Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 345 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 1391 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 06.08.2026 № 1391 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбындағы "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия" деген сөздер "Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлері үшін" деген сөздер "Мәдениет саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;

      3) тармақшадағы "Мемлекеттік стипендияға" деген сөздер "мемлекеттік стипендияларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті