Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы

БҰЙРЫҚ Қазақстан республикасы Әділет Министрлігі 2000 жылғы 29 қантар N 6 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 қаңтарда N 1035 тіркелді

Қолданыстағы
      Ақпараттық қызметін көрсетуді реттеу және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі

комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтармен ақпараттық қызмет 
көрсету Қағидасы бекітілсін.
     2. Қазақстан республикасы Әділет Министрінің 1997 жылғы 20 маусымдағы 
бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 
жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтарымен және филиалдарымен ақпараттық 
қызмет көрсету туралы Ережесі  

V970334_

  күшін жоғалтты деп танылсын.
     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
     
    
                                                   Қазақстан Республикасы
                                                   Әділет министрінің
                                                   2000 ж. "___"_____N___
                                                   бұйрығымен бекітілген
     
     
                Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
                      Тіркеу қызметі комитетінің
                Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен
                      ақпараттық қызмет көрсету
                              ҚАҒИДАСЫ
     
                    1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен ақпараттық қызмет көрсету қағидасы (кейін қағида) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 P970236_ қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидамен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен (кейін тіркеуші органдар) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы тәртібі, негізгі шарты және ақпараттық қызмет көрсету түрлері белгіленеді.
      3. Жүргізілген тіркеу және тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы деректер мемлекеттік ақпараттар ресурстары болып табылады және заңдарға сәйкес оны алуға мүдделі пайдаланушыға беріледі.
      4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру, Қазақстан республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 P961316_ қаулысымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және ақпараттық қызмет көрсеткені үшін төлемдерді алу туралы Ережеге сәйкес белгіленген мөлшердегі төлемде, ал аталған Ереженің 5 тармағымен бекітілген жағдайларда - ақысыз жүзеге асырылады.
      Осы қағидамен бекітілген жағдайларды қоспағанда, нысандық нышаны бойынша белгіленетін ақпараттық қызмет көрсетудің әрбір бірлігі үшін төлем жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік коммерциялық және өзгеде құпияларға қатысты мәлметтерден басқа, құқықтық кадастрдің мәліметтері жалпыға бірдей болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және ақпараттық қызмет көрсеткен үшін төлемдер алу тәртібі туралы Қағиданың 5 тармағымен көзделген жағдайлардан, сондай-ақ, осы қағиданың 18 тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдардан сұралатын ақпараттарды алуға қажеттілікті негіздеуге пайдаланушылар міндетті емес.
      6. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Z990349_ Заңымен бекітілген нормаларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
      7. Жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын және заңды тұлғаның атауын және реквизиттерін қоспағанда, азаматтар (дербес мәліметтер) мен басқада құқық иелері туралы ақпараттарды ашатын мәліметтер ақпараттық қызмет көрсету нысаны бола алмайды.
      8. Тіркеу туралы ақпарат осы қағиданың 19 тармағымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, тек қана нақты жылжымайтын мүліктің нысаны бойынша беріледі.
      9. Тіркелген жылжымайтын мүлік құқықтары туралы заң мәніндегі бір ғана ақпарат көзі болып: құқықтық кадастрдегі мәлімет; тіркеу органынан берілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат сондай-ақ, құқық иесіндегі құқық белгілеуші және тіркеу жүргізілген туралы белгі қойылған тіркеу органынан берілген құжаттар болып табылады.
      10. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтары сондай-ақ олардың құқық иелері туралы ақпараттары бар тіркеу органы, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес берілетін ақпараттар нақтылығы үшін, қорғау, дайындау тәртібін, беру тәртібін бұзғаны және мұндай ақпараттарды пайдаланғаны үшін жауапты болады.
      11. Тіркеу органдарының талабы бойынша тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтары және онымен жасалатын мәмілелері туралы алым және ақпараттар беру жөніндегі басқада органдардың және мекемелердің қызметтерінің заңсыздығы және оның тоқтатылуы сотпен белгіленуі мүмкін.

              2. Ақпараттарды беру негіздері мен тәртіптері

      12. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру, сұрау берілген орган, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік түрі, тұрған жері, арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері (жеке басын растайтын деректер) жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы және реквизиттері) көрсетілген белгіленген үлгідегі жазбаша сұрау беру негізінде жүзеге асырылады.
      Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар құзырларына сәйкес сұрау берген жағдайларда және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқада жағдайларда, сұрауда талап етілген ақпарат негізі сондай-ақ, сұралатын ақпараттардың пайдалану мақсаты көрсетіледі.
      13. Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы ақпараттарды алу үшін сұраудан басқа, арызданушы тіркеу органына келесі құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) заңдармен белгіленген жағдайларды өкілдіктің өкілеттігін куәландыратын құжат;
      3) төлем туралы банктің белгісі қойылған ақпараттық қызмет көрсету үшін төлем төленгені туралы құжат, арызданушыға ақысыз ақпараттар беру жағдайларынан басқа.
      14. Тіркеуші орган арызданушының сұрау негізінде оған тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен жасалатын мәмілелер туралы оның жазбаша сұрауы келіп түскен сәттен бастап 10 күннен асырмай жазбаша түрде ақпараттар беруге міндетті.
      15. Құқықтарды (кондоминиум, жалдау (мүліктік жалды), уақытша ақысыз пайдалану, ипотектер нысанын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түрінде ақпараттар беру, өкілетті органмен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

                  3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері

      16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат, келесі құжаттарды беру кезінде жүзеге асырылады:
      1) арызданушының сұрауына сәйкес, тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы мәліметтері бар құқықтық кадастрдің тіркеу парағының көшірмесі;
      2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелер жасауды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      3) кондоминиум нысанын мемлекеттік туралы куәлік;
      4) ипотекті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      5) жалдауларды (мүліктік жалдарды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      6) уақытша ақысыз пайдалану құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      7) құқықтық кадастрдің тіркеу парағының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелер жасауда мемлекеттік тіркеу үлгілерінде бұрын тіркелген (жылжымайтын мүлік нысанының тарихы) барлық немесе жылжымайтын мүлік және онымен мәмілелер жасау нысанының құқық иегерлерінің бөлігі туралы мәліметі бар тіркеуші органының басқада ақпараттық негіздерінің көшірме негізі;
      8) тіркеу органымен расталған тіркеу ісі құжаттарының көшірмесі, жылжымайтын мүлік нысандарының жоспарларын (схемаларын) қосқанда;
      9) тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер туралы жинақталған мәліметтері бар тіркеуші органның анықтамалары;
      10) жылжымайтын мүлікке қиындаулар (шектеулер) мен тыйым салулардың бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар;
      11) жылжымайтын мүлікке құқықтардың жоқтығы туралы анықтамалар;
      12) жылжымайтын мүлік нысандары, олардың теңестірулік, техникалық, экономикалық (құндылық) сипаттары туралы анықтамалар;
      13) қарау сатыларында жатқан, тіркеу органына бұрын қабылданған сұраныстар туралы анықтамалар;
      14) үшінші тұлғалардың ақпараттық қызмет көрсетуге берілген және орындалған сұраулар туралы құқық иесінің сұрауы бойынша анықтамалар.
      Тіркеуші органдарға осы қағидалармен белгіленген талаптарына сәйкес өзгеде ақпараттық қызметтер көрсету түрлері берілуі мүмкін.
      17. Құқықтық кадастрдің тіркеу парағының көшірмесінде: жылжымайтын мүлік нысанының түрі, оның кадастрлік нөмірі, тұрған жері (мекен жайлық бағдарлары), осы жылжымайтын мүлікке қатысты, беру кезіндегі құқықтар, қиындаулар (шектеулер) бар туралы мәлімет, құқық иелері туралы мәліметтер және олардың үлес мөлшері немесе арызданушының сұрауына сәйкес, тіркеу парағының үлгісінен өзгеде ақпараттар болуы қажет.
      18. Тіркеу органымен расталып, тіркеу ісінде жатқан құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесі, құқық иесінің, құқық қорғау және сот органдарының сұрауы бойынша беріледі. Өзгеде жағдайлар кезінде аталған құжаттар мемлекеттік құпиялар емес болып танылады және құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.
      19. Олардың өндірісінде жатқан азаматтық және қылмыстық істерге

қатысты құқық қорғау және сот органдарының дәлелді сұраулары бойынша, 
сондай-ақ ақпарат пайдаланушының арнай сұрауы бойынша ақпарат субъектілік 
нышаны бойынша беріледі.
     20. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді 
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте, құқықтық кадастрдің тіркеу парағының 
көшірмелеріндегі және басқада ақпараттық қызмет көрсету үлгілеріндегі 
мәліметтер, беру сәтінен жарамды болып табылады.
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева Ә.Ж.