Кедендiк бақылаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2276

Жаңартылған

       Ескерту: Барлық мәтiн бойынша:
      "агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылды;
      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  407 408  және  412-баптарына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi;
      2) Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялаудың ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары  Б.Т.Әбдiшевке жүктелсiн.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелген күнінен бастап күшiне енедi.

       Төраға

"Кедендiк бақылаудың     
кейбiр мәселелерi туралы"  
Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрлiгi     
Кедендік бақылау комитетi
төрағасының         
2003 жылғы 13 мамырдағы  
N 201 бұйрығымен      
бекітілген          

  Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi)  412-бабына  сәйкес әзiрлендi және санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың Тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзудiң тәртiбiн және Тiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтердi өтiнiш берушiлерге және кеден органдарына ұсынуды анықтайды.

      2. Санаткерлiк меншiк объектiлерi (бұдан әрi - СМО) бар тауарлар Кеден кодексiнiң  413-бабында  көрсетiлген талаптарды сақтаған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiм шығарғаннан кейiн Тiзiлiмге енгiзуге жатады.

      3. Осы Ережеде мынадай түсiнiк пайдаланылады:
      тауар белгiсi - бiр жеке және заңды тұлғалардың тауарларын басқа заңды және жеке тұлғалардың бiртектi тауарларынан ажырату үшiн арналған белгi.

  2. Тiзiлiм жүргiзу

      4. Осы Ереженiң қосымшасына сәйкес Тiзiлiм белгiленген нысан бойынша электронды түрде жүргiзiледi.

      5. Тiзiлiмге мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
      1) құқық иеленушi: орналасқан орны, заңды және почталық мекен-жайы:
      телефон/факс, электрондық құжаттың адресi;
      2) тиiстi санаткерлiк меншiк объектiсiн қорғау туралы ақпарат: түрi, атауы және тауар белгiсi (болған жағдайда);
      3) өтiнiш берушiнiң құқығын қорғаудағы кеден органдарының әрекеттестiгi қажет мерзiм;
      4) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган берген санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) құқық иесiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамдар туралы мәлiметтер;
      6) санаткерлiк меншiк құқығының бар екендiгiн растайтын құжаттар туралы ақпарат (тауар белгiсiне арналған куәлiк);
      7) санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауар өндiрушiнiң атауы.

      6. Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар Кеден кодексiнiң  413-бабының  7-тармағымен көзделген жағдайларда Тiзiлiмнен шығарылуы мүмкiн.

  3. Тiзiлiмдегi ақпараттарды ұсыну

      7. Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарды Тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган үш жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары қорғауға жататын объектiнiң Тiзiлiмге енгiзiлгендiгi туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.

      8. Тiзiлiм жалпыға қолжеткiзiмдi болып табылады.
      кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тоқсанына бiр реттен кем емес Тiзiлiмдi өздерi белгiлеген мерзiмдi баспа өнiмдерiнде жариялайды, аталған ақпараттың электронды бұқаралық ақпарат құралдарында таралуын қамтамасыз етедi.
      Көрсетiлген ақпаратты жариялау және ұсыну кезiнде құпия сипаттағы мәлiметтердi таратудың шектеуi мен авторлық құқықтарды қорғау туралы талаптар сақталады.

      9. Кедендiк бақылау және есебiн жүргiзу мақсаты үшiн, құқық иесiнiң немесе мәлiмдеушiнiң қалауы бойынша, олар Тiзiлiмге кiретiн тауарлар туралы қосымша мәлiметтердi кеден органына ұсынады:
      1) заңды импорттаушылар мен экспорттаушылар туралы ақпарат;
      2) контрафактiлi тауарлардың негiзгi үлесi шығарылатын және әкелiнетiн елдер туралы мәлiметтер, сондай-ақ оларға қатысты әкелетiн (әкететiн) тауарларда контрафактiлiк белгiлерi анықталған жағдайларда кеден ережелерiн сақтауын бақылауды күшейту қажет болатын импорттаушылар мен экспорттаушылар туралы мәлiметтер.
      Көрсетiлген ақпарат және ондағы құпия сипаттағы мәлiметтердi тарату және авторлық құқықтарды қорғау туралы шектеу талаптары құпия сипатта болады.

                                     "Санаткерлік меншік объектілері
                                        бар тауарлардың тізілімін
                                        жүргізудің және оны кеден
                                      органдарына және мәлімдеушіге 
                                           жеткізудің ережесі"
                                                 қосымша  

       Ескерту: Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .            

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 
                Кедендік бақылау комитетiнiң
            санаткерлік меншік объектілері бар
                   тауарлардың тізілімі

____________________________________________________________________
р/| СМО  |  СМО   | Санат. |Тіркеу| СМО   |Тауар  |Қорғау |Тізілім.
б | бар  |құқық   |керлік  |нөмері| бар   |белгі. |мерзімі| нен
N |тауар.| иесі/  |меншік  |      | тауар |сіне   |       | алу
  | лар  |байланыс|объекті.|      |өндіру.|арнал. |       |туралы
  |      |жасайтын|лерінің |      |шінің  | ған   |       |мәлімет.
  |      |  адам  | түрі,  |      |атауы  |куәлік.|       |  тер
  |      |(элек.  | атауы  |      |       | тің   |       |
  |      |тронды  |        |      |       |нөмірі/|       |
  |      | құжат  |        |      |       |басқа  |       |
  |      |адресі) |        |      |       |құжат. |       |
  |      |        |        |      |       | тар   |       |
____________________________________________________________________
 1   2       3        4       5      6        7       8       9
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрлiгi      
Кедендiк бақылау комитетiнiң
төрағасының          
2003 жылғы 13 мамырдағы   
N 201 бұйрығымен бекiтiлген 

  Кедендiк ресiмдеу жөнiндегі мамандарды
аттестациялаудың ережесi

        

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  408 409-баптарына  сәйкес әзiрлендi және кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманға (бұдан әрi - маман) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, бiлiктiлiк аттестатын (бұдан әрi - аттестат) мамандарды аттестациялауды жүргiзу, беру туралы өтiнiштi қараудың, аттестатты берудiң, қайтарып алудың, қайта тiркеудiң, аттестаттың қолданысын тоқтатудың және қайта қолданысқа енгiзудiң, аттестатты жарамсыз деп танудың тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Маман өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Кеден кодексiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

      3. Маман өз штатында тұратын кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу жөнiндегі iс-қимылды жасауға құқылы.

      4. Кедендiк брокер мен маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын жеке еңбек шартының негiзiнде құрылады.

      5. Маман кеден брокерiмен жеке еңбек шарты жасалған сәттен бастап кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу жөнiндегi iс-қимылды жасауға құқылы. Мұндай шартты бұзған жағдайда кеден брокерi Кеден кодексiнде белгiленген мерзiмде кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.

      6. Екi және одан да көп кеден брокерiнiң штатындағы бiр маманның бiр мезгiлде кедендiк ресiмдеу жөнiндегi iс-қимылды жүзеге асыруына жол берiлмейдi.

      7. Кедендiк ресiмдеу бойынша мамандардың тiзiлiмiн кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргiзедi.

  2. Маманға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      8. Толық көлемде жұмысқа қабiлеттi, ортадан төмен емес арнайы бiлiмi бар және кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның аттестатын алу үшiн бiлiктiлiк емтиханын тапсырған жеке тұлға маман бола алады.

      9. Бiлiктiлiк емтиханы мынадай пәндер бойынша өткiзiледi:
      кеден құқығы және кеден iсi;
      сыртқы экономикалық қызмет және оның мемлекеттiк реттелуi;
      конституциялық, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық, еңбек, халықаралық құқықтардың негiздерi;
      салықтық, валюталық заңдардың негiздерi;
      кеден брокерiнiң тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органдарымен өзара iс-қимылының қазiргi кездегi автоматтандырылған технологиясы.

      10. Бiлiктiлiк емтихандары кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялауға белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

      11. Бiлiктiлiк емтиханын өткiзуге арналған сұрақтардың тiзбесiн Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялау жөнiндегi уәкiлеттi органның Орталық комиссиясы (бұдан әрi - Орталық комиссия) бекiтедi.

      12. Аттестат алу үшiн Уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
      белгiленген нысан бойынша аттестат беру туралы өтiнiш (1-қосымша);
      аттестат берiлгенi үшiн алым төлегендiгi туралы түбiртек.

  3. Мамандарды аттестациядан өткiзудiң тәртiбi

      13. Мамандарды аттестациялау:
      аттестат берiлген сәттен бастап әрбiр үш жыл өткеннен кейiн;
      кеден iсiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгерген жағдайда жүргiзiледi.

      14. Мамандарды аттестациядан өткiзу туралы шешiмдi Орталық комиссия қабылдайды және ол жариялануға жатады.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      15. Орталық комиссия аттестация жүргiзудiң күнi, орны және басқа шарттары туралы мамандарды хабардар етедi.

      16. Мамандарды аттестациялау Орталық комиссияның шешiмi бойынша бiлiктiлiк емтиханын немесе тecт тапсыру нысанында жүргiзiлуi мүмкiн.

      17. Қазақстан Республикасындағы кеден iсiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгергендiгi туралы шешiмдi Уәкiлеттi орган қабылдайды. Бұл ретте, барлық мамандарды аттестациялау тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап үш айдың iшiнде жүргiзiледi.

      18. Кеден iсiн құқықтық реттеу елеулі түрде өзгерген жағдайда аттестация өткiзу туралы шешiм аттестацияның күнi, өткiзiлетiн орны және нысаны көрсетiле отырып жариялануға жатады.

      19. Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманды қайта аттестациялау кезiнде бiлiктiлiк аттестатын беру үшiн алынатын алым төленбестен, осы Ереженiң 20-22-тармақтарында белгiленген тәртiппен жаңа бланк берiле отырып аттестатты қайта ресiмдеу жүргiзiледi.

      20. Белгiленген нысан бойынша (2-қосымша) аттестатты беру өтiнiш түскен күннен бастап 30 күннiң iшiнде жүргiзiледi.

      21. Аттестатты берген кезде Уәкiлеттi орган белгiленген нысан бойынша (3-қосымша) мамандар аттестаттарын тiркеу журналында тiркеу жүргiзедi.

      22. Аттестатпен бiрге маманға нөмiрi аттестаттың тiркелу нөмiрiне сәйкес келуi тиiс болатын белгiленген нысан бойынша (4-қосымша) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның есiмi жазылған бейджы берiледi.
       Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      22-1. Аттестат пен жеке бейджды алғаннан кейiн маман кедендiк ресiмдеу жөнiндегi қызметтердi жасау үшiн жеке нөмiрлiк мөр (бұдан әрi - мөр) дайындайды.
      Мөр мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
      физикалық параметрлерi: жалпы өлшемi - 38 х 14 миллиметр, сыртқы шеңберi - 36 х 12 миллиметр, iшкi шеңберi - 35 х 11 миллиметр;
      аттестаттың нөмiрi шеңбердiң сыртында сол жақта үстiнен және оң жақта астынан, сондай-ақ шеңбердiң iшiнде төменгi жиек бойынша мөрдiң ортасында көрсетiледi;
      шеңбердiң iшкi оң жағында Қазақстан Республикасы кеден органының тану белгiсi (эмблемасы): iшiнде шаңырақ бейнеленген сегiзқырлы жұлдыз көрсетiледi;
      жұлдыз iшiнде шаңырақтың үстiнде "Кеден" деген жазу және шаңырақтың астында - "Customs" деген жазу көрсетiледi.
       Ескерту: 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

  4. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың тәртiбi

      23. Аттестаттың қолданылуын уәкiлеттi орган екi айға дейiнгi мерзiмге:
      1) кеден iсiн құқықтық реттеу елеулi түрде өзгерген жағдайда маман бiр айлық мерзiмде өзiнiң бiлiмiн жаңа талаптарға лайық растай алмаса;
      2) қойылатын талаптарға маманның сәйкестiгiн растау мақсатында айлық мерзiмде аттестациялау кезiнде маман аттестациядан өтпесе, тоқтатуы мүмкiн.

      24. Аттестаттың қолданылуын тоқтата түру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган бұйрық нысанында қабылдайды және бұл шешiм қабылданған күнiнен немесе Қазақстан Республикасы сотының шешiмi күшiне енген сәттен бастап күшiне енедi.

      25. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған уәкiлеттi орган маманды, штатта тұрған маманды, кеден брокерiн хабардар етедi.

      26. Аттестаттың қолданылуы:
      осы Тәртiптiң 23-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатыла тұрса - осы Тәртiпте көзделген тәртiппен аттестациялаудан өткеннен кейiн уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қайтадан күшiне енедi.

      27. Аттестаттың қолданылуы осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көзделген тәртiппен аттестациядан өткеннен кейiн Уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен қайтадан күшiне енедi.

      28. Кеден iсiн құқықтық реттеудi елеулi түрде өзгерту туралы және көрсетiлген негiздер бойынша аттестаттардың қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды және жариялануға жатады.

      29. Маманның iс-әрекетiнен аттестаттың қолданылуын тоқтата түру үшiн негiз болып табылатын жолсыздықтарды тапқан кеден органы бұл туралы уәкiлеттi органды жедел түрде хабардар етедi.

      30. Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша аттестаттың қолданылуы тоқтата тұрған кезде маман кедендік ресiмдеу жөнiндегi қызметті жасауға құқығы жоқ.

  5. Аттестаттарды қайтарып алудың және оларды
жарамсыз деп танудың тәртiбi

      31. Аттестат Кеден кодексiнiң  408-бабының  6-тармағында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi орган қайтарып алуы мүмкiн.

      32. Аттестатты қайтарып алу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган бұйрық нысанында қабылдайды. Қазақстан Республикасы сотының шешiмi бойынша қайтарып алу кезiнде бұйрық шығару талап етiлмейдi.

      33. Аттестатты қайтарып алған кезде Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы маманды және штатында маман тұратын кеден брокерiн жазбаша түрде хабардар етедi.

      34. Аттестатты қайтарып алу немесе оны жарамсыз деп тану туралы хабарлама алған маман бұл шешiм қабылданған күннен бастап 15 күннiң iшiнде аталған шешiмдi қабылдаған кеден органына аттестатын, жеке бейджын және мөрiн тапсыруы тиiс.
       Ескерту: 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      35. Аттестатты қайта беру туралы өтiнiш белгiленген тәртiпке сәйкес, қайтарып алуға немесе жарамсыз деп тануға негiз болған себептердi жою шартымен, оны қайтарып алған немесе жарамсыз деп таныған күннен бастап, алты ай өткеннен кейiн не сот белгiлеген мерзiм аяқталғаннан кейiн қаралуы мүмкiн.

      36. Аттестатты қайтадан беру осы Тәртiпке сәйкес жалпы тәртiппен жүргiзiледi.

      37. Маманның өтiнiшi бойынша аттестат жоғалған жағдайда, аттестат жарамсыз деп танылады.

  6. Аттестаттарды қайта тiркеу тәртiбi

      38. Кедендiк брокердi банкрот деп таныған жағдайда онда жұмыс iстейтiн мамандардың аттестаттары қайта тiркелуi тиiс.

      39. Аттестаттарды қайта тiркеу уәкiлеттi органның мамандар тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзу жолымен жүзеге асырылады.

      40. Аттестатты қайта тiркеу кедендiк брокердiң банкротқа ұшырау фактiсiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi қоса тiркелген маманның тиiстi хабарламасын алған күннен бастап 10 күн iшiнде жүргiзiледi.

  7. Қорытынды ережелер

      41. Аттестатты және (немесе) жеке бейджды жоғалтқан жағдайда, маман он жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi органға жоғалту жағдайлары туралы мәлiметтердi баяндай отырып және аттестат пен жеке бейдждың көшiрмесiн беру туралы қолдаухатпен жазбаша өтiнiш жолдайды.
      Өтiнiшке қоса:
      1) маманның жеке бас куәлiгiнiң көшiрмесi;
      2) егер жеке бейдж жоғалған жағдайда, маманның түрлi-түстi екi фотосы (3х4 мөлшерiндегi) берiледi.
      Көшiрмелердi беру кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың тiзiлiмiне сәйкес он жұмыс күнiнiң iшiнде жүргiзiледi.
      Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың бiлiктiлiк аттестаттарын тiркеу журналына көшiрмелердi беру туралы тиiстi жазбалар енгiзiледi.
       Ескерту: 41-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      41-1. Маманның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру себептерi көрсетiле отырып:
      1) өзгерген деректерiмен жеке басы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      2) тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн/неке туралы (неке бұзу туралы) куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      3) маманның түрлi-түстi екi фотосын (3х4 мөлшерiндегi) қоса бере отырып, уәкiлеттi органға аттестат пен жеке бейдждың көшiрмесiн беру туралы жазбаша өтiнiш жiберiледi.
      Көшiрмелердi беру кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың тiзiлiмiне сәйкес он жұмыс күнiнiң iшiнде жүргiзiледi.
      Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың бiлiктiлiк аттестаттарын тiркеу журналына көшiрмелердi беру туралы тиiстi жазбалар енгiзiледi.
       Ескерту: 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      42. Бiлiктiлiк аттестатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым түсiрiлуi мүмкiн.

                                       Кедендік ресімдеу жөніндегі
                                      маманға біліктілік аттестатын
                                            берудің тәртібіне
                                               1-қосымша
 
                                          Қазақстан Республикасы
                                       Қаржы министрлiгi Кедендік
                                     бақылау комитетiнiң төрағасына
                                        _________________________
                                                (Т.Е.Ә.)     

                           Өтiнiш
                  (машинажазба түрiнде толтырылады)

      Кедендiк ресімдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын берудi сұраймын.
      Қоса берiлiп отырған құжаттар:
      1) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның жеке басы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;
      2) бiлiктiлiк аттестатын беру үшiн алымды төлегенiн растайтын құжат, 200__ жылғы "___" ____________ N ____.

      Төлем Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 200__ жылғы "___" ___________ 1 ЕВРО - _______ теңге бағамы бойынша жасалды.

      _______________               Күні "___" __________ 200_ жыл
          (қолы)

                                      Кедендік ресімдеу жөніндегі
                                      маманға біліктілік аттестатын
                                            берудің тәртібіне
                                               2-қосымша

                   Қазақстан Республикасының
                       Қаржы министрлiгi 
                   Кедендiк бақылау комитетi
 
        Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның аттестаты
 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестатциялау жөнiндегi Орталық комиссиясының шешiмiмен

___________________________________________________________________
                     (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi)
19__ жылы туған, төлқұжатының (жеке куәлiгiнiң) N ______________,
___________________________________________________________ берген
                      (кiм, қашан берген)

кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу бойынша iс-қимыл жасау құқығы және КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ ЖӨНIНДЕГI МАМАН бiлiктiлiгi берiледi.

200__ "___" ___________ N ________ хаттама

Орталық комиссияның төрағасы                     _____________
                                                     (қолы)

Аттестациялық комиссияның хатшысы                _____________
                                                     (қолы)

Tipкеу N _____

М.О.

                                       Кедендік ресімдеу жөніндегі
                                      маманға біліктілік аттестатын
                                            берудің тәртібіне
                                               3-қосымша

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен

      Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандардың біліктілік                       аттестаттарын тіркеу журналы

___________________________________________________________________
р/б|Біліктілік|Хаттаманың|Аттестаттың|  Алымды   |Аттестат|
 N |аттестатын|  нөмірі  | тіркеу N  |төлегендігі|берілген|Ескерту
   |алушы адам|          |           |туралы р/қ |  күн   |
   |          |          |           |N мен күні |        |
___________________________________________________________________

                                      Кедендік ресімдеу жөніндегі
                                      маманға біліктілік аттестатын
                                            берудің тәртібіне
                                               4-қосымша

          Кедендік ресімдеу жөніндегі маман N ХХХХХ

Тегі ______________________________________________________________
Есімі _____________________________________________________________
Әкесінің есімі ____________________________________________________

Фотосурет                   200__ жылғы "___"_______ дейін жарамды

                            Қолы __________________

                            М.О.