Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 13 сәуір N 372

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Z990453_ Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтіні мен ант беру тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      2. Мемлекеттік саяси қызметшілер мынадай ретпен ант береді деп белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасының Президентіне - республиканың Премьер-Министрі мен өзге де Үкімет мүшелері; республиканың Мемлекеттік хатшысы; Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары; республика Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері; республиканың төтенше және өкілетті елшілері;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша:
      - республиканың Премьер-Министріне - Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары; министрлердің бірінші орынбасарлары және орынбасарлары; Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; ведомстволар басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
      - республиканың Мемлекеттік хатшысына - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, хатшысы және Орталық сайлау комиссиясының мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі республика есеп комитетінің мүшелері;
      - Президент Әкімшілігінің Басшысына - Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Президенттің арнаулы өкілдері; республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; республика Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары; Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның атқарушы директорлары мен мүшелері; Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры мен оның орынбасарлары, республика Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары; республика Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының бастығы, оның орынбасарлары; <*>
      - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне - олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің тәртіптік кеңестерінің төрағалары; төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері.
      3. Республика Премьер-Министрі мен өзге де Үкімет мүшелері антының мәтіні мен ант беру тәртібі "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Z952688_ Конституциялық заңмен, сондай-ақ республика Президентінің тиісті актімен белгіленеді.
      4. Парламент Палаталары аппараттарының басшылары мен олардың

орынбасарлары ант беретін лауазымды тұлғаны Парламент Палаталарының бюросы 
айқындайды. 
     5. Антты бұзу мемлекеттік саяси қызметшінің қызметінен босатылуына 
алып келеді деп белгіленсін. 
     6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     
                                                Қазақстан Республикасы 
                                                    Президентінің 
                                                2000 жылғы 13 сәуірдегі 
                                                   N 372 Жарлығымен 
                                                      бекітілген 
     
                         Қазақстан Республикасы 
                   мемлекеттік саяси қызметшілерінің 
                                 АНТЫ 
     
     Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз 
Отаным - Қазақстан Республикасын экономикалық және рухани дамыту ісіне 
барша күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен 
заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімді заңдылық пен 
әділеттілік, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, 
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік 
қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін. Ант 
етемін. 
     
                                        ________________________________ 
                                                 (жеке өз қолы) 
     
     ______________________________ 
                (күні) 
     
     
                                                Қазақстан Республикасы 
                                                    Президентінің 
                                                2000 жылғы 13 сәуірдегі 
                                                   N 372 Жарлығымен 
                                                      бекітілген 
     
                         Қазақстан Республикасы 
                   мемлекеттік саяси қызметшілерінің 
                            Ант беру тәртібі 
     
     Салтанатты ант беру рәсімі ресми рәсімдер мен қабылдауларға арналған 
тиісті қызметтік ғимараттың залында өткізіледі. 
     Ант беру кезінде болуға тиісті міндетті атрибуттар - Қазақстан 
Республикасының Елтаңбасы мен Жалауы. 


      Ант беретін адам Қазақстан Республикасының Конституциясы қойылған мінберге шақырылады да оған сол қолын қойып тұрып, Анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан кейін оған қол қойып, Ант қабылдаған лауазымды тұлғаға табыс етеді.
      Залға Ант беретін мемлекеттік саяси қызметшіден басқа өзге де

лауазымды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы 
мүмкін. 
     Тиісінше ресімделген және мемлекеттік әрі орыс тілдерінде басылған 
Анттың мәтіні Ант берушінің қалауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады. 
     Ант бергеннен кейін Антты қабылдаған лауазымды тұлға қысқаша 
құттықтау сөз сөйлейді. 
     Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің 
орындалуымен аяқталады, оны қатысушылар түрегеп тұрып тыңдайды. 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж.