Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13133 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 16 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Негізгі ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу (бұдан әрі - ІІМ білім беру ұйымдары) тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы педагогтардың лауазымдарына функциялары білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыруды көздейтін лауазымдар жатады.

      ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына функциялары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін алу және іске асыруды көздейтін лауазымдар жатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы конкурс негізінде орналасатын педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурстан тыс:

      1) ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы кафедраның (циклдың), бөлімнің, ғылыми-зерттеу бөлінісінің бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық тәжірибесі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері;

      2) ІІМ бiлiм беру ұйымдарының тиісті кафедрасында (циклында), бөлімінде, ғылыми-зерттеу бөлінісінде кемінде үш жыл үздіксіз еңбек өтілі бар сол бөліністе жоғары тұрған лауазымға жоғарлататын бiлiм беру ұйымдарының педагогтары, ғылыми қызметкерлері тағайындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ішкі істер органдарына педагогтар мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына қызметке алғаш қабылданатын кандидаттарға қатысты конкурс "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген) бекітілген, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесіне сәйкес өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Конкурсты ІІМ білім беру ұйымы жариялайды.

      7. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін ІІМ білім беру ұйымының кадр қызметіне баянат берген адамдар конкурсқа қатысушылар болып табылады.

      8. Қонкурс мынандай бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) конкурстық комиссияны қалыптастыру;

      3) құжаттарды қабылдау және оларды "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестілігіне алдын-ала қарау;

      4) заңнама білуге тестілеу;

      5) конкурстық комиссиямен әңгімелесу.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.04.2021 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қызметкердің конкурсқа қатысу бойынша шығындары (конкурс өтетін жерге келу және кету, тұрғын үй жалдау, тұру) өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

3-тарау. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау аяқталардан кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, біруақытта ІІМ білім беру ұйымының ресми интернет-ресурстына орналастыра отырып, жарияланады.

      11. Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін қызметкерлерді жарияланған лауазымға тағайындауға (ауыстыру) конкурс өткізу рәсімі аяқталғанға дейін жол берілмейді.

      12. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:

      1) Орналасқан мекенжайын, пошталық және электронды мекенжайларын, кадр қызметінің телефон нөмерлерін көрсете отырып ІІМ білім беру ұйымының атауын;

      2) біліктілік талаптарын көрсете отырып, бос лауазымның атауын;

      3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақытын қамтиды.

4-тарау. Конкурстық комиссияны құру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы педагогтар мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға арналған конкурстық комиссия (бұдан әрі - конкурстық комиссия) конкурс жариялаған ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен құрылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды, оларды тестілеу нәтижелерін қарайды, конкурс өткізу рәсімін, мерзімін анықтайды, конкурстық құжаттамаға талдау жүргізеді, конкурстың қорытындысы бойынша шешім шығарады.

      15. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан және кемінде жеті адам болуы тиіс. Конкурстық комиссияны төраға баскарады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады, ол оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      16. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ІІМ білім беру ұйымы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалады. Конкурстық комиссияның құрамына ІІМ білім беру ұйымы бастығының орынбасарлары, оқу және ғылыми жұмыстарды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің бастықтары және конкурстық комиссиясы төрағасының шешімі бойынша штаттық қызметкерлер кіреді.

      17. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі принциптері:

      1) конкурсқа қатысу үшін барлығына бірдей мүмкіндік беру;

      2) конкурсқа қатысушылар арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;

      3) конкурсты өткізудің әділдігінің, жариялығының сақталуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

5-тарау. Құжаттарды қабылдау және қарау

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Конкурсқа қатысушы адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІМ білім беру ұйымы бастығының атына баянат береді. Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген) бекітілген кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

      2) өмірбаян;

      3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы

      дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған

      көшірмелері;

      4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      5) ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

      6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (жоғары лауазымға жылжыту кезінде).

6-тарау. Конкурстан тыс орналасу тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген кандидаттардың құжаттарын ІІМ білім беру ұйымының бастығы кафедраның (циклдың), бөлімнің немесе ғылыми бөліністің отырысында талқылау үшін жолдайдыдың.

      Факультет бастығының (бастықтың орынбасары), кафедраның (циклдың), бөлімнің, ғылыми бөлініс бастығының лауазамдарына орналасуға үміткер кандидаттардың құжаттарын қарау кезінде ІІМ білім беру ұйымы бастығының тиісті қызмет бағытына жетекшілік ететін орынбасары төрағалық етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Кафедра (цикл), бөлім, ғылыми-зерттеу бөлінісі отырысының барысы бейнежазбаға түсіріледі. Отырыстың бейнежазбасы ІІМ білім беру ұйымының кадр қызметіне одан әрі сақтау үшін беріледі.

      21. Әрбір кандидат бойынша шешім дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру барысында дауыстар тең болған кезде, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      22. Кандидаттар кафедра (цикл), бөлім, ғылыми-зерттеу бөлінісінің отырысына қатысады.

      23. Шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      24. Шешім үш жұмыс күн ішінде ІІМ білім беру ұйымының кадр қызметіне жіберіледі.

      25. Лауазымға тағайындау оң шешім кадр қызметіне келіп түскен соң оң жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

      26. Теріс шешім қабылдаған кезде кандидат жалпы негізде конкурсқа қатыса алады.

7-тарау. Конкурс бойынша орналасу тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. ІІМ бiлiм беру ұйымдарында педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасуға конкурс мынадай негізде өткізіледі:

      1) кандидаттардың қызмет нәтижелерін сауалнама нысанында аналитикалық жалпылау;

      2) тестілеу;

      3) әңгімелесу;

      4) шығармашылық есептер;

      5) ғылыми-зерттеу жұмыстары;

      6) оқыту әдістерінің инновациялық білім беру технологиялары мен құралдарын енгізу, практикалық органдармен байланысын нығайту;

      7) авторлық әзірлемелерді, практикалық тапсырмаларды қорғау;

      8) әрбір лауазым бойынша кәсіби деңгейін анықтау үшін біліктілік сипаттамасына сәйкес білімін тексеру негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамасын және педагогика және психология негіздерін, бейіннің сәйкес лауазымы бойынша пәннің негіздерін білуге тестілеуден өтеді.

      Тест сұрақтарының саны жүз жиырма, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге – алпыс сұрақ, педагогика және психология негіздері – жиырма сұрақ, пәндік білім негіздері – қырық сұрақ.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тест сұрақтары Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін білуге 10 сұрақтан тұрады.

      Тестілеудің жалпы уақыты жүз жиырма минутты құрайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Тестілеудің нәтижелері тестілеудің әрбір бөлімі бойынша кемінде 70% дұрыс жауап алған кезде оң деп есептеледі. Тест өткізу нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тест өткізу нәтижелері бойынша жиынтық ведомоспен ресімделеді.

      30. Қорытындылардың мазмұнымен, тестiлеудiң және сауалнамалардың нәтижелерiмен, сондай-ақ тексерiс материалдарымен кандидат конкурстық комиссияның отырысынан бір апта бұрын жазбаша түрде танысуы тиіс.

      31. Әңгiмелесудің мақсаты бос лауазым бойынша қойылатын талаптарды есепке ала отырып, кандидаттарың жеке және кәсiптiк қасиеттерін бағалау болып табылады.

      32. Әңгiмелесу барысында бейнежазу құралдарын қолдануды конкурстық комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      33. Бұдан кейін конкурстық комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру арқылы аталған лауазымға кандидатты лауазымға конкурстық іріктеу бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньге (бұдан әрі – Бюллетень) қосу туралы шешім қабылдайды.

      34. Бюллетень құрастырылғаннан кейін конкурстық комиссия бюллетеньге енгізілген әрбір кандидат бойынша дауыс беру жүргізеді.

      35. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия дауыс берудің алдында құрамы кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әрбір кандидат бойынша дауыс беру нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссияның хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына тігеді.

      36. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып табылады. Қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Сайлау барысында дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      37. Дауыс беру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бос лауазымға әрбір кандидат бойынша ІІМ білім беру ұйымының бастығына "ұсынылады" немесе "ұсынылмайды" деген жазумен ұсынымдар дайындайды.

      38. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан адамдарды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен конкурстық комиссияның отырысы өткен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей таныстырады.

      39. Конкурс бойынша сайлау және лауазымға тағайындау конкурсты жарияланнан кейін екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда конкурс және бос лауазымдар туралы ақпарат қайта жарияланады.

8-тарау. Шағымдану тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелеріне сәйкес шешімге шағымданады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 08.06.2023 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің әскери,
арнайы оқу орындарының,
азаматтық қызметшілер
лауазымдарын қоспағанда,
педагогтар, ғылыми
қызметкерлердің
лауазымдарына орналасу
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінің білім беру ұйымдарындағы педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      білім беру ұйымы бастығының оқу ісін жетекшілік ететін орынбасары;

      білім беру ұйымы бастығының оқу ғылыми ісін жетекшілік ететін орынбасары;

      факультет бастығы (бастықтың орынбасары);

      оқу және ғылыми бөлімшенің бастығы (бастығының орынбасары);

      кафедра (цикл) бастығы (бастықтың орынбасары);

      профессор;

      доцент;

      аға оқытушы;

      аға оқытушы-әдіскер;

      аға ғылыми қызметкер;

      оқытушы;

      оқытушы-әдіскер;

      ғылыми қызметкер.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнайы оқу
орындарында, азаматтық
қызметшілер лауазымдарын
қоспағанда, педагогтар,
ғылыми қызметкерлердің
лауазымдарына орналасу
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      Конкурстық комиссияның төрағасы

      ______________________________

БАЯНАТ

      Мені_______________________________________________ бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Конкурсты өткізудің негізгі шарттарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттелемін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

      __________________________________

      (Т. А. Ә. (бар болған жағдайда))

      __________________________________

      (Қолы)

      20 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің әскери,
арнайы оқу орындарының,
азаматтық қызметшілер
лауазымдарын қоспағанда,
педагогтар, ғылыми
қызметкерлердің
лауазымдарына орналасу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Отырыстың хаттамасы

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Орны                        №____                              Күні_____

      Қатысқандар: факультет, кафедра (цикл), бөлім немесе ғылыми бөлініс отырысының төрағасы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

      ________________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, атқаратын лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Күн тәртібі: педагог, ғылыми қызметкер лауазымдарына орналасуға үміткер

      кандидаттардың құжаттарын қарау

      1. Кандидат ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      2. Сұрақтар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Кандидат ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      дауыс беру қорытындысы бойынша лауазымға тағайындауға ұсынылады/лауазымға

      тағайындауға ұсынылмайды.

      Төраға ______________________________________________________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері __________________________________________________ (қолы)

      ____________________________________________________________________ (қолы)

      ____________________________________________________________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнайы оқу
орындарында, азаматтық
қызметшілер лауазымдарын
қоспағанда, педагогтар,
ғылыми қызметкерлердің
лауазымдарына орналасу
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тестілеу нәтижелері бойынша жиынтық ведомость

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________________________

      Лауазымы: ___________________________________________________

      Атағы:_______________________________________________________

      Лауазымға үміткер:___________________________________________

      _____________________________________________________________

р/с№

Тест атауы

Тест сұрағының саны

Дұрыс жауаптардың саны

Өту пайызы

Нәтижесі

1.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі





2.

Педагогика және психология негіздері





3.

Пәндік білім негіздері (______________)





      Тестілеуге жауапты тұлғаның қолы ________________ (_______________)

      Тестіленушінің қолы _________________ (___________________)

      Тестілеу күні: 20 ___ жылғы "___" ________________

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарында, азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда, педагог
жұмыскерлер және оларға теңестірілген
адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
5-қосымша

      Нысаны

Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша дауыс беруге арналған
бюллетень

      ______________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      лауазымға конкурстық іріктеу бойынша дауыс беру үшін

      ______________________________________________________________

      (ІІМ білім беру ұйымының атауы)

      конкурстық комиссиясы

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Конкурстық іріктеу қандай лауазымға өткізілуде

Дауыс беру нәтижелері