ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн (бұдан әрi - Ереже) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiне қатысты 1-4 тарауларын республикалық газеттерде (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жарияласын;
3) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң орталық банктерiне жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн. ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысымен бекітілген
Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерiнiң дизайны
(нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалған.
2. Осы Ереже ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзу, айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi дизайнын (нысанын) тиiстi ақша белгiлерiнiң жаңа дизайнына ауыстырған кезде касса операцияларын жүзеге асыру және есептеу тәртiбiн реттейдi.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) ақша белгiлерiнiң дизайнын (нысанын) өзгерту - графикалық бейнесiн, мәтiнiн өзгерту және енгiзу, қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгiзу, көлемiн, нысанын, түсiн, бастапқы материалдарын және басқа да белгiлерiн өзгерту;
2) жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналысқа шығарылатын және бұрынғы дизайнға (нысанға) қарағанда жаңа ерекшеленетiн белгiсi бар ақша белгiлерi;
3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналымнан алуға жатқызылған ескi дизайндағы (нысандағы) ақша белгiлерi;
4) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi - Ұлттық Банктiң орталық аппаратының бөлiмшесi;
5) Ұлттық Банктiң филиалдары - Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).
2-тарау. Жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiн
айналысқа шығару шарттары
4. Ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерістер енгiзу туралы шешiм қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлiмшесiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының (бұдан әрi - Ұлттық Банк) қаулысымен қабылданады.
5. Ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзуге негiздемелер болып табылатындар:
1) қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгiзу;
2) ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң төлем жасауын қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты басқа да негiздемелер.
6. Ұлттық Банк ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) бiр уақытта бiрнеше номиналға өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзу туралы қаулысы қабылданғаннан кейiн қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыруға әзiрлiк бойынша iс-шаралар жүргiзедi.
8. Айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстырған кезде Ұлттық Банк бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың қаулысын және Ұлттық Банктiң ресми хабарламасын жариялайды, ақша белгiлерiн ауыстыру мерзiмiн және тәртiбiн қоса отырып, баспасөзде, теледидар мен радиода түсiндiру жұмысын (түсiндiрме) жүргiзедi.
Ұлттық Банктiң айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыру туралы ресми хабарының мазмұны мынадай болуы қажет:
1) жаңа үлгiдегi ақша айналымын енгiзу күнi, оның нақты құны және дизайнының (нысанының) қысқаша сипаттамасы;
2) жаңа үлгiдегi ақша белгiсiн айналысқа енгiзген күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi;
3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құжаты болудан қалған күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күн.
Ұлттық Банк бiр айлық мерзiмде айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiн ауыстыру шарты мен мерзiмiн, жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң сипаттамасын және үлгiлерiн шет мемлекеттердiң орталық банктерiне жiбередi.
3-тарау. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң
айналыста қатар жүру кезеңi
9. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленедi.
10. Айналыста қатар жүру кезеңiнде ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық төлем түрлерi бойынша, сондай-ақ ешбiр шектеусiз банктiк есепшоттарға есептеу үшiн және аудару үшiн қабылдануға мiндеттi заңды төлем құжат болып табылады.
11. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңiнде:
1) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi:
операциялық кассалардан заңды және жеке тұлғаларға ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн берудi тоқтатады;
ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдайды және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне не айналымда жүрген басқа да ақша белгiлерiне ешбiр шектеусiз айырбастайды;
екiншi деңгейдегi банктерде кассалық операциялар жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес ескi үлгiдегi қалдық ақшаны және операциялық кассаға түскен ақшаны Ұлттық Банктiң филиалына мiндеттi түрде өткiзедi.
2) Ұлттық Банктiң филиалдары:
айналым кассаларынан екiншi деңгейдегi банктерге, заңды және жеке тұлғаларға ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн берудi тоқтатады;
екiншi деңгейдегi банктерден жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдап алғаннан кейiн қолма-қол ақшасыз баламасын Ұлттық Банк бөлiмшелерiндегi эмиссиялық-кассалық операцияларды жүргiзу және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес екiншi деңгейдегi банктердiң тиiстi корреспонденттiк есепшоттарына аударады.
4-тарау. Ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналысын аяқтау
12. Жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң Ұлттық Банк белгiлеген айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған соң ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлерi бойынша заңды төлем құжаты болудан қалады.
13. Екiншi деңгейдегi банктер жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап 12 (он екi) ай бойы:
1) заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдауға және айырбастауға;
2) операциялық кассадағы ескi үлгiдегi ақша қалдықтарын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге мiндеттi.
14. Екiншi деңгейдегi банктер Ереженiң 13-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдауға құқығы жоқ.
Екiншi деңгейдегi банктер Ереженiң 13-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) банктiк күн iшiнде операция кассасында бар ескi үлгiдегi ақша қалдығын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге мiндеттi.
15. Ұлттық Банктiң филиалдары Ереженiң 13-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн 10 (он) жыл бойы қабылдайтын болады және олардың түпнұсқалылығы сараптау арқылы анықталғаннан кейiн жаңа ақша белгiлерiне айырбастайды. <*>
Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 376 қаулысымен. V011667_
16. Ереженiң 15-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Ұлттық Банктiң Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдаудың және айырбастаудың белгiленген мерзiмiн ұзартуға құқылы.
5-тарау. Ұлттық Банктiң филиалдарында айналыстағы ақша
белгiлерiн ауыстыру кезеңiндегi эмиссиялық-кассалық
операцияларды ұйымдастыру тәртiбi
17. Жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi айналысқа енгiзiлген күннен бастап Ұлттық Банктiң филиалдары:
1) ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi сомасын есептеу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң қоймаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттары мен металл ақшаларының резервтiк қорлары" 9 100 01 баланстан тыс есепшотында бөлек жеке есепшоттар ашады;
2) ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi сомасын "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң қоймаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттары мен металл ақшаларының резервтiк қорлары" 9 100 01 баланстан тыс есепшоты бойынша 7-индекстен 1-индекске аударады;
3) резервтiк қорлардағы ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн бөлек жеке есепшотқа есепке алады;
4) айналым кассасындағы ескi үлгiдегi ақшаның толық бумасын резервтiк қорға есептейдi және бөлек жеке есепшотқа есепке алады;
5) ескi үлгiдегi толық емес ақша бумаларын айналым кассасының қалдық лимитiнен шығарып тастап айналым кассасында "Ұлттық Банк бөлiмшелерiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы банкноттар мен металл ақшалар" 1 01 00 баланстық есепшоты бойынша бөлек жеке есепшотқа есептейдi.
18. Жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталғаннан кейiн ескi үлгiдегi барлық ақша белгiлерi, оның iшiнде айналыс кассасындағы толық емес бумалар да Ұлттық Банк филиалының резервтiк қорларында бөлек жеке есепшотқа есептелуi тиiс.
19. Жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталғаннан кейiн Ұлттық Банктiң филиалына түскен ескi үлгiдегi ақша белгiлерi сол күнi Ұлттық Банк филиалының айналым кассасындағы "Ұлттық Банк бөлiмшелерiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы банкноттар мен металл ақшалар" 1 01 00 баланстық есепшоты бойынша бөлек жеке есепшотқа есептеледi және сол күнi Ұлттық Банк филиалының резервтiк қорларына бөлек жеке есепшотқа есептеледi.
20. Ұлттық Банк филиалының резервтiк қорларындағы және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң қоймаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттары мен металл ақшаларының резервтiк қорлары" 9 100 01 баланстан тыс есепшотында бөлек жеке есепшотта есептелетiн және белгiленген тәртiппен қайта есептеу жүргiзiлген ескi үлгiдегi ақша белгiлерi сомасы "Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының жоюға берiлген тозған банкноттары" 9 100 14 баланстан тыс есепшотының бөлек жеке есепшотына аударылады.
21. Ескi үлгiдегi ақша белгiсiнiң шығарылған сомасы мен жойылған сомасы арасындағы нақты құны бойынша пайда болған айырмашылық сомасы Ұлттық Банктiң кiрiсiне есептеледi.
6-тарау. Айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру
қорытындысын шығару тәртiбi
22. Қолма-қол ақшамен жұмыс жөнiндегi бөлiмше жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап Ұлттық Банк Басқармасының қарауына ұсынылатын айналыстағы ұлттық валютадағы ақша белгiлерiн ауыстыру нәтижелерi туралы есеп әзiрлейдi.
23. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң ауыстырылуына
қарай Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң бөлiмшелерiндегi эмиссиялық-кассалық операциялар ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айналыстан шығарылған ұлттық валютасының қолданыстан алып тасталған ескiрген банкноттарын жою тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн жояды. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.