Республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс |
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметi белгiленсiн.
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шаралар қолдансын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкiмшiлiгiне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекiтiлген |
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл туралы ереже
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.