Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 3 сәуір N 369

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлеріне 
мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемін: 
     1. Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлері үшін айына 20 еселенген 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайынғы 50 Мемлекеттік стипендия 
тағайындалсын. 
     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
     1) Мемлекеттік стипендия туралы ережені әзірлеп, бекітсін;
     2) Мемлекеттік стипендия тағайындау жөнінде комиссия құрсын;
     3) Мемлекеттік стипендияға ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай 
жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж.