Ескерту. 1-тармақтың 4) тармақшасын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымы; 3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптарының тізбесі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен); |
4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Мемлекеттік қызмет департаменті
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті
Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті
Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті
Жұртшылықпен байланыс департаменті
Әкімшілік департаменті
Заң департаменті
Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы
Персоналды басқару қызметі
Ішкі аудит қызметі
Төраға хатшылығы
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі" деген жол алып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: |
6203 |
облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері) |
5975" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомствосы және олардың аумақтық органдары |
2309". |
3. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік |
Президент |
Мемлекеттік қызмет істері министрі |
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры |
Президент |
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Ішкі істер, сыртқы істер, мемлекеттік қызмет істері министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары |
министрлер |
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары |
министрлер |
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Төрағасы |
Президент |
Әкімшілік Басшысы |
Премьер-Министр, Комиссия*" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы |
Президент |
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасарлары |
Үкімет |
Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы |
Комиссия*" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасарлары |
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы |
Комиссия*"; |
мына:
"Бас прокуратураның аппарат басшысы |
Бас прокурор |
Әкімшілік Басшысы" |
деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы |
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің басшылары |
Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы |
Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы |
Премьер-Министр, |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің басшылары |
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы |
Комиссия*"; |
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
19-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасарлары; Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің басшылары.".
4. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).
5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
32-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сот төрелігін жүзеге асыру, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша тиісінше - Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына);";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі".
7. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде:
"Медальдар" деген бөлімде:
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет):";
"Төсбелгілер:" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
"1-3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:
"Үздік мемлекеттік қызметші".";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет):";
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамаларында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) медальдары" деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) медальдары";
"I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (28-қосымша)" деген кіші бөлімде:
1) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген. Эмблема алтын түспен дайындалған.";
2) төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Эмблеманың төменгі жағында сыртқы нобайын айналдыра Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасының ою-өрнегіне ұқсас ою-өрнекпен жиектеледі.";
"II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (29-қосымша)" деген кіші бөлімде:
1) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген. Эмблема күміс түспен дайындалған.";
2) төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Эмблеманың төменгі жағында сыртқы нобайын айналдыра Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасының ою-өрнегіне ұқсас ою-өрнекпен жиектеледі.";
"III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (30-қосымша)" деген кіші бөлімде:
1) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген. Эмблема қола түспен дайындалған.";
2) төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Эмблеманың төменгі жағында сыртқы нобайын айналдыра Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасының ою-өрнегіне ұқсас ою-өрнекпен жиектеледі.";
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі (31-қосымша)" деген кіші бөлімде:
1) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.";
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төсбелгісі
"Үздік мемлекеттік қызметші" (79-3-қосымша)
"Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісі жезден жасалған және сегіз ұшты көп қырлы жұлдыз нысанында болады. Белгінің қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемі 35 мм.
Жұлдыздың ортасында диаметрі 20 мм шеңбер орналасқан, оның аясы ақ эмальмен боялған, шеңбердің ортасында 24 сәулесі бар күн және астында қалықтаған бүркіттің бейнесі бар.
Шеңбердің жоғары жағында "ҮЗДІК", ал төменгі жағында "МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" деген жазу түсірілген, оның аясы көк эмальмен боялған. Жазулардың арасында ұлттық орнамент түсірілген.
Айналасы ернеумен жиектелген. Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Мемлекеттік Ту түсті жібек қатқыл лентамен тысталған ені 25 мм және биіктігі 15 мм тік бұрышты тағанға жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.";
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төсбелгілері" деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төсбелгілері";
"I дәрежелі "Үздік қызметкер" (92-қосымша)" деген кіші бөлімде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.";
"II дәрежелі "Үздік қызметкер" (93-қосымша)" деген кіші бөлімде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.";
"I дәрежелі "Үздік қызметші" (93-1-қосымша)" деген кіші бөлімде:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.".
Эмблеманың сыртқы нобайы қызыл лентамен жиектелген, оның жоғарғы жағында "ҮЗДІК ҚЫЗМЕТШІ" деген жазу ойылып жазылған. Лентаның астында, оның орталық бөлігінде қырланған алаңша шығып тұрады, оның қызыл түсті аясында белгінің дәрежесіне сәйкес келетін "I" деген рим цифры жазылған. Жазу мен алаңшаның арасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ою-өрнегімен бірдей ұқсас ою-өрнек орналасқан.";
"II дәрежелі "Үздік қызметші" (93-2-қосымша)" деген кіші бөлімде:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.
Эмблеманың сыртқы нобайы қызыл лентамен жиектелген, оның жоғарғы жағында "ҮЗДІК ҚЫЗМЕТШІ" деген жазу ойылып жазылған. Лентаның астында, оның орталық бөлігінде қырланған алаңша шығып тұрады, оның қызыл түсті аясында белгінің дәрежесіне сәйкес келетін "II" деген рим цифры жазылған. Жазу мен алаңшаның арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ою-өрнегімен бірдей ұқсас ою-өрнек орналасқан.";
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшаға сәйкес Сипаттамаларға 79-3-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:
"3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері" бөлімінде:
"Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісі" бөлімінен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісі
53-3. "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосқан, кемінде 15 жыл мінсіз қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер марапатталады.";
"I, II дәрежелі "Үздік қызметші" төсбелгісі" бөлімінде:
65-1 және 65-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"65-1. "Үздік қызметші" төсбелгісімен өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған, қызметтік іс-қимылындағы жоғары көрсеткіштері және мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) және оның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері марапатталады.
65-2. "Үздік қызметші" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:
1) мемлекеттік органдарда бес және одан да көп жыл, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте) және оның аумақтық органдарында кемінде екі жыл қызмет өтілі үшін марапаттауға - I дәрежелі "Үздік қызметші" төсбелгісі;
2) мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте) және оның аумақтық органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Үздік қызметші" төсбелгісі;";
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы".
8. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі" деген бөлімде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау кызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің офицер атағы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін іске асыратын қызметкерлері.".
9. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
1. Мемлекеттік саяси лауазымдар деген тарауда:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы";
2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар деген тарауда:
"А" корпусында:
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы";
"Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы департаменттерінің директорлары";
аталған жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық органдарының басшылары - әдеп жөніндегі кеңестердің төрағалары";
"Б" корпусында:
"В санаттарының тобы" деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы";
В-1 санатында:
"Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы департаменті директорының орынбасары";
В-2 санатында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы";
В-3 санатында:
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі";
С санаттарының тобында:
"Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы бөлімшелері" деген бөлімде:
С-О-1 санатында:
"Басшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық органының басшысын қоспағанда":
С-О-2 санатында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі";
С-О-3 санатында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосының аумақтық органы басқармасының басшысы".
10. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Кеңесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомствосы департаменттерінің директорлары лауазымдарын қамтиды.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық органдарының басшылары - әдеп жөніндегі кеңестердің төрағалары".
11. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534- құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген В-1, С-1, С-2, сондай-ақ С-О-1, С-О-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдарды тұжырымдайтын Әдеп жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Әдеп жөніндегі комиссия) қарайды.
Әдеп жөніндегі комиссия туралы ережені мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";
68-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болады.".
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 16.08.2017 № 532 Жарлығымен.12. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж, № 75-76, 553-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұлттық баяндаманы:
1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президентіне - есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей ұсынады.".
13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 573-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережесі бекітілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереже";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.":
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі - Әдеп жөніндегі кеңес) Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.";
Мәтін бойынша "Министрлік", "Министрліктің" деген сөздер, тиісінше, "Агенттік", "Агенттіктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс органы Агенттіктің аппарат басшысы Агенттіктің аумақтық органының құрылымдық бөлімшелері қатарынан айқындайтын хатшылық болып табылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентін Агенттіктің төрағасы бекітеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Агенттіктің аумақтық органының басшысы лауазымы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады, оны Агенттіктің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Әдеп жөніндегі кеңестің дербес құрамын Агенттік төрағасының қарауына және бекітуіне енгізеді;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының ұсынуы бойынша Агенттіктің аппарат басшысы Әдеп жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекітеді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің бірі төрағаның міндеттерін атқарады. Бұл ретте, ол болмаған кезеңде тәртіптік істі қозғау, тоқтата тұру және қайта жалғастыру жөніндегі өкілеттіктерді Агенттіктің аумақтық органы басшысының міндеттерін орындайтын адам жүзеге асырады.";
28-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әдеп жөніндегі кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілгені туралы үш жұмыс күні ішінде Агенттікті хабардар етеді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Хатшылықты Агенттіктің аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын хатшылық меңгерушісі басқарады.".
Қазақстан Республикасы | |
Сипаттамаларға |