) орауды қалыптастырған күн;
      3) монеталардың номиналы;
      4) монеталардың сомасы;
      5) касса қызметкерінің қолы және атаулы мөртабаны немесе оның коды қойылады.
      Айналым кассасындағы монеталар салынған қапшықтар қатты қағаздан жасалған жапсырма қағаздармен жабдықталуы мүмкін. Жапсырма қағаздар кендір жіптің ұшына кигізіледі, ол пломба салына отырып тұйық түйінмен байланады.
      Қымбат металдан жасалған монеталар Ұлттық Банктің бөлек нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен оралады.
      Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      62. Монеталарды бір қапшыққа салу сомасы номиналы бойынша мынадай санда белгіленеді:
      1) ескі монеталар қатарының монеталары үшін:
      1 теңге - 3 000 (үш мың) дана;
      3 теңге - 2 000 (екі мың) дана;
      5 теңге - 1500 (бір мың бес) дана;
      10 теңге - 1 000 (бір мың) дана;
      20 теңге - 500 (бес жүз) дана.
      2) жаңа монеталар қатарының монеталары үшін:
      1 теңге - 4 000 (төрт мың) дана;
      2 теңге – 4000 (төрт мың) дана;
      5 теңге - 3 000 (үш мың) дана;
      10 теңге - 2500 (екі мың бес жүз) дана;
      20 теңге - 2500 (екі мың бес жүз) дана;
      50 теңге - 1500 (бір мың бес жүз) дана;
      100 теңге - 1 000 (бір мың) дана;
      коллекциялық - 500 (бес жүз) дана.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      63. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімше бір қапшыққа салынған монеталардың сомасының өзгерісі немесе жаңа монеталар шығару туралы Ұлттық Банктің филиалдарын және банктерге хабарлайды.

      64. Қапшықтан монеталарды бөлшектеп алған немесе қапшықтарға монеталарды қосымша салған кезде монеталардың қалдығы міндетті түрде даналап, ал өлшеп салынған монеталар - пакеттердегі (құтылардағы) жапсырма қағаздар бойынша қайта саналуы тиіс.
      Монеталар салынған қапшық осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген тәртіппен қайта тігіледі. Қапшыққа бекітілген жапсырма қағазға қайта санауды жүргізген және қайта санау күнін көрсете отырып монеталардың нақты қалдығын куәландырған касса қызметкерінің қолы қойылады.
      Касса қызметкерлерінде қалған монеталар салынған, толық қапшықтарды қалыптастыруға болмайтын пакеттер (құтылар) біріктіру және орау үшін бір немесе бірнеше касса қызметкерлеріне жіберіледі.
      Монеталар салынған толық қапшықтарды қалыптастыруға болмайтын жекелеген пакеттер (құтылар) бір және сол сияқты түрлі номиналдың монеталары салынған толық емес қапшықтарға оралуы мүмкін, осы қапшықтардың жапсырма қағаздарында әрбір номиналдың сомасы көрсетіледі.
      Бірнеше касса қызметкерлері қайта есептеген пакеттерден (құтылардан) қалыптастырылған толық және толық емес қапшықтарға бекітілген жапсырма қағазға "Жинақталған" деген жазба қойылады.
      Жинақталған қапшықтардағы монеталар айналым кассасында монеталар салынған қапшықтар қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) операциялық күннен асырмай сақталады.
      Бір номиналдың айналысқа жарамды монеталар салынған, бірнеше касса қызметкері қол қойған пакеттерден қалыптастырылған жинақталған қапшықтардағы монеталар резервтік қорларға есепке алынуы мүмкін және монеталар салынған қапшықтар қалыптастырылған күннен бастап 10 (он) операциялық күннен асырмай сақталады.
      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріc енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

6. Кем шығулармен, артық шығулармен, тозған, бүлінген, күмәнді және төлем жасалмайтын банкноттармен және монеталармен, сондай-ақ жалған (қолдан жасалған) ақша белгілерімен жұмысты ұйымдастыру

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-параграф. Қолма-қол ақшаны қайта санау кезінде анықталған тозған, бүлінген, төлем жасалмайтын банкноттармен және монеталармен, кем шығулармен және артық шығулармен жұмыс

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      65. Ұлттық Банк филиалының Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банктік шоты(тары) бар заңды тұлға клиенттерден қолма-қол ақша қабылдауы, кем шығуларды, тозған, бүлінген, төлем жасалмайтын банкноттарды және монеталарды есептен шығару және артық шығуларды өндіру Ұлттық Банктің филиалы мен заңды тұлға клиент арасында жасалған касса қызметін көрсету шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      66. Егер ақшаны клиент касса қызметкер-бақылаушының қатысумен Ұлттық Банк филиалының үй-жайында арнайы бөлінген орында осы Қағидалардың 42-тармағында белгіленген тәртіппен қайта саналған болса, Ұлттық Банк филиалының орауынан кем шығулар анықталған кезде клиенттердің шағым-талаптарын Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      67. Клиенттерден қабылданған төлем жасалмайтын банкноттар мен монеталар қайтадан айналысқа жіберілмейді, номиналдары бойынша сұрыпталып, басқа банкноттар мен монеталардан бөлек айналым кассасында сақталады.

      68. Касса қызметкерлері қолма-қол ақшаны қайта санау үшін қолданылатын машиналарда қайта саналған, сондай-ақ қолма-қол ақшаны енгізуші (тапсырушы) тұлғалар сұрыптаған банкноттар мен монеталардың төлемділігін анықтау міндеттілігінен босатылмайды.

      69. Тозған және өзінің толық көлемінің кем дегенде 70 (жетпіс) пайызын сақтаған бүлінген банкноттарды Ұлттық Банктің филиалдары шек қоймастан олар қабылданған сәтте тікелей айырбастайды.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      70. Банктің (филиалдың, бөлімшенің), сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалында орауында күмәнді банкноттар мен монеталардың болуы белгіленген жағдайда, күмәнді банкноттар мен монеталар сомасына кем шығу/артық шығу туралы акті (осы Қағидалардың 9-қосымшасы) жасалады.
      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      71. Ұлттық Банк филиалының кассасында кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген нысан бойынша кем шығу/артық шығу туралы акті жасалады, оған Ұлттық Банк филиалының касса қызметкері және соның қатысуымен қолма-қол ақшаны қайта есептеу жүргізілген бақылаушы немесе Ұлттық Банктің филиалында қолма-қол ақшаның сақталуына жауапты лауазымды тұлғалар қол қояды.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      72. Осы Қағидаларда белгіленген нысан бойынша кем шығу/артық шығу туралы акті кімнің орауында (Ұлттық Банктің филиалы, оның клиенті, Ұлттық Банктің басқа филиалы не оның клиенті) кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын банкноттар немесе монеталар табылғанына қарай:
      1) Ұлттық Банк филиалының орауында кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда - Ұлттық банктің филиалында қалатын бір данада;
      2) Ұлттық Банктің филиалы клиентінің орауында кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда - біреуі Ұлттық Банк филиалының клиентіне орау материалдарымен (шпагат, пломба, клишенің бедері бар полиэтилен, жапсырмалар, бандеролдар) (бұдан әрі - орау материалы) бірге берілетін, екінші данасы Ұлттық Банктің осы филиалында қалатын екі данада;
      3) Ұлттық Банктің басқа филиалының орауында кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда - біреуі Ұлттық Банк филиалының клиентіне орау материалымен бірге берілетін, екінші данасы Ұлттық Банктің осы филиалында қалатын екі данада;
      4) Ұлттық Банктің басқа филиалы клиентінің орауында кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда - екеуі Ұлттық Банктің басқа филиалына орау материалымен бірге берілетін (оның біреуі орау материалымен бірге Ұлттық банктің басқа филиалының клиентіне беріледі), үшінші данасы Ұлттық Банктің осы филиалында қалатын үш данада жасалады.
      5000 (бес мың) және одан астам теңге сомада кем шығу, артық шығу, төлем жасалмайтын банкноттар немесе монеталар табылған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген нысан бойынша кем шығу/артық шығу туралы актінің қосымша данасы жасалады, оны Ұлттық Банктің филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесіне және ішкі аудит бөлімшесіне жібереді.
       Ескерту. 72-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005.04.05 N 42, 2009.08.24 N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз), ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      73. Өзінің толық көлемінің 50 (елу) пайызынан азын сақтаған төлем жасалмайтын банкноттардың не Ұлттық Банктің филиалы клиенттердің орауындағы төлем жасалмайтын монеталардың кем шығуы анықталған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидаларда белгіленген нысан бойынша кем шығу/артық шығу туралы акті жасайды.
      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      74. Ұлттық Банктің филиалы заңды тұлға клиенттің орауындағы банкноттар мен монеталардың артық шығуын анықтаған жағдайда, орауда байқалған артық шығу сомасын заңды тұлға клиентке оның корреспонденттік шотына қайтарады.
      Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

2-параграф. Күмәнді банкноттар мен монеталарға сараптама жүргізу және жалған (қолдан жасалған) ақша белгілерімен жұмыс жүргізу

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      75. Егер касса қызметкері банкноттар мен монеталардың төлемділігін анықтауға қиналса, Ұлттық Банктің филиалында осы ақша белгісіне арнайы сараптама жабдығын қолдана отырып ақша белгілерінің түпнұсқалылығы мен төлемділігін анықтау бойынша оқыған сараптамашы-кассир сараптама жүргізеді.

      76. Клиенттерден түскен күмәнді банкноттар мен монеталарға сараптаманы клиент екі данада толтырып, сараптамаға беретін қолма-қол ақшаның тізімдеме-өтініші (осы Қағидалардың 10-қосымшасы) негізінде Ұлттық Банктің филиалы жүргізеді, оның Ұлттық Банк филиалының касса меңгерушісі жазатын банкноттар мен монеталарды қабылдау туралы түбіртегі бар бір данасы (осы Қағидалардың 11-қосымшасы) клиентке беріледі, екіншісі – Ұлттық Банктің филиалында қалады.
      Клиентке банкноттар мен монеталарды қабылдау туралы түбіртек беру кезінде Ұлттық Банктің филиалы міндетті түрде клиенттің қолма-қол ақшаның тізімдемесін-өтінішін толтыруының толықтығын тексереді.
      Ескерту. 76-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      77. Ұлттық Банктің филиалы күмәнді банкноттар мен монеталардың төлемділігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы күмәнді банкноттар мен монеталарды сараптама жүргізу үшін одан әрі қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесіне беру үшін Орталыққа жібереді.
      Ескерту. 77-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      78. Күмәнді банкноттар мен монеталарды тексеру нәтижелері бойынша Ұлттық Банктің филиалы немесе қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі күмәнді банкноттар мен монеталарға қорытынды дайындайды.

      79. Ұлттық Банктің филиалы күмәнді банкноттар мен монеталарға Ұлттық Банктің филиалы немесе қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі дайындаған қорытынды негізінде екі данада ақша белгілерін сараптау актісін (осы Қағидалардың 12-қосымшасы) жасайды, оның біреуі сол күнгі касса құжаттарына тігіледі. Ақша белгілерін сараптау актісінің екінші данасы соның негізінде жасалған қорытындымен (қорытындылармен) бірге Ұлттық Банктің филиалындағы арнайы жүргізілетін істе сақталады. Ақша белгілерін сараптау актісінің көшірмесі филиалдың бухгалтериясына жіберіледі. Күмәнді ақша белгілерін сараптамаға тапсырған клиенттің қалауы бойынша оған ақша белгілерін сараптау актісінің көшірмесі беріледі.
      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      80. Ақша белгілерін сараптау актісі сараптамаға берілетін бір-бірлеп түсетін қолма-қол ақшаның тізімдемесі-өтініші бойынша ақша белгілерінің әрбір номиналына, сондай-ақ сараптама төлем жасалмайтын, жалған немесе зауыттық ақау белгілері бар деп таныған ақша белгілеріне жекелеп жасалады.

      81. Ұлттық Банктің филиалы бұрын қабылдаған күмәнді банкноттар мен монеталарға айырбас ретінде төлем жасалатын ақша белгілерін алу үшін клиент Ұлттық Банктің филиалына банкноттар мен монеталарды қабылдау туралы түбіртекті, сараптамаға берілетін қолма-қол ақшаның тізімдеме-өтінішін және клиенттің төлқұжатын (жеке басын куәландыратын құжатын) ұсынады.

      82. Ұлттық Банктің филиалы бұрын қабылдаған күмәнді банкноттар мен монеталарға айырбас ретінде төлем жасалатын ақша белгілерін беруді Ұлттық Банктің филиалы қолма-қол ақшамен де, сол секілді қолма-қол емес тәртіппен де жүргізеді.

      83. Сараптама күмәнді банкноттар мен монеталарды төлем жасалмайды деп таныған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы бұл жөнінде клиентке бас тарту себебін көрсете отырып хабарлайды.

      84. Сараптама күмәнді банкноттар мен монеталарды жалған (қолдан жасалған) деп таныған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы осы факті жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлайды.
      Ұлттық Банктің филиалына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген соң сараптама жалған (қолдан жасалған) деп таныған ақша белгілерін алады, бұл туралы осы ақша белгілерін алу туралы хаттама жасалады.
      Ақша белгілерін алу туралы хаттаманың бір данасы клиентке беріледі, бір данасы Ұлттық Банктің филиалында қалады.
      Ескерту. 84-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      85. Ұлттық валютаның жалған (қолдан жасалған) ақша белгілерінің байқалу фактілері туралы Ұлттық Банктің филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесіне ақша белгілерін алу хаттамасының көшірмесін қоса сала отырып, жалған (қолдан жасалған) ақша белгілерінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген хабарламаны жібереді.
      Құқық қорғау органдары ақша белгілерінің түпнұсқалығын растаған жағдайда, олар Ұлттық Банктің филиалына олардың түпнұсқалығы туралы тиісті қорытындымен бірге қайтарылады.

7. Орталықта кассалық операцияларды жасау ерекшеліктері

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      86. Орталық клиенттерге жергілікті уақыт бойынша сағат 13-00-ге дейін қолма-қол ақшаны қабылдауды және беруді жүзеге асырады.

      87. Банкноттар салынған 100 (жүз) бумадан және монеталар салынған 50 (елу) қапшықтан асатын қолма-қол ақшаны қабылдауды және беруді Орталықтың бірнеше касса қызметкерлері жүзеге асыруы мүмкін, олардың әрқайсысымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.
      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      88. Клиент-заңды тұлға қолма-қол ақшаның елеулі сомасын Орталыққа беру кезінде пломбыланған қапшықтарда арнайы шлюз арқылы қолма-қол ақшаны қабылдау жүзеге асырылады. Мұндайда Орталықтың касса қызметкері клиент-заңды тұлғаның қарауға болатын терезе арқылы бақылауымен арнайы үй-жайда қапшықтарды ашады.

      89. Операциялық күн ішінде қабылданған қолма-қол ақшаны Орталықтың кіріс кассасында қою және сақтау мүмкін болмаған жағдайда қолма-қол ақша Орталықтың айналым кассасына берілуі тиіс.
      Орталықтың кіріс кассасынан қолма-қол ақшаны айналым кассасына беру кезінде Орталықтың кіріс және айналым кассаларында клиенттерге қызмет көрсету тоқтатылады, ал Орталықтың ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкері барлық есікті оқшаулауы және қолма-қол ақшаны айналым кассасына беру толық аяқталғанға дейін клиенттерді Орталықтың басқа үй-жайына шығарып салуы тиіс.

      90. Орталық пен клиент арасында жасалған шарттардың негізінде клиентке-заңды тұлғаға беру үшін алдын ала дайындаған қолма-қол ақшаны Орталықтың инкассация қызметі қызметкерлерінің жеткізуді жүзеге асыруына рұқсат беріледі. Мұндайда банкноттар салынған қапшықтарды ашу және оларды бумалары мен түбіршектері бойынша, ал монеталарды қапшықтарға жапсырылған жапсырмалары бойынша қайта санау Орталықтың инкассация қызметі қызметкерлерінің немесе Орталықтың арнайы бөлінген касса қызметкерінің қатысуымен парақтап қайта саналмастан жүргізілуі тиіс.

      91. Клиенттің-заңды тұлғаның өтініші бойынша қолма-қол ақшаны парақтап және даналап (номиналдар бойынша) қайта санау тікелей клиент-заңды тұлғада Орталықтың касса қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.
      Егер банкноттар мен монеталарды қайта санауды клиенттер Орталық өкілінің қатысуынсыз жүргізсе, клиенттердің кем шығу туралы өтінішін (талап-шағымын) Орталық қабылдамайды.

      92. Орталықтың артық шығуды және шартты негізде клиенттердің-банктердің операциялық кассаларының растамаларын клиенттерге-заңды тұлғаларға алып шығуына және жеткізуіне рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 1-қосымша 

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз), оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

_______________________________________
    (Ұлттық Банк филиалының атауы)

Қолма-қол ақшаның тозғанына арналған
№ ______ хабарландыру
_____ жылғы «___» ____________

Кімнен            Код       Нөмір шотына
                            алынған күні


Бенефициар банкі

Сомасы санмен

Бенефициар

КБЕ


Сомасы жазумен _____________ теңге ___ тиын
Жарна мақсаты

КНП

Салушының қолы                                   Бухгалтер
                                   Ақшаны кассир қабылдады

_______________________________________________________________

№ _______ Түбіртек
___жылғы «___» ___________

ЖСН (БСН) ___________________

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 2-қосымша 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.
қараңыз), оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

______________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалының атауы)

20 ____ жылғы _______________ № ___
Кассаға тапсырылатын қолма-қол ақшаның тізімдемесі*

      20 ___ жылғы ____ ___________ № _______ Қолма-қол ақша салуға арналған хабарландыруға тізімдеме

Номиналдың атауы

Саны

Сомасы

Жарамды банкноттар













Тозған банкноттар













Шығарылған жылдары бойынша айналыстан алынған банкноттар (ескі үлгідегі)













Ақаулы (бүлінген) монеталар













Жарамды монеталар













Тиындар













Банкноттар бойынша барлығы



Монеталар бойынша барлығы



БАРЛЫҒЫ:



      * - тапсырылатын банкноттар мен монеталар ғана көрсетіледі

      Банкноттардың жиынтығы: __________________________________
                               (сомасы цифрлармен және жазумен)

      Монеталардың жиынтығы: ____________________________________
                               (сомасы цифрлармен және жазумен)

      Клиент ________________________________________ Аты-жөні
                              Қолы

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 3-қосымша 

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.
қараңыз), оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

_______________________________
(Ұлттық Банк филиалының атауы)

______________ кіріс кассалық журналы

20_____ жылғы "____" ____________

Операция түрі:                Байланыстырушы шот N ______________
__________________________________________________________________
    N   |Клиенттің жеке|Клиенттің |Құжат |Сомасы|      Касса
        |шотының нөмірі| атауы    |нөмірі|      | қызметкерінің
        |              |          |      |      |      қолы
__________________________________________________________________
1         2            3         4      5            6
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жиынтығы:
__________________________________________________________________

      Бухгалтерия бақылаушысы_____________________ аты-жөні
                                    (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық Банкінің филиалдарында 
заңды және жеке тұлғалармен  
кассалық операциялар     
жүргізу ережесіне       
4-қосымша          

N ____ қолма-қол ақшаны кіріске алу бойынша
ведомость

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 5-қосымша 

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.
қараңыз), оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

_______________________________
(Ұлттық Банк филиалының атауы)

______________ кешкі кассаны кіріске алу
журналы

20_____жылғы "____" ____________

      Операция түрі:           Байланыстырушы шот N ______
__________________________________________________________________
    N   |Клиенттің жеке|Клиенттік |Құжат |Сомасы|      Касса
        |шотының нөмірі| атауы    |нөмірі|      | қызметкерінің
        |              |          |      |      |      қолы
__________________________________________________________________
1         2            3         4      5            6
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жиынтығы:
__________________________________________________________________

  Кешкі кассаның бақылаушы бухгалтеры ______________ аты-жөні
                                            (қолы)

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 6-қосымша 

       Ескерту. 6-қосымшаның атауы өзгертілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 42, оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
______________________________________
    (Ұлттық Банк филиалының атауы)

20__ жылғы "___"_____________ - 20__ жылғы "__"_____________ аралығында қолма-қол ақша алуға N ______ тапсырыс

20____жылғы "____"________________

жеке шот N _______________________________________________________
клиенттің атауы________________ __________________________________
__________________________________________________________________

Банкноттың алынатын сомасы _______________________________________
                                           санмен
Банкноттың алынатын сомасы _______________________________________
                                           жазумен
Монеталардың алынатын сомасы _____________________________________
                                            санмен
Монеталардың алынатын сомасы _____________________________________
                                           жазумен

      Басшы ________________________ аты-жөні
                     (қолы)

      Бас бухгалтер ____________________ аты-жөні
                           (қолы)

Ұлттық Банк филиалының
жауапты орындаушысы_____________ аты-жөні
                       (қолы)

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 7-қосымша 

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2010.06.25 N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.
қараңыз), оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

_______________________________
(Ұлттық Банк филиалының атауы)

______________ кассалық шығыс журналы

20_____ жылғы "____" ____________

Операция түрі:                Байланыстырушы шот N ______________
__________________________________________________________________
    N   |Клиенттің жеке|Клиенттің |Құжат |Сомасы|      Касса
        |шотының нөмірі| атауы    |нөмірі|      | қызметкерінің
        |              |          |      |      |      қолы
__________________________________________________________________
1         2            3         4      5            6
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жиынтығы:
__________________________________________________________________

      Бухгалтерия бақылаушысы_____________________ аты-жөні
                                    (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық Банкінің филиалдарында 
заңды және жеке тұлғалармен  
кассалық операциялар     
жүргізу ережесіне       
8-қосымша          

Қолма-қол ақшаның шығысы бойынша
ведомость N ____

      Ескерту. 8-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 8-1-қосымша

      Ескерту. 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз), оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Бақылау чегі

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі
      ______________________________________________________________
                            (бөлімшенің атауы)
      БСН (ЖСН) ____________________________________________________
      Банктік ақпарат жүйесінің тіркеу нөмірі ______________________        ______________________________________________________________
      Чектің нөмірі ________________________________________________
      Операцияның күні және уақыты _________________________________
      Операцияның атауы ____________________________________________
      Жүргізілген операцияның сомасы _______________________________
      Операцияның жалпы сомасы _____________________________________
      ______________________________________________________________
                            (сомасы жазумен)
      Касса қызметкері _____________________ Аты-жөні
                               (қолы)

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 9-қосымша 

      Ескерту. 9-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.

КЕМ ШЫҒУ/ АРТЫҚ ШЫҒУ ТУРАЛЫ
АКТІ N _________

Кем шығу туралы     күмәнді       ескі үлгідегі       бумадағы банкноттар
  артық шығу       төлем     зауыттық ақауы        қапшықтардағы
                жасалмайтын   бар ораудағы          монеталар

__________________________________________________________________
                             (клиенттің атауы)
__________________________________________________________________

20______ жылғы "___"____________  ________________________________
                                   (Ұлттық Банк филиалының атауы)
__________________________________________________________________
                        (орналасқан жері)

ашқан және қайта санаған кезде  кассада, қайта санау бөлмесінде
                                     операция залында

банкноттарды                  касса қызметкері
монеталарды                      клиент

__________________________________________________________________
                           (аты-жөні)
__________________________________________________________________
  (Ұлттық Банк филиалының актіні жасауға қатысқан бөлім басшысы
         немесе оның орынбасарының, бақылаушысының, касса
                     қызметкерінің аты-жөндері)
_______________________________________________________ қатысуымен
_______________  бумада           тұтас орауда
               қапшықта          бұзылған

_________________________________________________________ номиналы
____________________________________________________________сомада
      (санмен және жазумен көрсетілсін)
__________________________________________________________________
   (орауында кем шығу немесе артық шығу белгілі болған касса
           қызметкерінің тегі немесе бригада нөмірі)

тұтас            клишеде          банкноттардың
  пломбалы      бұзылған     бандеролды монеталардың

анықталды.

Ескі үлгідегі              күмәндылардың                  кем шығуы
зауыттық ақауы бар   төлем жасалмайтындардың         артық шығу 
байқалған  түбіршектердің сандағы көрсетілген бума      толығымен
                 қапшықтағы монета
________________________________________________________ қатысуымен
   (қайта санауда қатысқан тұлғаның қызметі және тегі)
_____________________________________________________ қайта саналды
(қайта санауды жүргізген касса қызметкерінің тегі)
Бұл ретте _______________________________________________ сомадағы
                      (санмен және жазумен)
ескі үлгідегі            күмәндылардың            кем шығуы
зауыттық ақауы бар  төлем жасалмайтындардың  артық шығу фактісі
расталды.

      Осы актіге кем шығу анықталған банкноттары бар буманың
жоғарғы және төменгі жапсырмалары, поломбамен байлау, түбіршектерді
белдеме жіптері немесе бандеролі, клишесі бар полиэтиленнен жасалған
пакет, пломбамен байлау және монеталары бар қаптың жапсырмасы қоса
беріледі.

      Бақылаушы __________________________ аты-жөні
                        (қолы)
      Касса қызметкері __________________________ аты-жөні
                                    (қолы)

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.

________________________________________
    (Ұлттық Банк филиалының атауы)

Cараптамаға берілетін қолма-қол ақша
тізімдемесі - өтініш

      _____ жылғы "_____" ____________ 
__________________________________________________________________
       заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) 
__________________________________________________________________
           клиенттің банктік шотының нөмірі
__________________________________________________________________
       заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның толық мекен-жайы

      Мынадай номиналды банкноттарды (монеталарды) сараптауға
қабылдауыңызды өтінеміз:
__________________________________________________________________
N |     Банкнот/монета     | Саны |Сериясы | Нөмірі | Сомасы
   |   номиналының атауы    |      |        |        |
__________________________________________________________________
1.
2.
    Жиынтығы:
3.
    Жиынтығы:
__________________________________________________________________

      Тапсырдым ____________ аты-жөні
                   (қолы) 

      Қабылдадым ____________ аты-жөні
                    (қолы)

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 11-қосымша

       Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз), оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

______________________________
(Ұлттық Банк филиалының атауы)

      20___ жылғы "___"_____________ N______
(Банкноттарды, монеталарды, құндылықтарды (қажеттісі
көрсетілсін) қабылдау туралы түбіртек

Сомасы

Кімнен

Баланстан тыс шот

Жалпы

N

Алушының банкі



Операция түрі


Төлем мақсаты


Теңге тиын

Касса жоспарының символы


      Төлем мақсаты ________________________________________________
      Негіздеме ____________________________________________________
      Бақылаушы _____________________ Аты-жөні
                       (қолы)
      Бухгалтер _____________________ Аты-жөні
                       (қолы)
      Касса қызметкері _____________________ Аты-жөні
                              (қолы)
      Мөрдің орны 

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкiнде жеке және заңды
тұлғалармен кассалық операциялар
жүргiзу қағидаларына 12-қосымша

      Ескерту. 12-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

________________________________________
   (Ұлттық Банк филиалының атауы)

N_________ ақша белгілерін сараптау актісі

______ жылғы "____" _______________

      Осы акті 20__ жылғы "_____" ______________ Ұлттық Банктің
__________________________________________________________________
     (ақша белгісінің сараптамасын жүргізген филиалдың атауы)
__________________________________________________________________
клиенттің- заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні
анықтаған күмәнды ақша белгісі (белгілері) түскендіктен жасалды.

      Жүргізілген сараптама нәтижелері төменде көрсетілген ақша
белгілері:
__________________________________________________________________
   (банкнот үшін) номиналы, сериясы және нөмірі не (монета үшін)
__________________________________________________________________
           номиналы және металл маркасы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(төлем қабілетті, төлем қабілетінсіз, қолдан жасау белгілері
__________________________________________________________________
    бар, зауыттық ақау белгілері бар, қолдан жасалған, қосымша
__________________________________________________________________
                      сараптаманы қажет ететіндер)

деп танылды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкес айырбастауға жатады (жатпайды).

Негіздеме: күмәнды банкноттар мен монеталарға N(N) _____ қорытынды
(қорытындылар)

Акт __ данада жасалды.

__________________________________ __________ аты-жөні
           (қызметі)                 (қолы)