Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 қаңтарда N 1035 тіркелді

Жаңартылған

      Ақпараттық қызметін көрсетуді реттеу және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтармен ақпараттық қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан республикасы Әділет Министрінің 1997 жылғы 20 маусымдағы бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтарымен және филиалдарымен ақпараттық қызмет көрсету туралы  Ережесі  күшін жоғалтты деп танылсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6
бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Тіркеу қызметі комитетінің
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен
ақпараттық қызмет көрсету
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен ақпараттық қызмет көрсету қағидасы (кейін қағида) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727   Жарлығын  жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236  қаулысына  сәйкес әзірленді. 

      2. Осы Қағидамен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен (кейін тіркеуші органдар) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы тәртібі, негізгі шарты және ақпараттық қызмет көрсету түрлері белгіленеді. 

      3. Жүргізілген тіркеу және тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы деректер мемлекеттік ақпараттар ресурстары болып табылады және заңдарға сәйкес оны алуға мүдделі пайдаланушыға беріледі. 

      4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну заңнамаға сәйкес белгіленген ақыға жүзеге асырылады. 
      Төлем объектілік белгісі бойынша айқындалған ақпараттық қызметтердің әрбір бірлігі үшін жүзеге асырылады. <*> 
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 
2002 жылғы 23 тамыздағы N 125  бұйрығымен .

      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға және өзге де құпияларға қатысты мәліметтерден басқа, Құқықтық кадастрдің мәліметтері осы Ереженің 18-тармағында көзделген жағдайлардан басқа ретте, жалпы қол жетімді болып табылады. 
      Заңнамада көзделген құзыретке сәйкес прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдарының сұрауы бойынша алынған мәліметтерді тіркеуші орган тегін негізде береді. Бұл ретте талап етуші орган сұрау салынған ақпаратты алудың қажеттілік негіздемесін дәлелдеуі және көрсетуі тиіс. <*> 
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 
2002 жылғы 23 тамыздағы N 125  бұйрығымен .

      6. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы  Заңымен  бекітілген нормаларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. 

      7. Жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын және заңды тұлғаның атауын және реквизиттерін қоспағанда, азаматтар (дербес мәліметтер) мен басқада құқық иелері туралы ақпараттарды ашатын мәліметтер ақпараттық қызмет көрсету нысаны бола алмайды. 

      8. Тіркеу туралы ақпарат осы қағиданың 19 тармағымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, тек қана нақты жылжымайтын мүліктің нысаны бойынша беріледі. 

      9. Тіркелген жылжымайтын мүлік құқықтары туралы заң мәніндегі бір ғана ақпарат көзі болып: құқықтық кадастрдегі мәлімет; тіркеу органынан берілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат сондай-ақ, құқық иесіндегі құқық белгілеуші және тіркеу жүргізілген туралы белгі қойылған тіркеу органынан берілген құжаттар болып табылады. 

      10. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтары сондай-ақ олардың құқық иелері туралы ақпараттары бар тіркеу органы, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес берілетін ақпараттар нақтылығы үшін, қорғау, дайындау тәртібін, беру тәртібін бұзғаны және мұндай ақпараттарды пайдаланғаны үшін жауапты болады. 

      11. Тіркеу органдарының талабы бойынша тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтары және онымен жасалатын мәмілелері туралы алым және ақпараттар беру жөніндегі басқада органдардың және мекемелердің қызметтерінің заңсыздығы және оның тоқтатылуы сотпен белгіленуі мүмкін. 

  2. Ақпараттарды беру негіздері мен тәртіптері

      12. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру, сұрау берілген орган, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік түрі, тұрған жері, арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері (жеке басын растайтын деректер) жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы және реквизиттері) көрсетілген белгіленген үлгідегі жазбаша сұрау беру негізінде жүзеге асырылады. 
      Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар құзырларына сәйкес сұрау берген жағдайларда және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқада жағдайларда, сұрауда талап етілген ақпарат негізі сондай-ақ, сұралатын ақпараттардың пайдалану мақсаты көрсетіледі. 

      13. Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы ақпараттарды алу үшін сұраудан басқа, арызданушы тіркеу органына келесі құжаттарды тапсырады: 
      1) жеке басын куәландыратын құжат; 
      2) заңдармен белгіленген жағдайларды өкілдіктің өкілеттігін куәландыратын құжат; 
      3) төлем туралы банктің белгісі қойылған ақпараттық қызмет көрсету үшін төлем төленгені туралы құжат, арызданушыға ақысыз ақпараттар беру жағдайларынан басқа. 

      14. Тіркеуші орган арызданушының сұрау негізінде оған тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен жасалатын мәмілелер туралы оның жазбаша сұрауы келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде ақпараттар беруге міндетті.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69   бұйрығымен 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136   бұйрығымен .
 

      15. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түрінде ақпараттар беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
       Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256  бұйрығымен .

      15-1. Ақпараттық анықтамалардың түрлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiмен бекiтiледi. <*> 
      Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 
2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143  бұйрығымен .

  3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері

      16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
      1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
      2) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
      3) жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
      4) тіркеуші орган растаған тіркеу ісі құжаттарының, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісі жоспарының (сызбасының) көшірмесін;
      5) жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беру түрінде жүзеге асырылады.
      Ескерту: 16-тармақ толықтырылды, өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143  бұйрығымен , 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125  бұйрығымен , 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69   бұйрығымен 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136   бұйрығымен 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256  бұйрығымен .

  3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері

      17. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мынадай мәліметтерді: жылжымайтын мүлік объектісінің түрін; кадастрлық нөмірін; ауданын; тұрған жерін (мекен-жай бағдарлары); жылжымайтын мүліктің осы объектісіне қатысты берілген кездегі құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді; құқық иелері, техникалық сипаттамалары туралы олардың үлестерінің мөлшері туралы мәліметтерді; өтініш берушінің сұрауына сәйкес құқықтық кадастрдың өзге де ақпаратын қамтуы тиіс. 
       Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды, толықтыру мен өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69   бұйрығымен 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136   бұйрығымен .

      17-1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама мынадай мәліметтерді: жылжымайтын мүлік объектісінің түрін; кадастрлық нөмірін; ауданын; тұрған жерін (мекен-жай бағдарлары); берілген кездегі құқықтар, ауыртпалықтар (шектеулер) туралы мәліметтерді; құқық иелері, техникалық сипаттамалары туралы олардың үлестерінің мөлшері туралы мәліметтерді; өтініш берушінің сұрауына сәйкес құқықтық кадастрдан өзге де ақпаратты қамтуы тиіс. 
      Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды, толықтыру мен өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143  бұйрығымен , 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69   бұйрығымен 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136   бұйрығымен 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256  бұйрығымен .

      18. Тіркеу органымен расталып, тіркеу ісінде жатқан құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесі, құқық иесінің, құқық қорғау және сот органдарының сұрауы бойынша беріледі. Өзгеде жағдайлар кезінде аталған құжаттар мемлекеттік құпиялар емес болып танылады және құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі. 

      19. Құқық қорғау, сот органдарының уәждемелі сұраулары бойынша, атқарушы органдардың олардың құзыретіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша, сондай-ақ құқық иелерінің олардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша тіркеуші орган өзге де ақпараттар бере алады.
       Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69   бұйрығымен 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136   бұйрығымен

      20. Ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.
      Ескерту: 20-тармаққа толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143  бұйрығымен , 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69   бұйрығымен 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136   бұйрығымен .