Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 13 сәуір N 372 (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат). Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтіні;
      2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 
      2. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері антының мәтіні және ант беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актісімен белгіленеді.
      Адам құқықтары жөніндегі уәкіл антының мәтіні және ант беру тәртібі «Адам құқықтары жөнiндегi уәкіл қызметiн белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен белгіленеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4-1. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5-1. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5-2. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5-3. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     
      Ескерту. Жарлық өзгерді - ҚР Президентінің 2001.11.13. N 720 жарлығымен.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 13 сәуірдегі     
N 372 Жарлығымен        
бекітілген          

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісінің
анты

      Ескерту. Антының мәтіні жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

      А.Ә.Т. ________________________________________________________

      _______________________________________________________________
                                (қолы, күні)

Қазақстан Республикасы    
Президентінің       
2000 жылғы 13 сәуірдегі    
N 372 Жарлығымен        
бекітілген           

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің
ант беру қағидалары

      Ескерту. Ант беру қағидалары жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.07.2013 № 601 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік саяси қызметшілер:
      1) Қазақстан Республикасының Президентіне - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері;
      2) егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса:
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары; министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары; Адам құқықтары жөніндегі уәкіл; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы, оның орынбасарлары; "Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры, оның орынбасарлары;
      облыстардың әкімдеріне - олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдері;
      астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдеріне - олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері ант береді.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары мен олардың орынбасарлары алдында ант беретін лауазымды адамды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бюросы айқындайды.
      3. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымнан мемлекеттік саяси лауазымға ауысқан кезде ант береді.
      4. Мемлекеттік саяси қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметке ауысқан, сондай-ақ басқа мемлекеттік саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентіне ант беру көзделетіндерді қоспағанда, қайтадан ант бермейді.

2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ант беру тәртібі

      5. Ант берудің салтанатты рәсімі ресми рәсімдер мен қабылдауларға арналған тиісті қызметтік ғимараттың залында өткізіледі.
      Ант беру кезінде болуға тиісті міндетті атрибуттар - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Туы.
      Ант беру салтанатты антты қабылдаушы лауазымды адамның кіріспе сөзімен басталады. Ант беретін адам мінберге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан соң оған қол қояды және антты қабылдаған лауазымды адамға береді.
      Залға Ант беретін мемлекеттік саяси қызметшілерден басқа өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      Тиісінше ресімделген және мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылған анттың мәтіні ант берушінің қалауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.
      Ант бергеннен кейін антты қабылдаған лауазымды адам қысқаша құттықтау сөз сөйлейді.
      Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталады, қатысушылары оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.