"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы " 8 "қыркүйектегi N 1335 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының тiзбесi <*> 1. Кәсіптік орта білім мамандықтары: 0202002 - Құқық қорғау қызметі; 1701002 - Өрт қауіпсіздігі. 2. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары: 011100 - Картография; 021600 - Құқықтану мамандандырулары бойынша: "Жедел - криминалистикалық", "Тергеу - криминалистикалық", "Қылмыстық - атқарушылық"; 110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар; 320100 - Қолданбалы геодезия; 320200 - Аэрофотогеодезия; 370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және оның технологиясы; 390900 - Ядролық-химиялық технология; 430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу. <*> Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.07. N 1214 қаулысымен. P001214_ Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.09.26. N 1245 қаулысымен. P001245_ Мамандар: Қобдалиева Н.М. Нарбаев Е.