Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 3 сәуір N 369

Жаңартылған

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.06.18. N 345 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемін: Z060207
     1. Мәдениет саласында айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайынғы 50 Мемлекеттік стипендия тағайындалсын.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.06.18. N 345 жарлығымен.
     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: P070266
     1) алынып тасталды
     2) алынып тасталды
     3) мемлекеттік стипендияларға ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.
     Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.06.18. N 345 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті