Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1232

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40, 43 және 45-баптарына сәйкес және ұлттық валютаның ақша белгiлерiн қолдан жасаудан қорғау жөнiндегi қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
    Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен .
     1. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
     2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн (бұдан әрi - Ереже) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiне қатысты 1-4 тарауларын республикалық газеттерде (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жарияласын;
     3) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң орталық банктерiне жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.    

    ҰЛТТЫҚ БАНК
     ТӨРАҒАСЫ

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 20 шілдедегі
N 301 қаулысымен   
бекітілген       

Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерiнiң дизайны
(нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалған.
    Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен .

     2. Осы Ереже ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзу, айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi дизайнын (нысанын) тиiстi ақша белгiлерiнiң жаңа дизайнына ауыстырған кезде касса операцияларын жүзеге асыру және есептеу тәртiбiн реттейдi.

     3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
     1) ақша белгiлерiнiң дизайнын (нысанын) өзгерту - графикалық бейнесiн, мәтiнiн өзгерту және енгiзу, қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгiзу, көлемiн, нысанын, түсiн, бастапқы материалдарын және басқа да белгiлерiн өзгерту;
     2) жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналысқа шығарылатын және бұрынғы дизайнға (нысанға) қарағанда жаңа ерекшеленетiн белгiсi бар ақша белгiлерi;
     3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналымнан алуға жатқызылған ескi дизайндағы (нысандағы) ақша белгiлерi;
     4) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi - Ұлттық Банктiң орталық аппаратының бөлiмшесi;
     5) Ұлттық Банктiң филиалдары - Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).

2-тарау. Жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiн
айналысқа шығару шарттары

     4. Ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерістер енгiзу туралы шешiм қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлiмшесiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының (бұдан әрi - Ұлттық Банк) қаулысымен қабылданады.

     5. Ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзуге негiздемелер болып табылатындар:
     1) қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгiзу;
     2) ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң төлем жасауын қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты басқа да негiздемелер.

     6. Ұлттық Банк ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) бiр уақытта бiрнеше номиналға өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.

     7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерiстер енгiзу туралы қаулысы қабылданғаннан кейiн қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыруға әзiрлiк бойынша iс-шаралар жүргiзедi.

     8. Айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстырған кезде Ұлттық Банк бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың қаулысын және Ұлттық Банктiң ресми хабарламасын жариялайды, ақша белгiлерiн ауыстыру мерзiмiн және тәртiбiн қоса отырып, баспасөзде, теледидар мен радиода түсiндiру жұмысын (түсiндiрме) жүргiзедi.
     Ұлттық Банктiң айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыру туралы ресми хабарының мазмұны мынадай болуы қажет:
     1) жаңа үлгiдегi ақша айналымын енгiзу күнi, оның нақты құны және дизайнының (нысанының) қысқаша сипаттамасы;
     2) жаңа үлгiдегi ақша белгiсiн айналысқа енгiзген күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi;
     3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құжаты болудан қалған күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күн.
     Ұлттық Банк бiр айлық мерзiмде айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiн ауыстыру шарты мен мерзiмiн, жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң сипаттамасын және үлгiлерiн шет мемлекеттердiң орталық банктерiне жiбередi.

3-тарау. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң
айналыста қатар жүру кезең i

     9. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленедi.
     10. Айналыста қатар жүру кезеңiнде ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық төлем түрлерi бойынша, сондай-ақ ешбiр шектеусiз банктiк есепшоттарға есептеу үшiн және аудару үшiн қабылдануға мiндеттi заңды төлем құжат болып табылады.

     11. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңiнде:
     1) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi:
     операциялық кассалардан заңды және жеке тұлғаларға ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн берудi тоқтатады;
     ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдайды және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне не айналымда жүрген басқа да ақша белгiлерiне ешбiр шектеусiз айырбастайды;
     екiншi деңгейдегi банктерде кассалық операциялар жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес ескi үлгiдегi қалдық ақшаны және операциялық кассаға түскен ақшаны Ұлттық Банктiң филиалына мiндеттi түрде өткiзедi.
     2) Ұлттық Банктiң филиалдары:
     айналым кассаларынан екiншi деңгейдегi банктерге, заңды және жеке тұлғаларға ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн берудi тоқтатады;
     екiншi деңгейдегi банктерден жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдап алғаннан кейiн қолма-қол ақшасыз баламасын Ұлттық Банк бөлiмшелерiндегi эмиссиялық-кассалық операцияларды жүргiзу және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес екiншi деңгейдегi банктердiң тиiстi корреспонденттiк есепшоттарына аударады.

4-тарау. Ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң
айналысын аяқтау

     12. Жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң Ұлттық Банк белгiлеген айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған соң ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлерi бойынша заңды төлем құжаты болудан қалады.

     13. Екiншi деңгейдегi банктер жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап 12 (он екi) ай бойы:
     1) заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдауға және айырбастауға;
     2) операциялық кассадағы ескi үлгiдегi ақша қалдықтарын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге мiндеттi.

     14. Екінші деңгейдегі банктер Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастау үшін қабылдауға құқығы жоқ.
     Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері белгілеген талаптарға сәйкес оларды кейіннен Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға беру үшін ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды.
    Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 234 қаулысымен .

     15. Ұлттық Банктiң филиалдары Ереженiң 13-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн 10 (он) жыл бойы қабылдайтын болады және олардың түпнұсқалылығы сараптау арқылы анықталғаннан кейiн жаңа ақша белгiлерiне айырбастайды.
    Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 376 қаулысымен .

     16. Ереженiң 15-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Ұлттық Банктiң Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдаудың және айырбастаудың белгiленген мерзiмiн ұзартуға құқылы.

5-тарау. Ұлттық Банктiң филиалдарында айналыстағы ақша
белгiлерiн ауыстыру кезеңiндегi эмиссиялық-кассалық
операцияларды ұйымдастыру тәртiбi

     17. Жаңа үлгідегі ақша белгілері айналысқа енгізілген күннен бастап Ұлттық Банктің филиалдары:
     1) ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сомаларын есепке алу үшін баланстық шоттардың тиісті субшоттары бойынша жеке шоттар ашады: "Ұлттық Банк бөлімшелерін толықтыру үшін дайындалған ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 105 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерінің қоймасындағы ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 107 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерін толықтыру үшін айналысқа шығарылғанға дейін дайындалған ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 305 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерінің қоймасындағы айналыстан алынған ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 307 000;
     2) "Ұлттық Банк бөлімшесінің кассасындағы ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 101 000 баланстық шоттың тиісті субшоттары бойынша айналым кассасындағы жеке шотқа ескі үлгідегі ақша белгілерінің толық емес бумаларын есепке алады, мұндайда оларды айналым кассасы қалдығының лимитінен шығарады.
    Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен .

     18. Жаңа және ескі үлгілердегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі барлық ақша белгілері, оның ішінде айналым кассасындағы толық емес бумалар да Ұлттық Банктің тиісті баланстық шоттарының субшоттары бойынша жеке шотқа есептелуге тиіс.
    Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен .

     19. Ұлттық Банктің филиалдарына түскен ескі үлгідегі ақша белгілері жаңа және ескі үлгілердегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін сол күні "Ұлттық Банк бөлімшесінің кассасындағы ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 101 000 баланстық шоттың тиісті субшоттары бойынша Ұлттық Банктің айналым кассасындағы жеке шотқа есептелуге тиіс және сол күні "Ұлттық Банк бөлімшесінің қоймасындағы ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 107 000 және "Ұлттық Банк бөлімшесінің қоймасындағы айналыстан алынған ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 307 000 баланстық шоттар бойынша тиісті субшоттардың жеке шоттарына есептеледі.
    Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен .

     20. Ескі үлгідегі ақша белгілерінің айналыстан алынуына қарай оларды жою Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
     Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысымен .

     21. Ескi үлгiдегi ақша белгiсiнiң шығарылған сомасы мен жойылған сомасы арасындағы нақты құны бойынша пайда болған айырмашылық сомасы Ұлттық Банктiң кiрiсiне есептеледi.

6-тарау. Айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру
қорытындысын шығару тәртiбi

     22. Қолма-қол ақшамен жұмыс жөнiндегi бөлiмше жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап Ұлттық Банк Басқармасының қарауына ұсынылатын айналыстағы ұлттық валютадағы ақша белгiлерiн ауыстыру нәтижелерi туралы есеп әзiрлейдi.

     23. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң ауыстырылуына қарай Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң бөлiмшелерiндегi эмиссиялық-кассалық операциялар ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айналыстан шығарылған ұлттық валютасының қолданыстан алып тасталған ескiрген банкноттарын жою тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн жояды.

    Ұлттық Банк
     Төрағасы