"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4220. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "МакГуайерВудс Қазақстан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Түрiк азаматы Хаджи Тургут Сера Тиралимен дау бойынша Түрiк Республикасының мемлекеттік және сот органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау жөнiндегi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Мннистрі