Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 11 ақпан N 806

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Z952733_ Конституциялық Заңның 17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 325 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 U990089_ Жарлығы;
      2) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 391 U000391_ Жарлығы;
      3) "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету

жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 
12 қазандағы N 471  

U000471_

  Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасы; 
     4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 
89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 542  

U010542_

  Жарлығы. 
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
                                                 Қазақстан Республикасы 
                                                      Президентінің 
                                                 2002 жылғы 11 ақпандағы 
                                                    N 806 Жарлығымен 
                                                       БЕКІТІЛГЕН 
     
            Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 
                                ҚҰРЫЛЫМЫ 
<*>
  
     
     Ескерту. Өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2002.05.08. 
              N 868 жарлығымен.  

U020868_

  
     
     Президент Әкімшілігінің Басшысы 
     Президенттің көмекшілері 
     Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары 
     Президенттің Кеңесшілері 
     Кеңсе 
     Мемлекеттік-құқық бөлімі 
     Аумақтық-ұйымдастыру бөлімі 
     Жүйелі зерттеулер орталығы 
     Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі 
     Ішкі саясат бөлімі 
     Баспасөз қызметі 
     Протокол қызметі 
     Кадр жұмысы бөлімі 
     Бас бақылау инспекциясы 
     Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы 
     Президенттің Парламенттегі өкілдігі 
     Бухгалтерия 
     Қазақстан халықтары Ассамблеясымен жұмыс істеу жөніндегі бөлім 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.