1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi бекiтiлсiн.
2. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIББ-нiң бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жоғары оқу орындарының
басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын. 4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 316 V990860_ "Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі - генерал-майор "Келісілді" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Білім және ғылым 2001 жылғы 9 шілдедегі бірінші вице-Министрі N 548 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 V001118_ бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366 V011514_ бұйрығымен сол ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес әзiрлендi және олар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау тәртiбiн анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң жоғары оқу орындарына жалпы орта, орта кәсiптiк бiлiмi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау бекiтiлген қабылдау жоспары бойынша үш кезеңде жүргiзіледі:
бiрiншi кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң оқу орындарының қабылдау комиссиялары кадр дайындаудың аумақтық қағидасына сәйкес, медициналық, дене бiтiмi және психологиялық іріктеу жұмыстарын жүргізіп, талапкерлер құрамын қалыптастырады.
екiншi кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандартының ұлттық орталығының (бұдан әрi - ББТМСҰО) дайындаған технологияға сәйкес тестiлеу кешенi формасы бойынша қабылдау емтиханын өткiзедi.
үшiншi кезеңде Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары тыңдаушылар қатарына қабылдау жасайды.
4. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары оқуға түсу жылының 28-шi мен 31-шi шiлде аралығында медициналық, дене бiтiмi бойынша және психологиялық iрiктеу жұмыстарын жүргiзедi. Медициналық, дене бiтiмi бойынша және психологиялық iрiктеуден өтпеген және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiнiң 3 қосымшасы бойынша екiншi және үшiншi мамандықтарды арыздарында көрсеткен талапкерлер, өз ерiктерi бойынша мемлекеттiк сертификат алу үшiн кешендi тестiлеуге жiберiледi. Кешендi тестiлеу 1 тамызда жүргiзiледi. 6-шы тамызда Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына тыңдаушылар қатарына оқуға қабылдау үшiн мандаттық комиссия өткiзiледi.
5. Жоғары оқу орындарына түсушi талапкерлер, қабылдау емтихандарын
кешендi тестiлеу формасы бойынша тапсырады. 6. Тесттiк сынақ талапкердiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде жалпы бiлiм беру оқу бағдарламасының көлемiнде төрт пән бойынша жүргiзiледi. 7. Қабылдау емтихандары тестiлеу формасы бойынша мына пәндер бойынша жүргiзiледi: 0216 00 "Заңтану" мамандығы бойынша: жалпы тарих; Қазақстан тарихы; қазақ немесе орыс тiлi; математика. Негiзгi пән болып Жалпы тарих есептеледi.
8. Тест сұрақтарының саны әр пән бойынша - 30. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған талапкердiң жауабының жалпы ұпай саны 40 ұпайдан аз азаматтар тыңдаушылар қатарына оқуға қабылданбайды.
9. Кешендi тестiлеуге астрономиялық үш сағат берiледi. Тестiлеудi қайта тапсыруға рұқсат берiлмейдi.
10. Дұрыс жауаптың кодтары тестiлеу бiткеннен кейiн дереу iлiнедi.
11. Кешендi тестiлеудiң нәтижелерiн тестiлеу өткiзген күнi аумақтық комиссия жариялайды.
12. Тестiлеу өткiзiлгеннен кейiн үш тәулiк мерзiм iшiнде аумақтық комиссия, кешенді тестiлеу қорытындылары нәтижесiнде әрбiр қатысушыға белгiленген үлгiде жазылған мемлекеттiк сертификатты бередi.
13. Кешендi тестiлеу нәтижелерiмен келiспеген талапкерлер шағымдануға құқығы бар.
Апелляция аумақтық комиссияға берiледi. Аумақтық комиссия бекiткен апелляциялық комиссия, тестiлеу нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр тәулiк iшiнде апелляцияны қарайды. Алған бағаларды өзгерту аумақтық комиссияның дәлелдi шешiмiмен iске асады.
14. Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау IIМ, ІІББ, ІІБ, КІІББ бөлiнген қабылдау орындарын, кешендi тестiлеу, дене бiтiм, медициналық және психологиялық көрсеткiштерi бойынша iрiктеу нәтижелерiн ескере отырып мандаттық комиссияның ашық жиналысында конкурстық негiзде жүргiзiледi.
15. Қабылдау емтиханысыз оқуға:
"Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар;
жалпы орта, кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңiмпаздары болып табылатын (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) түлектерi ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда қабылданады.
16. Ұпайларының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
жалпы бiлiм беретiн орта мектептi үздiк аттестат пен орта кәсiптiк оқу орындарын үздiк дипломмен бiтiргендер;
қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
17. Жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр жұмысы департаментiне, белгiленген тәртiп пен мерзiмде мәлiмет, ал оқуға қабылдау бiткеннен кейiн оқуға қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу туралы қорытынды мәтiндi есеп, сондай-ақ тыңдаушыларды оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшiрмесiн өз кезегiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне он күн iшiнде жiберу үшiн ұсынады.
18. Қабылдау ережелерi, қабылдау комиссияларының қабылдау емтихандарын ұйымдастыру мен өткiзу туралы шешiмдерi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлерге уақытылы жеткiзiлуi қажет.
19. Мандаттық комиссияның оқуға қабылдау туралы шешiмi жоғары оқу орнының бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтың көшiрмесi жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға аттандыруға негiз болып табылады.
20. Тыңдаушылар қатарына оқуға қабылданбаған талапкерлер iшкi iстер
органдарының, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiледi. Олардың оқуға қабылданбау себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады. 21. Оқу орындарында сабақ жоғары оқу орны оқу процесiнiң кестесi мен оқу жоспарында белгiленген мерзiмде басталады. Сабақ басталғаннан кейiн 10 күн iшiнде сабаққа негiзсiз себеппен қатыспаған тыңдаушылар оқу орнынан шығарылады. Оқудан шығарылғандардың орнына жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы конкурстан өтпеген тұлғаларды сабақ басталғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде оқуға қабылдай алады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Шарипова М.Е.