Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 116 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903
P991903_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта;
12-тармақ "ұйымның" деген сөзден кейiн "мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ "ұйымы" деген сөз "ұйымының" деген сөзбен ауыстырылып, осы сөзден кейiн "мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі