"Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 13-ө өкімі.

Жаңартылған

      1. Қоса беріліп отырған "Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мәслихаттарға енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тоқсан қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есептік тоқсаннан кейінгі Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 28 қаңтардағы
№ 13-ө өкімімен
бекітілген

"Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 14.05.2020 № 69-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзім

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БҒМ

2020 жылғы ақпан

М.М. Дәуленов

2

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі

БҒМ

2020 жылғы ақпан

Ш.Т. Каринова

3

"Үздік педагог" атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2020 жылғы ақпан

Ш.Т. Каринова

4

Басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2020 жылғы ақпан

М.М. Дәуленов

5

"Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2020 жылғы ақпан

Б.А. Асылова

6

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2020 жылғы ақпан

Ш.Т. Каринова

7

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2020 жылғы ақпан

Б.А. Асылова

8

Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

М.М. Дәуленов

9

Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

10

Педагогтердің біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

11

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу, және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

12

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

13

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

14

Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

15

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

16

Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

17

Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Б.А. Асылова

18

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

19

"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

20

"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

21

"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

22

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 14.05.2020 № 69-ө өкімімен.


23

"Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

24

"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

25

"Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

26

Педагогтік әдептің кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

27

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Д. Калайчиди

28

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Д. Калайчиди

29

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2020 жылғы наурыз

Т.Т. Дәндібаев

30

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

31

"Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

32

"Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

33

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

34

"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Ш.Т. Каринова

35

Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды беру тәртібін, олардың сипаттамасы және біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

облыстар, республикалы қ маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулылары

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана әкімдіктерінің ЖАО

2020 жылғы наурыз

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

36

Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы

облыстар мәслихаттарының шешімі

облыстардың ЖАО

2020 жылғы наурыз

облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі