N 1035 тіркелген "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Әділет министрінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3067. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығымен

      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының  24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Даму Банкi" (Бұдан әрi - Даму Банкi) акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi - Әсет Өрентайұлы Исекешевтi Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау;
      2) Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамынан Асқар Ұзақпайұлы Маминдi шығару ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі