Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 310 Заңымен.

      "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займы бойынша республикалық бюджетке пайда болған берешегiн жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының ("Құнарлылық" МАК) Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң (ХҚЖД) оңалту займы бойынша республика бюджетiне берешегiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне операциялық шығындарға арнап бөлiнген 324 805,0 (үш жүз жиырма төрт миллион сегiз жүз бес мың) теңге қаражат есебiнен есептеме жүргiзсiн.
      "Құнарлылық" МАК республикалық бюджетке берешегiн өтеуге арналған қаражат, шет ел фирмаларымен контракт жасасқан уақытқа сәйкес 1994 жылы сатылған препараттар үшiн 1 доллар - 14,3 теңге бағамы бойынша ұлттық валютамен қайтарылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Құнарлылық" МАК-мен бiрлесе отырып, Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң оңалту займы шегiнде пайдаланылмаған қалдықтар есебiнен алынған пестицид үшiн берешегiн толықтай өтеген ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi ынталандыру жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеп, жүзеге асырсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi