Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1232. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40, 43 және 45-баптарына сәйкес және ұлттық валютаның ақша белгiлерiн қолдан жасаудан қорғау жөнiндегi қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен
     1. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
     2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.): 
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн (бұдан әрi - Ереже) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
     2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiне қатысты 1-4 тарауларын республикалық газеттерде (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жарияласын; 
     3) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң орталық банктерiне жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсiн.    

      Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 20 шілдедегі 
N 301 қаулысымен   
бекітілген       

  Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерiнiң дизайны 
(нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi 1-тарау. Жалпы ережелер 

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалған.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен.

     2. Осы Ереже ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзу, айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi дизайнын (нысанын) тиiстi ақша белгiлерiнiң жаңа дизайнына ауыстырған кезде касса операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн реттейдi.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 69 қаулысымен

     3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: 
     1) ақша белгiлерiнiң дизайнын (нысанын) өзгерту - графикалық бейнесiн, мәтiнiн өзгерту және енгiзу, қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгiзу, көлемiн, нысанын, түсiн, бастапқы материалдарын және басқа да белгiлерiн өзгерту; 
     2) жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналысқа шығарылатын және бұрынғы дизайнға (нысанға) қарағанда жаңа ерекшеленетiн белгiсi бар ақша белгiлерi; 
     3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналымнан алуға жатқызылған ескi дизайндағы (нысандағы) ақша белгiлерi; 
     4) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi - Ұлттық Банктiң орталық аппаратының бөлiмшесi; 
     5) Ұлттық Банктiң филиалдары - Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы);
     6) екінші деңгейдегі банктер - екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.07.25 N 69, 2011.12.26 № 212 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  2-тарау. Жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiн 
айналысқа шығару шарттары 

     4. Ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерістер енгiзу туралы шешiм қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлiмшесiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының (бұдан әрi - Ұлттық Банк) қаулысымен қабылданады. 

     5. Ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзуге негiздемелер болып табылатындар: 
     1) қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгiзу; 
     2) ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң төлем жасауын қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты басқа да негiздемелер. 

     6. Ұлттық Банк ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) бiр уақытта бiрнеше номиналға өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы. 

     7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзу туралы қаулысы қабылданғаннан кейiн қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыруға әзiрлiк бойынша iс-шаралар жүргiзедi. 

     8. Айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстырған кезде Ұлттық Банк бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың қаулысын және Ұлттық Банктiң ресми хабарламасын жариялайды, ақша белгiлерiн ауыстыру мерзiмiн және тәртiбiн қоса отырып, баспасөзде, теледидар мен радиода түсiндiру жұмысын (түсiндiрме) жүргiзедi. 
     Ұлттық Банктiң айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыру туралы ресми хабарының мазмұны мынадай болуы қажет: 
     1) жаңа үлгiдегi ақша айналымын енгiзу күнi, оның нақты құны және дизайнының (нысанының) қысқаша сипаттамасы; 
     2) жаңа үлгiдегi ақша белгiсiн айналысқа енгiзген күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi; 
     3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құжаты болудан қалған күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күн. 
     Ұлттық Банк Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мерзімде Ұлттық Банктің филиалдарына, шет елдердің орталық (ұлттық) банктеріне және қаржы полициясы органдарына айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерін ауыстыру талаптары мен мерзімдерін назарда ұстау үшін жібереді, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерін жібереді.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 212 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  3-тарау. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң
айналыста қатар жүру кезең i 

     9. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленедi. 
     10. Айналыста қатар жүру кезеңiнде ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық төлем түрлерi бойынша, сондай-ақ ешбiр шектеусiз банктiк есепшоттарға есептеу үшiн және аудару үшiн қабылдануға мiндеттi заңды төлем құжат болып табылады. 

     11. <*>
      Ескерту: 11-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 212 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  4-тарау. Ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң
айналысын аяқтау

     12. Жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң Ұлттық Банк белгiлеген айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған соң ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлерi бойынша заңды төлем құжаты болудан қалады. 

     13. Екiншi деңгейдегi банктер жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап 12 (он екi) ай бойы: 
     1) заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдауға және айырбастауға; 
     2) операциялық кассадағы ескi үлгiдегi ақша қалдықтарын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге мiндеттi. 

     14. Екінші деңгейдегі банктер Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастау үшін қабылдауға құқығы жоқ.
     Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері белгілеген талаптарға сәйкес оларды кейіннен Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға беру үшін ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды. 
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 234 қаулысымен

     15. Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін 3 (үш) жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырады.».
      Қабылданған ақша белгілерінің төлемділігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) белгіленген тәртіппен айқындалады.
      Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 212 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     16. Ереженiң 15-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Ұлттық Банктiң Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдаудың және айырбастаудың белгiленген мерзiмiн ұзартуға құқылы. 

  5-тарау. Ұлттық Банктiң филиалдарында айналыстағы ақша 
белгiлерiн ауыстыру кезеңiндегi эмиссиялық-кассалық 
операцияларды ұйымдастыру тәртiбi 

       Ескерту: 5-тарау (17-21-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 69 қаулысымен .

  6-тарау. Айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру
қорытындысын шығару тәртiбi

       22. Қолма-қол ақшамен жұмыс жөнiндегi бөлiмше жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап Ұлттық Банк Басқармасының қарауына ұсынылатын айналыстағы ұлттық валютадағы ақша белгiлерiн ауыстыру нәтижелерi туралы есеп әзiрлейдi. 

     23. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң ауыстырылуына қарай Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң бөлiмшелерiндегi эмиссиялық-кассалық операциялар ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айналыстан шығарылған ұлттық валютасының қолданыстан алып тасталған ескiрген банкноттарын жою тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн жояды.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы