"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
Конституциялық Заңның
17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 345 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.08.29. N 939
Жарлығымен
.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89
Жарлығы
;
2) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 391
Жарлығы
;
3) "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 471
Жарлығының
4-тармағының 2) тармақшасы;
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 542
Жарлығы
.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 11 ақпандағы
N 806 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. Өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2002.05.08.
N 868
жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.08.29. N 939
Жарлығымен
.
Ескерту. Құрылым өзгерді - ҚР Президентінің 2003.05.16.
N 1094
жарлығымен
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президенттің көмекшілері
Президент Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары <*>
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Президенттің кеңесшілері
Кеңсе
Мемлекеттік-құқық бөлімі
Ішкі саясат бөлімі
Ұйымдастыру-бақылау бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Баспасөз қызметі
Жүйелі зерттеулер орталығы
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі
Протокол қызметі
Кадр жұмысы бөлімі
Президенттің Парламенттегі Өкілдігі
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты
Бухгалтерия