Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2024 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) штаттарында көзделген бос педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымына орналасу конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады.
2. ӘОО-да бос лауазым бар болған жағдайда тиісті ӘОО әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі) бос лауазымның бар болуы туралы ақпарат жолдайды.
3. ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне қызметі бойынша жоғарылату үшін кадр резервінде тұрған әскери қызметшілерді бос лауазымға тағайындау туралы ұсыныс енгізеді. ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі осындай болмаған жағдайда ӘОО-ға ақпарат жолдайды.
4. ӘОО-ның кадр органдары ақпаратты лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізеді және күнтізбелік бес күн ішінде ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне бос лауазымға орналасуға кандидаттардың болуы туралы ақпаратты ұсынады.
5. ӘОО-дан алынған ақпаратты жинақтау кезінде жүргізілетін алдын ала іріктеу нәтижесі бойынша ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі күнтізбелік он күн ішінде ӘОО-ға ұсынылған кандидаттар қатарынан конкурстық іріктеу жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдайды.
6. ӘОО конкурстық іріктеу жүргізу туралы бұйрық шығарады, онда конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның құрамы және оның отырыстарының кестесі бекітіледі.
7. Конкурстық іріктеу жүргізу және кандидаттардың құжаттарын жинау кезеңі туралы бұйрықтан үзіндіні конкурстық іріктеуді өткізетін ӘОО үш жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне және әскери қызметшілері кандидат ретінде ұсынылған ӘОО-ға жолдайды.
8. Конкурстық іріктеу:
1) конкурсқа қатысу үшін барлық кандидатқа мүмкіндік беру;
2) конкурсқа қатысушылар арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
3) конкурстық іріктеуді объективті түрде жүргізудің сақталуына бақылауды жүзеге асыру шарттарын сақтаумен жүзеге асырылады.
9. Іріктеу комиссиясы мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы – ӘОО бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары немесе оның орнындағы адам;
2) комиссия төрағасының орынбасары – ӘОО құрылымдық бөлімшесінің бастығы;
3) комиссия хатшысы – ӘОО-ның педагогі немесе ғылыми қызметкері (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар);
4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (ӘОО штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері қатарынан, кадр органының бастығы, заң консульты).
10. Кандидаттар конкурс өткізетін ӘОО-ға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінішті;
2) жоғары білімі туралы дипломының және қосымшасының көшірмесін (тарнскриптін);
3) академиялық және/немесе ғылыми дәреже мен ғылыми атақ беру туралы дипломының көшірмесін (бар болған кезде);
4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттың көшірмесін (бар болған кезде);
5) ғылыми, оқу-әдістемелік жұмысы мен өнертабысы тізімін (бар болған кезде);
6) өнертабысқа патенттің, елеулі ғылыми жетістігін, сондай-ақ педагогтар мен ғылыми қызметкерлерді даярлау тәжірибесін растайтын құжат көшірмесін (бар болған кезде);
7) құрылымдық бөлімше бастығы берген қызметтік мінездемені тапсырады.
Сонымен қатар, кандидаттар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты құжаттарды (ұсынымхат, тілдік даярлық туралы сертификаттың көшірмесі, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістігін растайтын өзге де құжат) ұсынады.
2-тарау. Конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі
11. Конкурстық іріктеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ӘОО педагогы мен ғылыми қызметкерінің бос лауазымына орналасуға кандидаттардың өтініші мен құжаттарын қарау;
2) кандидатпен әңгімелесу;
3) конкурстық іріктеуді қорытындылау.
Конкурстық іріктеу мақсаты Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік сипаттамаларын, бос лауазымға конкурс жариялаған нақты ӘОО-ның ерекшеліктерін ескере отырып, кандидаттардың кәсіби және жеке басының қасиеттерін бағалау болып табылады.
12. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурстық іріктеуді өткізетін ӘОО-ның хатында көрсетілген қажетті құжаттарды берген адамдар конкурстық іріктеуге қатысушылар болып табылады.
13. ӘОО педагогтары мен ғылыми қызметкерлері лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу әңгімелесу нысанында үміткерлер қызметінің қорытындысын талдамалы қорытындылау негізінде жүргізіледі, бұл ретте кәсіби деңгейді айқындау үшін әрбір лауазым бойынша Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімі тексеріледі.
14. Конкурстық іріктеуден кейін комиссия жабық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен мынадай шешімнің біреуін қабылдайды:
1) "ұсынылады";
2) "ұсынылмайды".
15. Отырысқа қатысатын комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеу бойынша жабық дауыс беру үшін арналған бюллетеньді толтыру жолымен дауыс береді.
16. Конкурстық іріктеуді өткізу кезінде комиссияның шешімі, егер дауыс беруге оның мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, жарамды болып табылады. Комиссияның барлық шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
17. Қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын алған кандидат конкурстан өтті деп танылады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
18. Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
19. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия шешеді.
Кандидат, оған қатысты бөлігінде конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның құжаттарымен және шешімімен таныса алады.
Кандидаттың бастамасы бойынша конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның шешіміне сот тәртібінде шағымдануға болады.
20. Конкурстық іріктеу жүргізілгеннен кейін конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хатшысы күнтізбелік он күн ішінде ӘОО кадр органына құжаттардың түпнұсқасын (хаттаманы, бюллетеньді) береді.
21. ӘОО кадр органы конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасын ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.
22. Конкурстық іріктеуге қатысатын конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның мүшелері, хатшысы конкурстық іріктеу ақпаратына қатысты қатаң құпиялылықты сақтайды және бөгде адамдардың конкурстық іріктеу құжаттарына қолжетімділігін мүлдем болдырмауды қамтамасыз етеді.
1-қосымша | |
Нысан | |
_______________________ бастығы (әскери оқу орнының атауы) |
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш
Мені ___________________________________________________________
бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Конкурсты өткізу шарттарымен таныстым.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
____________________________________________
(қолы) (әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)
20___ жылғы "____" ____________
2-қосымша | |
Нысан |
________________________________________________________________________________ (лауазым атауы) конкурстық іріктеу бойынша жабық дауыс беруге арналған бюллетень
Р/с № | Кандидаттың әскери атағы, тегі, инициалы (бар болған кезде) | Қандай лауазымға конкурстық іріктеу жүргізіледі | Келісемін/келіспеймін |
3-қосымша | |
Нысан |
Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасы
Бекітемін конкурстық комиссияның төрағасы ____________________________ (қолы, әскери атағы, инициалы және тегі) |
|
20__ жылғы "____" ___________ |
_______________________________________________________________ ӘОО атауы _______________________________________________________________ бос лауазымына орналасуға өтініш берген _______________________________________________________________ кандидаттың әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі | Оқулық басылымының, ғылыми жарияланымың болуы | Өзгеде мәліметтер | Таныстырылымды бағалау | Дауыс беру нәтижесі | ||||
Білім деңгейі | Магистр дәрежесінің болуы | Ғылыми дәрежесінің болуы | Педагогикалық өтілі | Алдыңғы қызмет істерінің бейіні | ||||
Конкурстық комиссия қорытындысы _______________________________
Конкурстық комиссия мүшелері ___________________________________
Конкурстық комиссия хатшысы _____________ ____________________
(қолы) (әскери атағы, Т.А.Ә.)