Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң
407
,
408
және
412-баптарына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi;
2) Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялаудың ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Төраға
"Кедендiк бақылаудың
кейбiр мәселелерi туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 201 бұйрығымен
бекітілген
Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi
1. Осы Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi)
412-бабына
сәйкес әзiрлендi және санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың Тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзудiң тәртiбiн және Тiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтердi өтiнiш берушiлерге және кеден органдарына ұсынуды анықтайды.
2. Санаткерлiк меншiк объектiлерi (бұдан әрi - СМО) бар тауарлар Кеден кодексiнiң
413-бабында
көрсетiлген талаптарды сақтаған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiм шығарғаннан кейiн Тiзiлiмге енгiзуге жатады.
3. Осы Ережеде мынадай түсiнiк пайдаланылады:
тауар белгiсi - бiр жеке және заңды тұлғалардың тауарларын басқа заңды және жеке тұлғалардың бiртектi тауарларынан ажырату үшiн арналған белгi.
4. Осы Ереженiң қосымшасына сәйкес Тiзiлiм белгiленген нысан бойынша электронды түрде жүргiзiледi.
5. Тiзiлiмге мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
1) құқық иеленушi: орналасқан орны, заңды және почталық мекен-жайы:
телефон/факс, электрондық құжаттың адресi;
2) тиiстi санаткерлiк меншiк объектiсiн қорғау туралы ақпарат: түрi, атауы және тауар белгiсi (болған жағдайда);
3) өтiнiш берушiнiң құқығын қорғаудағы кеден органдарының әрекеттестiгi қажет мерзiм;
4) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган берген санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң тiркеу нөмiрi;
5) құқық иесiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамдар туралы мәлiметтер;
6) санаткерлiк меншiк құқығының бар екендiгiн растайтын құжаттар туралы ақпарат (тауар белгiсiне арналған куәлiк);
7) санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауар өндiрушiнiң атауы.
6. Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар Кеден кодексiнiң
413-бабының
7-тармағымен көзделген жағдайларда Тiзiлiмнен шығарылуы мүмкiн.
3. Тiзiлiмдегi ақпараттарды ұсыну
7. Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарды Тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган үш жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары қорғауға жататын объектiнiң Тiзiлiмге енгiзiлгендiгi туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
8. Тiзiлiм жалпыға қолжеткiзiмдi болып табылады.
кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тоқсанына бiр реттен кем емес Тiзiлiмдi өздерi белгiлеген мерзiмдi баспа өнiмдерiнде жариялайды, аталған ақпараттың электронды бұқаралық ақпарат құралдарында таралуын қамтамасыз етедi.
Көрсетiлген ақпаратты жариялау және ұсыну кезiнде құпия сипаттағы мәлiметтердi таратудың шектеуi мен авторлық құқықтарды қорғау туралы талаптар сақталады.
9. Кедендiк бақылау және есебiн жүргiзу мақсаты үшiн, құқық иесiнiң немесе мәлiмдеушiнiң қалауы бойынша, олар Тiзiлiмге кiретiн тауарлар туралы қосымша мәлiметтердi кеден органына ұсынады:
1) заңды импорттаушылар мен экспорттаушылар туралы ақпарат;
2) контрафактiлi тауарлардың негiзгi үлесi шығарылатын және әкелiнетiн елдер туралы мәлiметтер, сондай-ақ оларға қатысты әкелетiн (әкететiн) тауарларда контрафактiлiк белгiлерi анықталған жағдайларда кеден ережелерiн сақтауын бақылауды күшейту қажет болатын импорттаушылар мен экспорттаушылар туралы мәлiметтер.
Көрсетiлген ақпарат және ондағы құпия сипаттағы мәлiметтердi тарату және авторлық құқықтарды қорғау туралы шектеу талаптары құпия сипатта болады.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 201 бұйрығымен бекітілген
"Санаткерлік меншік объектілері
бар тауарлардың тізілімін
жүргізудің және оны кеден
органдарына және мәлімдеушіге
жеткізудің ережесі"
қосымша
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің санаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың тізілімі
____________________________________________________________________
р/| СМО | СМО | Санат. |Тіркеу| СМО |Тауар |Қорғау |Тізілім.
б | бар |құқық |керлік |нөмері| бар |белгі. |мерзімі| нен
N |тауар.| иесі/ |меншік | | тауар |сіне | | алу
| лар |байланыс|объекті.| |өндіру.|арнал. | |туралы
| |жасайтын|лерінің | |шінің | ған | |мәлімет.
| | адам | түрі, | |атауы |куәлік.| | тер
| |(элек. | атауы | | | тің | |
| |тронды | | | |нөмірі/| |
| | құжат | | | |басқа | |
| |адресі) | | | |құжат. | |
| | | | | | тар | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 201 бұйрығымен
бекiтiлген
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегі мамандарды
аттестациялаудың ережесi
1. Осы Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң
408
,
409-баптарына
сәйкес әзiрлендi және кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға (бұдан әрi - маман) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, бiлiктiлiк аттестатын (бұдан әрi - аттестат) мамандарды аттестациялауды жүргiзу, беру туралы өтiнiштi қараудың, аттестатты берудiң, қайтарып алудың, қайта тiркеудiң, аттестаттың қолданысын тоқтатудың және қайта қолданысқа енгiзудiң, аттестатты жарамсыз деп танудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Маман өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Кеден кодексiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
3. Маман өз штатында тұратын кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу жөнiндегі iс-қимылды жасауға құқылы.
4. Кедендiк брокер мен маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын жеке еңбек шартының негiзiнде құрылады.
5. Маман кеден брокерiмен жеке еңбек шарты жасалған сәттен бастап кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу жөнiндегi iс-қимылды жасауға құқылы. Мұндай шартты бұзған жағдайда кеден брокерi Кеден кодексiнде белгiленген мерзiмде кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
6. Екi және одан да көп кеден брокерiнiң штатындағы бiр маманның бiр мезгiлде кедендiк ресiмдеу жөнiндегi iс-қимылды жүзеге асыруына жол берiлмейдi.
7. Кедендiк ресiмдеу бойынша мамандардың тiзiлiмiн кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргiзедi.
2. Маманға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
8. Толық көлемде жұмысқа қабiлеттi, ортадан төмен емес арнайы бiлiмi бар және кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның аттестатын алу үшiн бiлiктiлiк емтиханын тапсырған жеке тұлға маман бола алады.
9. Бiлiктiлiк емтиханы мынадай пәндер бойынша өткiзiледi:
кеден құқығы және кеден iсi;
сыртқы экономикалық қызмет және оның мемлекеттiк реттелуi;
конституциялық, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық, еңбек, халықаралық құқықтардың негiздерi;
салықтық, валюталық заңдардың негiздерi;
кеден брокерiнiң тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органдарымен өзара iс-қимылының қазiргi кездегi автоматтандырылған технологиясы.
10. Бiлiктiлiк емтихандары кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялауға белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
11. Бiлiктiлiк емтиханын өткiзуге арналған сұрақтардың тiзбесiн Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялау жөнiндегi уәкiлеттi органның Орталық комиссиясы (бұдан әрi - Орталық комиссия) бекiтедi.
12. Аттестат алу үшiн Уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
белгiленген нысан бойынша аттестат беру туралы өтiнiш (1-қосымша);
аттестат берiлгенi үшiн алым төлегендiгi туралы түбiртек.
3. Мамандарды аттестациядан өткiзудiң тәртiбi
13. Мамандарды аттестациялау:
аттестат берiлген сәттен бастап әрбiр үш жыл өткеннен кейiн;
кеден iсiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгерген жағдайда жүргiзiледi.
14. Мамандарды кезектi аттестациядан өткiзу туралы шешiмдi Орталық комиссия қабылдайды және ол жариялануға жатады.
15. Орталық комиссия аттестация жүргiзудiң күнi, орны және басқа шарттары туралы мамандарды хабардар етедi.
16. Мамандарды аттестациялау Орталық комиссияның шешiмi бойынша бiлiктiлiк емтиханын немесе тecт тапсыру нысанында жүргiзiлуi мүмкiн.
17. Қазақстан Республикасындағы кеден iсiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгергендiгi туралы шешiмдi Уәкiлеттi орган қабылдайды. Бұл ретте, барлық мамандарды аттестациялау тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап үш айдың iшiнде жүргiзiледi.
18. Кеден iсiн құқықтық реттеу елеулі түрде өзгерген жағдайда аттестация өткiзу туралы шешiм аттестацияның күнi, өткiзiлетiн орны және нысаны көрсетiле отырып жариялануға жатады.
19. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманды қайта аттестациялау кезiнде бiлiктiлiк аттестатын беру үшiн алынатын алым төленбестен, осы Ереженiң 20-22-тармақтарында белгiленген тәртiппен жаңа бланк берiле отырып аттестатты қайта ресiмдеу жүргiзiледi.
20. Белгiленген нысан бойынша (2-қосымша) аттестатты беру өтiнiш түскен күннен бастап 30 күннiң iшiнде жүргiзiледi.
21. Аттестатты берген кезде Уәкiлеттi орган белгiленген нысан бойынша (3-қосымша) мамандар аттестаттарын тiркеу журналында тiркеу жүргiзедi.
22. Аттестатпен бiрге маманға нөмiрi аттестаттың тiркелу нөмiрiне сәйкес келуi тиiс болатын белгiленген нысан бойынша (4-қосымша) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның есiмi жазылған бейджы және маманның жеке нөмiрлiк мөрi берiледi.
4. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың тәртiбi
23. Аттестаттың қолданылуын уәкiлеттi орган екi айға дейiнгi мерзiмге:
1) кеден iсiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгерген жағдайда маман бiр айлық мерзiмде өзiнiң бiлiмiн жаңа талаптарға лайық растай алмаса;
2) қойылатын талаптарға маманның сәйкестiгiн растау мақсатында айлық мерзiмде аттестациялау кезiнде маман аттестациядан өтпесе, тоқтатуы мүмкiн.
24. Аттестаттың қолданылуын тоқтата түру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган бұйрық нысанында қабылдайды және бұл шешiм қабылданған күнiнен немесе Қазақстан Республикасы сотының шешiмi күшiне енген сәттен бастап күшiне енедi.
25. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған уәкiлеттi орган маманды, штатта тұрған маманды, кеден брокерiн хабардар етедi.
26. Аттестаттың қолданылуы:
осы Тәртiптiң 23-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатыла тұрса - осы Тәртiпте көзделген тәртiппен аттестациялаудан өткеннен кейiн уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қайтадан күшiне енедi.
27. Аттестаттың қолданылуы осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көзделген тәртiппен аттестациядан өткеннен кейiн Уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен қайтадан күшiне енедi.
28. Кеден iсiн құқықтық реттеудi елеулi түрде өзгерту туралы және көрсетiлген негiздер бойынша аттестаттардың қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды және жариялануға жатады.
29. Маманның iс-әрекетiнен аттестаттың қолданылуын тоқтата түру үшiн негiз болып табылатын жолсыздықтарды тапқан кеден органы бұл туралы уәкiлеттi органды жедел түрде хабардар етедi.
30. Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша аттестаттың қолданылуы тоқтата тұрған кезде маман кедендік ресiмдеу жөнiндегi қызметті жасауға құқығы жоқ.
5. Аттестаттарды қайтарып алудың және оларды
жарамсыз деп танудың тәртiбi
31. Аттестат Кеден кодексiнiң
408-бабының
6-тармағында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi орган қайтарып алуы мүмкiн.
32. Аттестатты қайтарып алу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган бұйрық нысанында қабылдайды. Қазақстан Республикасы сотының шешiмi бойынша қайтарып алу кезiнде бұйрық шығару талап етiлмейдi.
33. Аттестатты қайтарып алған кезде Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы маманды және штатында маман тұратын кеден брокерiн жазбаша түрде хабардар етедi.
34. Аттестатты қайтарып алу немесе оны жарамсыз деп тану туралы хабарлама алған маман бұл шешiм қабылданған күннен бастап 15 күннiң iшiнде аталған шешiмдi қабылдаған кеден органына аттестатын, жеке бейджын және жеке нөмiрлiк мөрiн тапсыруы тиiс.
35. Аттестатты қайта беру туралы өтiнiш белгiленген тәртiпке сәйкес, қайтарып алуға немесе жарамсыз деп тануға негiз болған себептердi жою шартымен, оны қайтарып алған немесе жарамсыз деп таныған күннен бастап, алты ай өткеннен кейiн не сот белгiлеген мерзiм аяқталғаннан кейiн қаралуы мүмкiн.
36. Аттестатты қайтадан беру осы Тәртiпке сәйкес жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
37. Маманның өтiнiшi бойынша аттестат жоғалған жағдайда, аттестат жарамсыз деп танылады.
6. Аттестаттарды қайта тiркеу тәртiбi
38. Кедендiк брокердi банкрот деп таныған жағдайда онда жұмыс iстейтiн мамандардың аттестаттары қайта тiркелуi тиiс.
39. Аттестаттарды қайта тiркеу уәкiлеттi органның мамандар тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
40. Аттестатты қайта тiркеу кедендiк брокердiң банкротқа ұшырау фактiсiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi қоса тiркелген маманның тиiстi хабарламасын алған күннен бастап 10 күн iшiнде жүргiзiледi.
41. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның аттестаты және (немесе) жеке бейджы және (немесе) маманның жеке нөмiрлiк мөрi жоғалған, сондай-ақ маманның тегi өзгерген жағдайда маманның өтiнiшi бойынша тиiсiнше аттестаттың, жеке бейджы, жеке нөмiрлiк мөрдiң көшiрмесi берiледi.
42. Бiлiктiлiк аттестатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым түсiрiлуi мүмкiн.
Кедендік ресімдеу жөніндегі
маманға біліктілік аттестатын
берудің тәртібіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Кедендік
бақылау агенттігінің төрағасына
_________________________
(Т.Е.Ә.)
Өтiнiш
(машинажазба түрiнде толтырылады)
Кедендiк ресімдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын берудi сұраймын.
Қоса берiлiп отырған құжаттар:
1) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның жеке басы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;
2) бiлiктiлiк аттестатын беру үшiн алымды төлегенiн растайтын құжат, 200__ жылғы "___" ____________ N ____.
Төлем Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 200__ жылғы "___" ___________ 1 ЕВРО - _______ теңге бағамы бойынша жасалды.
_______________ Күні "___" __________ 200_ жыл
(қолы)
Кедендік ресімдеу жөніндегі
маманға біліктілік аттестатын
берудің тәртібіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның аттестаты
Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестатциялау жөнiндегi Орталық комиссиясының шешiмiмен
___________________________________________________________________
(тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi)
19__ жылы туған, төлқұжатының (жеке куәлiгiнiң) N ______________,
___________________________________________________________ берген
(кiм, қашан берген)
кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу бойынша iс-қимыл жасау құқығы және КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ ЖӨНIНДЕГI МАМАН бiлiктiлiгi берiледi.
200__ "___" ___________ N ________ хаттама
Орталық комиссияның төрағасы _____________
(қолы)
Аттестациялық комиссияның хатшысы _____________
(қолы)
Tipкеу N _____
М.О.
Кедендік ресімдеу жөніндегі
маманға біліктілік аттестатын
берудің тәртібіне
3-қосымша
Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттарын тіркеу журналы
___________________________________________________________________
р/б |Біліктілік |Хаттаманың |Аттестаттың | Алымды | Аттестат
N |аттестатын | нөмірі | тіркеу N | төлегендігі | берілген
|алушы адам | | | туралы р/қ | күн
| | | | N мен күні |
___________________________________________________________________
Кедендік ресімдеу жөніндегі
маманға біліктілік аттестатын
берудің тәртібіне
4-қосымша
Кедендік ресімдеу жөніндегі маман N ХХХХХ
Тегі ______________________________________________________________
Есімі _____________________________________________________________
Әкесінің есімі ____________________________________________________
Фотосурет 200__ жылғы "___"_______ дейін жарамды
Қолы __________________
М.О.