Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 11 ақпан N 806

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңның  17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 345 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.08.29. N 939 Жарлығымен
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 391 Жарлығы ;
      3) "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығының  4-тармағының 2) тармақшасы;
     4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 542 Жарлығы .
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

Қазақстан Республикасы        
Президентінің           
2002 жылғы 11 ақпандағы        
N 806 Жарлығымен           
БЕКІТІЛГЕН               

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2002.05.08.
N 868 жарлығымен .
     ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.08.29. N 939 Жарлығымен .
      Ескерту. Құрылым өзгерді - ҚР Президентінің 2003.05.16.
N 1094 жарлығымен

     Президент Әкімшілігінің Басшысы
     Президенттің көмекшілері
     Президент Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары <*>
     Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
     Президенттің кеңесшілері
     Кеңсе
     Мемлекеттік-құқық бөлімі
     Ішкі саясат бөлімі
     Ұйымдастыру-бақылау бөлімі
     Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
     Баспасөз қызметі
     Жүйелі зерттеулер орталығы
     Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі
     Протокол қызметі
     Кадр жұмысы бөлімі
     Президенттің Парламенттегі Өкілдігі
     Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты
     Бухгалтерия