Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 3 сәуір N 369

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.11.2016 N 370 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемін: Z060207
      1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.11.2016 N 370 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.11.2016 N 370 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті