Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияларды қайтарып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 тамыздағы N 813  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулының орындалуы жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі