Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.18. N 816 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенiне шет ел инвестицияларын тарту және "Амоко" (АҚШ) компаниясымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 169 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. "Амоко" компаниясына" тараптардың келiсiмi бойынша оның мүмкiн болатын ұзартылуымен жиырма ай мерзiмге:
      Оңтүстiк Ембi блоктарын барлау және игеру жөнiндегi;
      Каспий теңiзi қазақстандық секторының төрт блогын барлау және игеру жөнiндегi;
      "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы мен консорциумның шетелдiк қатысушыларының арасында келiссөз жүргiзiлiп жатқан Каспий шельфiнiң қазақстандық секторын игеру кезiнде өнiмдердi бөлiсу туралы Келiсiмнiң шарттары бойынша "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы мердiгердiң үлесiнен ала алатын қатысу үлесiнен процент алу туралы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi

министрлiгi мен "Амоко" компаниясының арасындағы Келiсiм жөнiндегi
жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi
министрлiгiмен келiссөздер жүргiзуге эксклюзивтi құқық берiлетiн
болады".
     3-тармақ 4-тармақ болып саналсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi