Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 8 қыркүйек N 1335

Жаңартылған

     "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкiметінің            
1999 жылғы 8 қыркүйектегi   
N 1335 қаулысымен        
бекiтiлген             

Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк
орта және кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының 
тiзбесi

       1. Кәсіптік орта білім мамандықтары:
      0202002 - Құқық қорғау қызметі;
      1701002 - Өрт қауіпсіздігі;
      1804002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын iздеу мен
              барлаудың геофизикалық әдiстерi;
      1811002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық түсiру, iздеу және барлау;
      1813002 Гидрогеология және инженерлiк геология;
      1814002 Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және оларды
              барлау;
      1816002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау технологиясы
              мен техникасы. 
       2. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары:
      011100 - Картография;
      021600 - Құқықтану мамандандырулары бойынша:
               "Жедел - криминалистикалық",
               "Тергеу - криминалистикалық",
               "Қылмыстық-атқарушылық";
      110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
      320100 - Қолданбалы геодезия;
      320200 - Аэрофотогеодезия;
      370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және оның
               технологиясы;
      390900 - Ядролық-химиялық технология;
      430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу;
      050706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды
             барлау (бакалавриат);
      6N0706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және
             оларды барлау (магистратура);
      051003 Танк әскерлерiнiң командалық тактикасы;
      051004 Әуе десанты әскерлерiнiң және әскери барлаудың
             командалық тактикасы;
      051005 Артиллерияның командалық тактикасы;
      051006 Автомобиль әскерлерiнiң командалық тактикасы;
      051007 Броньды танк қару-жарағы мен техникасы;
      051008 Инженерлiк әскерлердiң командалық тактикасы;
      051009 Тәрбие құрылымдарының офицерлерi;
      051010 Әскерлердi заттай қамтамасыз етудiң командалық
             тактикасы;
      051011 Әскерлердi азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң командалық
             тактикасы;
      051012 Сұйық отынмен қамтамасыз етудiң командалық тактикасы;
      051013 Мотоатқыштар әскерлерiнiң командалық тактикасы;
      051029 Ұшу аппараттарын пайдалану;
      051030 Авиацияның штурмандық тактикасы, ұшу аппараттарын
             пайдалану;
      051031 Авиацияны жауынгерлiк басқарудың командалық тактикасы;
      051032 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық
             пайдалану;
      051033 Авиациялық қару-жарақ;
      051034 Авиациялық электрлендiрiлген пилотаж-навигациялық және
             радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану;
      051035 Авиациялық радиоэлектрондық жабдық;
      051018 Радиобайланыс және радионавигация;
      051019 Байланыс желiлерi және коммутация жүйелерi;
      051020 Радиотехника. 
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.07. N  1214 , 2001.09.26. N  1245 , өзгерту енгізілді - 2006.04.26. N  327  қаулыларымен.