Ескерту: Барлық мәтiн бойынша:
"агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылды;
"Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 407, 408 және 412-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз.K100296
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi;
2) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007.11.14 N 344 Бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдiшевке жүктелсiн.
Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140 бұйрығымен.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Төраға
"Кедендiк бақылаудың
кейбiр мәселелерi туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Кедендік бақылау комитетi
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 201 бұйрығымен
бекітілген
Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 412-бабына сәйкес әзiрлендi және санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың Тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзудiң тәртiбiн және Тiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтердi өтiнiш берушiлерге және кеден органдарына ұсынуды анықтайды.Қараңыз.K100296
2. Санаткерлiк меншiк объектiлерi (бұдан әрi - СМО) бар тауарлар Кеден кодексiнiң 413-бабында көрсетiлген талаптарды сақтаған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiм шығарғаннан кейiн Тiзiлiмге енгiзуге жатады. Қараңыз.K100296
3. Осы Ережеде мынадай түсiнiк пайдаланылады:
тауар белгiсi - бiр жеке және заңды тұлғалардың тауарларын басқа заңды және жеке тұлғалардың бiртектi тауарларынан ажырату үшiн арналған белгi.
2. Тiзiлiм жүргiзу
4. Осы Ереженiң қосымшасына сәйкес Тiзiлiм белгiленген нысан бойынша электронды түрде жүргiзiледi.
5. Тiзiлiмге мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
1) құқық иеленушi: орналасқан орны, заңды және почталық мекен-жайы:
телефон/факс, электрондық құжаттың адресi;
2) тиiстi санаткерлiк меншiк объектiсiн қорғау туралы ақпарат: түрi, атауы және тауар белгiсi (болған жағдайда);
3) өтiнiш берушiнiң құқығын қорғаудағы кеден органдарының әрекеттестiгi қажет мерзiм;
4) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган берген санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң тiркеу нөмiрi;
5) құқық иесiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамдар туралы мәлiметтер;
6) санаткерлiк меншiк құқығының бар екендiгiн растайтын құжаттар туралы ақпарат (тауар белгiсiне арналған куәлiк);
7) санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауар өндiрушiнiң атауы.
6. Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар Кеден кодексiнiң 413-бабының 7-тармағымен көзделген жағдайларда Тiзiлiмнен шығарылуы мүмкiн. Қараңыз.K100296
3. Тiзiлiмдегi ақпараттарды ұсыну
7. Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарды Тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган үш жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары қорғауға жататын объектiнiң Тiзiлiмге енгiзiлгендiгi туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
8. Тiзiлiм жалпыға қолжеткiзiмдi болып табылады.
кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тоқсанына бiр реттен кем емес Тiзiлiмдi өздерi белгiлеген мерзiмдi баспа өнiмдерiнде жариялайды, аталған ақпараттың электронды бұқаралық ақпарат құралдарында таралуын қамтамасыз етедi.
Көрсетiлген ақпаратты жариялау және ұсыну кезiнде құпия сипаттағы мәлiметтердi таратудың шектеуi мен авторлық құқықтарды қорғау туралы талаптар сақталады.
9. Кедендiк бақылау және есебiн жүргiзу мақсаты үшiн, құқық иесiнiң немесе мәлiмдеушiнiң қалауы бойынша, олар Тiзiлiмге кiретiн тауарлар туралы қосымша мәлiметтердi кеден органына ұсынады:
1) заңды импорттаушылар мен экспорттаушылар туралы ақпарат;
2) контрафактiлi тауарлардың негiзгi үлесi шығарылатын және әкелiнетiн елдер туралы мәлiметтер, сондай-ақ оларға қатысты әкелетiн (әкететiн) тауарларда контрафактiлiк белгiлерi анықталған жағдайларда кеден ережелерiн сақтауын бақылауды күшейту қажет болатын импорттаушылар мен экспорттаушылар туралы мәлiметтер.
Көрсетiлген ақпарат және ондағы құпия сипаттағы мәлiметтердi тарату және авторлық құқықтарды қорғау туралы шектеу талаптары құпия сипатта болады.
"Санаткерлік меншік объектілері
бар тауарлардың тізілімін
жүргізудің және оны кеден
органдарына және мәлімдеушіге
жеткізудің ережесі"
қосымша
Ескерту: Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Кедендік бақылау комитетiнiң
санаткерлік меншік объектілері бар
тауарлардың тізілімі
____________________________________________________________________
р/| СМО | СМО | Санат. |Тіркеу| СМО |Тауар |Қорғау |Тізілім.
б | бар |құқық |керлік |нөмері| бар |белгі. |мерзімі| нен
N |тауар.| иесі/ |меншік | | тауар |сіне | | алу
| лар |байланыс|объекті.| |өндіру.|арнал. | |туралы
| |жасайтын|лерінің | |шінің | ған | |мәлімет.
| | адам | түрі, | |атауы |куәлік.| | тер
| |(элек. | атауы | | | тің | |
| |тронды | | | |нөмірі/| |
| | құжат | | | |басқа | |
| |адресі) | | | |құжат. | |
| | | | | | тар | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Кедендiк бақылау комитетiнiң
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 201 бұйрығымен бекiтiлген
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегі мамандарды
аттестациялаудың ережесi
Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 344 бұйрығымен.
Үзінді:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 40-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кедендік бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201 бұйрығының 1-тармағы 2-тармақшасының күші жойылды (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 16 мамырда N 2276 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30(135) жарияланған) деп танылсын;
2. Осы бұйрықтың тізбесіне сәйкес кеден ісі саласындағы бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. ...
5. ...
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
________________________________________