Ескерту: Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 қаулысымен .
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154
қаулысымен
.
2. "Қазақстан Республикасында оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 920
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 213-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Білiм беру ұйымдарында оқитындардың
жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды
тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы
Нұсқаулық
Ескерту: Тақырыбындағы және мәтiндегi "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың", "бiлiм беру ұйымдарында оқитын", "бiлiм беру ұйымдарында оқитындар" деген сөздердің алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 қаулысымен .
1. Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртiбi туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N 1254
қаулысымен
.
3. Мемлекеттік бiлiм тапсырысы (гранты) негiзiнде бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде, сондай-ақ кәсіптік бастауыш бiлiм беретiн мекемелерде оқитындардың мемлекеттiк стипендиялар тағайындалатын және төленетін жекелеген санаттарына мыналар жатады:
1) бастауыш, орта, кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқитын жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар (оқушылар мен студенттер); <*>
2) орта кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқитындар (оқушылар);
3) жоғары кәсiптiк бiлім беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқитындар (студенттер);
4) жоғары оқу орынынан кейiн кәсiптiк бiлiм беретiн білім беру ұйымдарында оқитындар (магистранттар, интерндер, аспиранттар, клиникалық ординаторлар, докторанттар);
5) жоғарғы кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары болып табылатындар (тыңдаушылар).
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N 1254
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 286
қаулысымен
,
2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154
қаулысымен
.
4. Нұсқаулық тағайындалуы мен төленуi Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттелетiн, Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған атаулы стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбiне қолданылмайды.
2. Мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша
бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың мемлекеттiк
стипендияларының мөлшерi
5. Студенттерге төленетiн ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 3 есе мөлшерiнде, интерндерге айлық есептік көрсеткіштің 5,5 есе мөлшерінде белгiленедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N 1254
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 286
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.13. N 453
қаулысымен
.
6. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттiк стипендия тағайындалады. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 286
қаулысымен
.
7. Білім беру тапсырысы немесе гранты негізiнде бiлiм беру ұйымдарына қабылданған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға келесi семестрлерге стипендия алдыңғы семестр үшiн емтихандық сессияның қорытындысы бойынша тағайындалады және төленедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 286
қаулысымен
,
2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154
қаулысымен
.
8. Магистранттарға мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы деңгейiнде белгіленедi.
ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.13. N 453
қаулысымен
.
9. Тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 85 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
10. Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде оқитын оқушыларға мемлекеттiк стипендия студенттердiң мемлекеттік стипендиясының 80 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
11. Мемлекеттік тапсырыс негізiнде оқитын клиникалық ординаторларға мемлекеттік стипендия мөлшерi мемлекеттiк медициналық ұйымның екiншi біліктiлiк санатындағы дәрiгердiң мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы N 473
қаулысымен
.
12. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын аспиранттарға ай сайынғы мемлекеттiк стипендия мөлшерi мемлекеттік ғылыми ұйымның мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар кiші ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 12 шілдедегі N 770
қаулысымен
.
13. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын докторанттарға мемлекеттiк стипендия, жоғары кәсiптiк бiлім беретiн мемлекеттiк білім беру ұйымының мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар доцентiнiң лауазымдық жалақысынан аспайтын, алатын лауазымдық жалақысы мөлшерiнде белгіленедi.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 12 шілдедегі N 770
қаулысымен
.
14. <*>
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N 1254
қаулысымен
.
3. Мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша
оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік
стипендияларының мөлшері
15. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендия осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес көлемде көбейтiледi. <*>
16. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қамқорлығындағы студенттерге магистранттар мен оқушыларға мемлекеттiк стипендия тиiсiнше студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 50 (елу) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
17. Медициналық қорытындының негiзiнде академиялық демалыста жүрген студенттерге магистранттар мен оқушыларға академиялық демалыс кезiнде мемлекеттiк стипендия студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттiк стипендиясы мөлшерiнiң 50 пайызы (мүгедектерге - 75%-i) мөлшерiнде белгiленедi.
Туберкулезбен ауыратын, мемлекеттiк стипендия алатын адамдарға олардың уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы денсаулық сақтау органдарының тиiстi қорытындылары болған жағдайда, мемлекеттiк стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшiн олар ауырғанға дейiн алып келген мөлшерде белгiленедi және төленедi, бiрақ еңбекке жарамсыздық пайда болған күннен бастап 10 айдан аспайды.
18. Зейнетақы алатын студенттерге, магистранттарға, оқушыларға мемлекеттiк стипендия жалпы негiзде тағайындалады және төленедi.
4. Мемлекеттiк стипендияларды тағайындау
мен төлеудiң тәртiбi
19. Мемлекеттiк стипендия мемлекеттiк тапсырыс (грант) бойынша оқитын, бiлiмдi бақылаудың барлық нысандарын қоса алғанда, емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген бағалар алған студенттерге, магистранттарға, интерндерге емтихандық сессиядан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап тағайындалады және ай сайын төленедi.
Жоғары оқу орындарының студенттерi, магистранттары, интерндерi, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының оқушылары болып табылатын барлық үлгерушi (емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша қарызы немесе аралық аттестацияның нәтижелерi бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттiк стипендия тағайындалады.
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.08.12. N 1254
қаулысымен
.
20. Аспиранттарға, докторанттарға, клиникалық ординаторларға және тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия оқудың бүкiл мерзiмiне тағайындалады және ай сайын төленiп тұрады.
21. Жазғы сессияның қорытындылары бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия жазғы каникул кезеңi үшiн несиенiң ашылуына қарай екi ай үшiн (шiлде-тамыз) жинақталып төленедi.
22. Сынақтар мен емтихандарды жалпы белгiленген мерзiмде дәлелдi себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зiлзала) тапсыра алмаған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға бiлiм беру ұйымының басшылығы тапсыруға жеке уақыт белгiлейдi, содан кейiн стипендия жалпы негізде тағайындалады.
ЕСКЕРТУ. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154
қаулысымен
.
23. Жалақы төленетiн жұмыс орындарында және қызметтерде өндiрiстiк практика, жаздық каникул кезеңiнде, сондай-ақ жұмыс кезеңiнде стипендиаттар үшiн жалпы негізде стипендия алу құқығы сақталады.
24. Бiр оқу орнынан басқасына, бiр оқу орнының бiр мамандығынан екiншiсiне ауыстырылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия, оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейiн, жалпы негізде тағайындалады және төленедi.
ЕСКЕРТУ. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154
қаулысымен
.
25. Академиялық демалыста болу кезiнде, осы Нұсқаулықтың 17-тармағын қоспағанда, мемлекеттiк стипендия төленбейдi. Академиялық демалыстан келген студенттерге магистранттарға, оқушыларға мемлекеттiк стипендияны тағайындау мен төлеу алдағы (кезектi) сессияның қорытындылары бойынша белгiленген тәртiппен тағайындалады және төленедi. Сырқатына байланысты екiншi оқу жылына қалдырылған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға стипендия кезектi емтихандық сессияның нәтижелерiне дейiн жалпы негiзде тағайындалады және төленедi.
26. Жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысы кезiнде студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, докторанттарға және оқушыларға стипендия заңдарда белгiленген бүкiл мерзiм iшiнде толық мөлшерде төленедi. <*>
Академиялық демалыс кезiнде жүктiлiгi бойынша еңбекке жарамсыздығы туралы бiрыңғай үлгiдегi анықтама тапсырылған кезде академиялық демалыс үзілуге және жүктiлiгi және босануына байланысты демалыс ресiмделуi тиiс.
Студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және оқушылар сәбиге қарауына байланысты ол 1,5 жасқа толғанға дейiн академиялық демалыста болған жағдайда, стипендия төленбейдi. <*>
ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N 1254
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 286
қаулысымен
.
27. Мемлекеттiк стипендиялар:
1) оқитындар мемлекеттiк бiлiм беру ұйымынан шығарылған жағдайда, шығарылу себебiне қарамастан;
2) оқитындар қайтыс болған жағдайда;
3)
алынып тасталды
;
4) оқуды бiтiргеннен кейiн, оқуды бiтiргенi туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленбейдi.
ЕСКЕРТУ. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154
қаулысымен
.
28. Мемлекеттiк стипендия төлеудi тоқтату бiлiм беру ұйымы басшысының тиiстi бұйрығы шығуымен жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
"Білім беру ұйымдарында оқитындардың
жекелеген санаттарына мемлекеттік
стипендияларды тағайындау мен
төлеудің тәртібі туралы"
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1903 қаулысымен бекітілген
Нұсқаулыққа қосымша
Стипендия алуға құқығы бар мемлекеттік тапсырыс
немесе грант бойынша білім беру ұйымдарында
оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік
стипендиясына үстеменің мөлшері
ЕСКЕРТУ. Қосымшаның атауына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 қаулысымен .
_________________________________________________________________
р/с Стипендия алушылардың тізбесі Пайызға шаққандағы
үстеменің мөлшері
_________________________________________________________________
1 Жоғары кәсіптік оқу орындарының зағип
немесе мылқау-керең студенттеріне,
магистранттарына, орта кәсіптік оқу 75
орындарының оқушыларына
Соғыс қимылдары немесе өзге де әскери
қызмет міндеттерін атқару кезінде,
Чернобыль АЭС-дағы апат пен басқа да
радиациялық апаттардың және азаматтық
немесе әскери мақсаттағы объектілердегі
авариялардың, ядролық қаруды сынаудың
зардабынан немесе мүгедектігі радиацияға
ұшыраған ата-анасының біреуімен генетикалық
байланыста болғандығынан жаралануы, контузия
алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан
мүгедек болып болып қалған студенттерге,
жоғары кәсіптік оқу орындарының магистранттарына,
орта кәсіби оқу орындарының оқушыларына 50
2 Жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған, бірақ азаматтардың қарауында
(қамқорлығында) жүрген балалар қатарындағы
студенттерге, жоғары кәсіптік оқу орындарының
магистранттарына, орта кәсіптік оқу
орындарының оқушыларына 30
3 Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы
тағайындалған, алайда Қазақстан Республикасы
Президентінің шешімдерінде стипендия мөлшері
көрсетілмеген студенттер мен жоғары кәсіптік 100
оқу орындарының магистранттарына
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен,
егер аталған шешімдерде стипендияның мөлшері
көрсетілмесе, аса көрнекті ғылым мен мәдениет
қайраткерлері атындағы стипендиялар алатын
студенттерге, жоғары кәсіптік оқу орындарының
магистранттарына, орта кәсіптік оқу орындарының 45
оқушыларына
5 Қазақстан Республикасы Президентінің
стипендиялары мен атаулы стипендиялар алатындардан
басқа, емтихандық сессияның нәтижелері бойынша
тек "өте жақсы" деген баға алған студенттерге,
жоғары кәсіптік оқу орындарының магистранттарына, 15
орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларына
__________________________________________________________________
Ескерту.
Қосымшада көзделген үстемелер стипендияның бастапқы мөлшері бойынша жүргізіледі (басқа арттырулар есепке алынусыз).