Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1577

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi бекiтiлсiн. 
      2. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIББ-нiң бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жоғары оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 316 "Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы"  бұйрығының  күшi жойылды деп есептелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі -
      генерал-майор

      "Келісілді"                        Қазақстан Республикасы 
      Қазақстан Республикасы             Ішкі істер министрінің
      Білім және ғылым                   2001 жылғы 9 шілдедегі 
      бірінші вице-Министрі              N 548 бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
жоғары оқу орындарына қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРI

       Ескерту: Барлық мәтін бойынша "өңірлік" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылды;
      барлық мәтін бойынша "мемлекеттік сертификат", "мемлекеттік сертификаттарды", "мемлекеттік сертификатты", "мемлекеттік сертификаттар" деген сөздер "сертификат", "сертификаттарды", "сертификатты", "сертификаттар" деген сөздермен ауыстырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289  бұйрығымен 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366  бұйрығымен  сол ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес әзiрлендi және олар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау тәртiбiн анықтайды. 

      2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң жоғары оқу орындарына  жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк және кәсiптiк жоғары бiлiмi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. 
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен .

      3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау бекiтiлген қабылдау жоспары бойынша үш кезеңде жүргiзіледі: 
      бiрiншi кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң оқу орындарының қабылдау комиссиялары кадр дайындаудың аумақтық қағидасына сәйкес, медициналық, дене бiтiмi және психофизиологиялық іріктеу жұмыстарын жүргізіп, талапкерлер құрамын қалыптастырады. 
      екiншi кезеңде Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындары ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандартының ұлттық орталығы (бұдан әрi - ББТМСҰО) дайындаған технологиялар бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификат баллдарына сәйкес iрiктеу жүргiзедi;
      үшiншi кезеңде Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары тыңдаушылар қатарына қабылдау жасайды.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен .

      3.1. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу кезінде кадр дайындаудың аумақтық қағидасын сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік қабылдау комиссиялары құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік комиссиясының дербес құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
       Ескерту: 3.1-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      4. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлген мерзiмдерде медициналық, дене бiтiмi және психофизиологиялық көрсетулерi бойынша талапкерлердi iрiктеудi жүзеге асырады. Кешендi тестiлеу, сертификат баллдарына сәйкес iрiктеу, жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiнде белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi, олар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң келiсiмi бойынша ғана өзгертiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындарына түсушi талапкерлер, бiрiншi осы жоғары оқу орнында даярланатын мамандықты, екiншi - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiнiң 3-қосымшасы бойынша мамандықты көрсетедi.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411   бұйрығымен 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен .

      5. Қазақстан Республикасы Iшкiісминi жоғары оқу орнына түсушi  жалпы орта білім беретін ұйымдардың өткен жылдардағы бiтiрушiлерi, кәсiптiк орта оқу орындарының бiтiрушiлерi, шет елдерде оқушыларды халықаралық алмасу саласы бойынша оқыған жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бiтiрушiлерi, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы бiлiм беретiн орта мектептердi өзбек, ұйғыр, және тәжiк тiлдерiнде аяқтаған бiтiрушiлер, республикалық музыкалық мектеп-интернаттың бітірушілері, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың қатысушылары кешендi тестiлеудi азамат таңдаған жоғарғы оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында тапсырады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289  бұйрығымен 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      5.1. Ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссиялар) құрылады.
       Ескерту: 5.1-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      6. Тесттiк сынақ талапкердiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде жалпы бiлiм беру оқу бағдарламасының көлемiнде төрт пән бойынша жүргiзiледi.

      7. Қабылдау емтихандары тестiлеу формасы бойынша мына пәндер бойынша жүргiзiледi:
      050303 "Құқық қорғау қызметi" мамандығы бойынша:
      дүниежүзi тарихы;
      Қазақстан тарихы;
      қазақ немесе орыс тiлi;
      математика.
      Негiзгi пән болып дүниежүзi тарихы есептеледi.
      290000 "Әскери техника және технология" даярлау бағытындағы мамандықтар бойынша: iшкi әскерлердiң командалық-тактикалық, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстың командалық-тактикалық, автомобильдiк әскерлердiң командалық-тактикалық, байланыс әскерлерiнiң командалық-тактикалық, әскерлердi инженерлiк-техникалық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, әскерлердi ракеталық-артиллериялық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, тылдық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық: 
      физика; 
      математика; 
      қазақ немесе орыс тiлi; 
      Қазақстан тарихы. 
      "Физика" негiзгi пән болып табылады. <*> 
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411   бұйрығымен ,  2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      8. Тест сұрақтарының саны әр пән бойынша - 30. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған талапкердiң жауабының жалпы ұпай саны 50 ұпайдан, оның ішінде бейіндік пән бойынша кем дегенде 7 ұпайдан аз азаматтар тыңдаушылар қатарына оқуға қабылданбайды.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).  

      9. Кешендi тестiлеуге астрономиялық үш сағат берiледi. Тестiлеудi қайта тапсыруға рұқсат берiлмейдi. 

      10. Дұрыс жауаптардың кодтары тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн бiрден iлiнедi.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен

      11. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген кешендi тестiлеу нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен .

      12. Тестiлеу өткiзiлгеннен кейiн үш тәулiк мерзiм iшiнде мемлекеттік комиссия, кешенді тестiлеу қорытындылары нәтижесiнде әрбiр қатысушыға белгiленген үлгiде жазылған сертификатты бередi. 

      13. Кешендi тестiлеу нәтижелерiмен келiспеген талапкерлер апелляцияға беруге құқығы бар. 
      Апелляцияға өтiнiш мемлекеттік комиссия төрағасы бекiтетiн апелляциялық комиссияға тестiлеу нәтижелерi хабарланғаннан кейiнгi келесi күнi сағат 13-ке дейiн берiледi және апелляциялық комиссия оны бiр тәулiктiң iшiнде қарайды. Алған бағаларды өзгерту мемлекеттік комиссияның дәлелдi шешiмiмен жүргiзiлуi тиiс.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен ,  2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).  

      14. Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау мандат комиссиясының ашық отырысында сертификат баллдарына сәйкес, медициналық, дене бiтiмi, психофизиологиялық көрсеткiштер бойынша iрiктеу нәтижелерiн және Iшкi iстер министрлiгiне, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттеріне бөлiнген қабылдау орындарын ескере отырып, конкурс бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен ,  2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).  

      15. "Бюджеттік қаржыландыру бойынша тегін мемлекеттік білім алуға конкурс өткізу кезінде сертификаттың баллдарына сәйкес:
      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылардың;
      2) тізбесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпазы болып табылатын олимпиаданың, ғылыми және спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңімпаздарының басым құқығы болады.
       Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      16. Сертификаттар баллдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары;
      үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;
      аттестат куәлік немесе дипломның ең жоғары орта баллы бар адамдар;
      бейiмдiк пәндер бойынша ең жоғары баллы бар адамдар оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
      Осы қабылдау ережелерiне сәйкес жеңiлдiкпен қабылдану құқығын пайдаланатын адамдар растайтын құжаттар ұсынады.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      17. Жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр жұмысы департаментiне, белгiленген тәртiп пен мерзiмде мәлiмет, ал оқуға қабылдау бiткеннен кейiн оқуға қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу туралы қорытынды мәтiндi есеп, сондай-ақ тыңдаушыларды оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшiрмесiн өз кезегiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне он күн iшiнде жiберу үшiн ұсынады. 

      18. Қабылдау ережелерi, қабылдау комиссияларының қабылдау емтихандарын ұйымдастыру мен өткiзу туралы шешiмдерi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлерге уақытылы жеткiзiлуi қажет. 

      19. Мандаттық комиссияның оқуға қабылдау туралы шешiмi жоғары оқу орнының бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтың көшiрмесi жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға аттандыруға негiз болып табылады. 

      20. Тыңдаушылар қатарына оқуға қабылданбаған талапкерлер iшкi iстер органдарының, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiледi. Олардың оқуға қабылданбау себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.

      21. Оқу орындарында сабақ жоғары оқу орны оқу процесiнiң кестесi мен оқу жоспарында белгiленген мерзiмде басталады. Сабақ басталғаннан кейiн 10 күн iшiнде сабаққа негiзсiз себеппен қатыспаған тыңдаушылар оқу орнынан шығарылады.
      Оқудан шығарылғандардың орнына жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы конкурстан өтпеген тұлғаларды сабақ басталғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде оқуға қабылдай алады.