"Кедендік бақылау аймақтары туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 574 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5377 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Куба Республикасындағы "Густав" және "Айк" дауылдары салдарының нәтижесінде қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Куба Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 75000 (жетпіс бес мың) Евроға (ЕUR) баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банк шотына: "Алушының банкі: Banco Financiero Internacional S.A., La Habana, Сиbа", "Алушының шоты: 030000003347326", "Банктің коды SWIFT: BFICCUHH" аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов