Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1577

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi бекiтiлсiн.
      2. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIББ-нiң бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жоғары оқу орындарының

басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға 
қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
     4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы 
N 316  

V990860_

  "Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына 
қабылдау ережелерiн бекiту туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасы
     Ішкі істер министрі -
     генерал-майор
     
     "Келісілді"                         Қазақстан Республикасы 
     Қазақстан Республикасы              Ішкі істер министрінің
     Білім және ғылым                    2001 жылғы 9 шілдедегі 
     бірінші вице-Министрі               N 548 бұйрығымен бекітілген
     
     
               Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
                         жоғары оқу орындарына қабылдау
                                    ЕРЕЖЕЛЕРI
     


      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 V001118_ бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366 V011514_ бұйрығымен сол ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес әзiрлендi және олар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау тәртiбiн анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң жоғары оқу орындарына жалпы орта, орта кәсiптiк бiлiмi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау бекiтiлген қабылдау жоспары бойынша үш кезеңде жүргiзіледі:
      бiрiншi кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң оқу орындарының қабылдау комиссиялары кадр дайындаудың аумақтық қағидасына сәйкес, медициналық, дене бiтiмi және психологиялық іріктеу жұмыстарын жүргізіп, талапкерлер құрамын қалыптастырады.
      екiншi кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандартының ұлттық орталығының (бұдан әрi - ББТМСҰО) дайындаған технологияға сәйкес тестiлеу кешенi формасы бойынша қабылдау емтиханын өткiзедi.
      үшiншi кезеңде Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары тыңдаушылар қатарына қабылдау жасайды.
      4. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлген мерзiмдерде медициналық, дене бiтiмi және психологиялық көрсетулерi бойынша талапкерлердi iрiктеудi жүзеге асырады. Медициналық, дене бiтiмi және психологиялық көрсетулерi бойынша iрiктеуден өтпеген және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне 3-қосымша бойынша арыздарында екiншi және үшiншi мамандықтарды көрсеткен талапкерлер, мемлекеттiк сертификат алу үшiн өз ерiктерi бойынша кешендi тестiлеуге жiберiлуi мүмкiн. Кешендi тестiлеу, жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiнде белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi, олар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсу арқылы ғана өзгертiлуi мүмкiн. <*>
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің

              2002 жылғы 11 маусымдағы N 411  

V021916_

  бұйрығымен.
     5. Жоғары оқу орындарына түсушi талапкерлер, қабылдау емтихандарын 
кешендi тестiлеу формасы бойынша тапсырады.
     6. Тесттiк сынақ талапкердiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс 
тiлдерiнде жалпы бiлiм беру оқу бағдарламасының көлемiнде төрт пән бойынша 
жүргiзiледi.
     7. Қабылдау емтихандары тестiлеу формасы бойынша мына пәндер бойынша 
жүргiзiледi:
     0216 00 "Заңтану" мамандығы бойынша:
     жалпы тарих;
     Қазақстан тарихы;
     қазақ немесе орыс тiлi;
     математика.
     Негiзгi пән болып Жалпы тарих есептеледi.


      290000 "Әскери техника және технология" даярлау бағытындағы мамандықтар бойынша: iшкi әскерлердiң командалық-тактикалық, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстың командалық-тактикалық, автомобильдiк әскерлердiң командалық-тактикалық, байланыс әскерлерiнiң командалық-тактикалық, әскерлердi инженерлiк-техникалық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, әскерлердi ракеталық-артиллериялық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, тылдық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық:
      физика;
      математика;
      қазақ немесе орыс тiлi;
      Қазақстан тарихы.
      "Физика" негiзгi пән болып табылады. <*>
      Ескерту: 7-тармақ толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің
               2002 жылғы 11 маусымдағы N 411 V021916_ бұйрығымен.
      8. Тест сұрақтарының саны әр пән бойынша - 30. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған талапкердiң жауабының жалпы ұпай саны 40 ұпайдан аз азаматтар тыңдаушылар қатарына оқуға қабылданбайды.
      9. Кешендi тестiлеуге астрономиялық үш сағат берiледi. Тестiлеудi қайта тапсыруға рұқсат берiлмейдi.
      10. Дұрыс жауаптың кодтары тестiлеу бiткеннен кейiн дереу iлiнедi.
      11. Кешендi тестiлеудiң нәтижелерiн тестiлеу өткiзген күнi аумақтық комиссия жариялайды.
      12. Тестiлеу өткiзiлгеннен кейiн үш тәулiк мерзiм iшiнде аумақтық комиссия, кешенді тестiлеу қорытындылары нәтижесiнде әрбiр қатысушыға белгiленген үлгiде жазылған мемлекеттiк сертификатты бередi.
      13. Кешендi тестiлеу нәтижелерiмен келiспеген талапкерлер шағымдануға құқығы бар.
      Апелляция аумақтық комиссияға берiледi. Аумақтық комиссия бекiткен апелляциялық комиссия, тестiлеу нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр тәулiк iшiнде апелляцияны қарайды. Алған бағаларды өзгерту аумақтық комиссияның дәлелдi шешiмiмен iске асады.
      14. Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау IIМ, ІІББ, ІІБ, КІІББ бөлiнген қабылдау орындарын, кешендi тестiлеу, дене бiтiм, медициналық және психологиялық көрсеткiштерi бойынша iрiктеу нәтижелерiн ескере отырып мандаттық комиссияның ашық жиналысында конкурстық негiзде жүргiзiледi.
      15. Қабылдау емтиханысыз оқуға:
      "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар;
      жалпы орта, кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңiмпаздары болып табылатын (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) түлектерi ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда қабылданады.
      16. Ұпайларының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
      жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
      жалпы бiлiм беретiн орта мектептi үздiк аттестат пен орта кәсiптiк оқу орындарын үздiк дипломмен бiтiргендер;
      қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
      17. Жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр жұмысы департаментiне, белгiленген тәртiп пен мерзiмде мәлiмет, ал оқуға қабылдау бiткеннен кейiн оқуға қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу туралы қорытынды мәтiндi есеп, сондай-ақ тыңдаушыларды оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшiрмесiн өз кезегiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне он күн iшiнде жiберу үшiн ұсынады.
      18. Қабылдау ережелерi, қабылдау комиссияларының қабылдау емтихандарын ұйымдастыру мен өткiзу туралы шешiмдерi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлерге уақытылы жеткiзiлуi қажет.
      19. Мандаттық комиссияның оқуға қабылдау туралы шешiмi жоғары оқу орнының бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтың көшiрмесi жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға аттандыруға негiз болып табылады.
      20. Тыңдаушылар қатарына оқуға қабылданбаған талапкерлер iшкi iстер

органдарының, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiледi. 
Олардың оқуға қабылданбау себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
     21. Оқу орындарында сабақ жоғары оқу орны оқу процесiнiң кестесi мен 
оқу жоспарында белгiленген мерзiмде басталады. Сабақ басталғаннан кейiн 10 
күн iшiнде сабаққа негiзсiз себеппен қатыспаған тыңдаушылар оқу орнынан 
шығарылады.
     Оқудан шығарылғандардың орнына жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы 
конкурстан өтпеген тұлғаларды сабақ басталғаннан кейiн бiр ай мерзiм 
iшiнде оқуға қабылдай алады.
     
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Шарипова М.Е.