Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 434-бабына сәйкес бұйырамын: Қараңыз.K100296
1. Қоса беріліп отырған Кедендік бақылау аймақтарын құру, белгілеу және оған ену ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Кедендік бақылау аймақтары туралы"
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 200 бұйрығымен бекітілген
Кедендік бақылау аймақтарын құру, белгілеу және
оған ену ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік бақылау аймақтарын құру, белгілеу және оған ену ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі)434-бабына сәйкес әзірленді және кедендік бақылау аймақтарын құрудың, белгілеудің және кедендік бақылау аймақтарына кірудің тәртібін айқындайды. Қараңыз.K100296
2. Кедендік ресімдеу, күні бұрынғы операциялар жүргізу, тауарларды қайта тиеу, оларды қарау және кедендік тексеру орындары, уақытша сақтау орындары, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының тұрақтары, кеден қоймалары, арнайы экономикалық аймақ аумақтары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері және жолаушылармен тауар ағымдарының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстары дамуының қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын Қазақстан Республикасы кеден органдарының орналасқан орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
3. Кедендік бақылау аймақтарының шектері шартты сызықпен шектеледі.
2. Кедендік бақылау аймақтарын құру және белгілеу
4. Кедендік бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген орындарда құрылады.
5. Орындарды кедендік бақылау аймағы деп тану үшін:
1) уақытша сақтау орындары деп тану туралы шешім және уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы, кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия;
2) кеден органының орналасқан орны туралы тіркеу құжаты;
3) Кеден кодексінің 20-бабына сәйкес, кедендік ресімдеу орындарын оның ішінде әуежайларда, порттарда, теміржол станцияларында белгілеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының шешімі;Қараңыз.K100296
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық өткізу пункттерін немесе арнайы экономикалық аймақты құру (ашу) туралы акт негіз болып табылады.
6. Кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім Қазақстан Республикасы кеден органының бұйрығы нысанында ресімделеді.
7. Тұрақты кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:
1) автомагистралдарда - жарық шағылыстырғыш қабаты бар ақпараттық-нұсқау белгілерімен және (немесе) "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың талаптарына сәйкес ішкі және сыртқы жарықтандыру;
2) осы Ережеде көрсетілген өзге де орындарда - мынадай мөлшердегі белгілермен: биіктігі - 50 см, ені - 100 см. Белгінің көк алаңында ақ әріптермен үш жолға (қазақ, орыс және ағылшын) үш тілде "Кедендік бақылау аймағы" жазуы орындалады. Әріптердің мөлшері биіктігі бойынша - 10 см, ені - 3,7 см болуы тиіс;
3) кедендік бақылау аймағы суда жарық шағылыстырғыш бояумен орындалған "Кедендік бақылау аймағы" жазуы қызыл түсті бояумен белгіленуі мүмкін.
8. Кедендік бақылаудың уақытша аймақтарын құру туралы шешімді кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс қарауды немесе кедендік тексеруді жүзеге асыру қажеттілігі жағдайында кеден органының лауазымды адамы қабылдайды. Уақытша кедендік бақылау аймағын белгілеудің мерзімі 8 сағаттан аспауы тиіс.
9. Уақытша кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:
1) уақытша бақылау аймақтарының шектері периметрі бойынша бірдей аралықтарда "кедендік бақылау аймағы" деген жазуы бар ені 50 миллиметрден кем емес ақшыл сары түсті созылмалы жолақпен, не бір бірінен 2 метрден аспайтын қашықтықтағы және 0,5 метрден кем емес, алайда қаралатын немесе тексерілетін көлік құралынан 4 метрден артық емес қашықтықтағы жол конустарымен шектеледі.
2) уақытша кедендік бақылау аймағы автомобиль жолдарына жақын (оларға жақын алаңдар мен түйісулерде) орналасқан жағдайда, 3.17.1 жол тобының "Кеден" белгісі қолданылады;
3) уақытша кедендік бақылау аймағы оның шектері басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмейтіндей етіп белгіленеді.
3. Кедендік бақылау аймағына кіру
10. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2008.11.19 N 574 Бұйрығымен.
11. Кедендік бақылау аймағының шегінде тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына, сондай-ақ өндірістік және өзге де кәсіпкерлік іс-әрекетті жүзеге асыруға тауарлармен белгілі бір операцияларды жүргізу кеден режимінің шарттарында қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
12. Кедендік бақылау аймағында шаруашылық жүргізуші субъектілердің, онда тұрақты тұратын жеке тұлғаларының тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау аймағының шегінде, сондай-ақ оның мемлекеттік шекарамен түйіспейтін шекарасы арқылы (Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін жағдайларды қоспағанда) өткізуі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және көлік құралдарына арналған арнайы рұқсат қағаздары бойынша жүргізіледі. Арнайы рұқсат қағазын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасында шекаралық, ветеринарлық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерін жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының кеден органы береді.
13. Егер, оларды жасау кедендік бақылау аймағының бағытына және жұмыс режиміне сәйкес келмесе, тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге өндірістік және өзге де кәсіпкерлік іс-әрекетті жүзеге асыруға жол берілмейді.
14. Осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтары шектеріндегі өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын қоса алғанда өндірістік және өзге де кәсіпкерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы кеден органының және оның арнайы берілген рұқсат қағаздары (қосымша) бойынша бақылауымен жол беріледі.
15. Кедендік бақылау аймағына енуге арналған тұрақты рұқсат қағаздарын олардың лауазымдық міндеттерін орындауы бұл тұлғалардың кедендік бақылау аймағында болуымен тікелей байланысты мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уәкілетті тұлғалары ресімдейді.
Тұрақты рұқсат қағаздары ұйымның немесе кәсіпорынның жазбаша өтініші негізінде бір жыл мерзімге беріледі және оған кеден органының бастығы қол қояды.
Тұрақты рұқсат қағаздарының берілуін тіркеу арнайы журналда жүргізіледі.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсат қағазы қайтарылып алынады.
16. Кедендік бақылау аймағына кіруге арналған уақытша рұқсат қағаздары мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің өздеріне жүктелген осы тұлғалардың кедендік бақылау аймағында болуымен тікелей байланысты функцияларды орындау мақсатында біржолғы немесе қысқа мерзімде болуы үшін ресімделеді.
Кедендік бақылау аймағына кіруге арналған уақытша рұқсат қағаздарын кедендік бақылау аймағының аумағына тұлғаның кедендік бақылау аймағында бір жолғы болу мерзіміне арналған өткізу режимін жүзеге асыратын кеден органдарының лауазымды адамдары ресімдейді.
Уақытша рұқсат қағаздары жіберілетін адамның жеке басын куәландыратын құжаты ұсынылған және кейіннен тұлғаның кедендік бақылау аймағында болуын бақылайтын кеден органы бөлімшесінің бастығы ауызша рұқсат берген жағдайда беріледі.
Мынадай:
адам алкогольдік немесе есірткілік мастықта болған;
адамның тиісті дәрежедегі сыртқы түрі (спорттық, жағажайлық киімде және т.б.) болмаған;
адам тірі жануарларды ірі көлемдегі заттарды, спирттік ішімдіктерді, аудио-бейне жазба аппараттарын, байланыс құралдарын, қару-жарақты (олар адамдарға кедендік бақылау аймағының аумағында өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда: фельдъегеря, инкассаторлар) кедендік бақылау аймағынан тысқары жерде қалдырудан бас тартқан жағдайда адамдарға кедендік бақылау аймағына кіруге арналған уақытша рұқсат қағаздарын ресімдеуден бас тартылуы мүмкін.
17. Кедендік бақылау аймағына рұқсат қағаздарын ресімдеместен:
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлерін (қызмет куәлігі болған жағдайда);
Кедендік бақылау аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарын білдіретін адамдарды, сондай-ақ кеден шекарасынан өтетін жолаушыларды;
Кедендік бақылау аймағында Кеден кодексінің 88-бабының 1) және 6) тармақшаларында және осы Ереженің 8-тармағында көзделген жағдайларда болуды көздейтін адамдарды (кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органы қызметкерінің ауызша рұқсаты болған жағдайда); Қараңыз.K100296
осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген жағдайда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің қызметкерлерін;
олардың кедендік бақылау аймағында болуы кеден органдары қызметкерлерінің ұдайы еріп жүруін көздейтін ресми адамдарды (аталған аймақты бақылайтын кеден органы бастығының ауызша рұқсаты болған жағдайда) жіберу жүзеге асырылады.
4. Қорытынды ережелер
Кедендік бақылау аймағы режимін бұзғандық үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 400-бабына сәйкес жауаптылық көзделеді.