"Қазақстандық тауар-шикізат биржасы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1245

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
 

      1. Қазақстан Республикасының№Ішкі істер министрлігі "Арнайы полиция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының N 7 "Арнайы полиция" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасының№Ішкі істер министрлігінің ұсынысы қабылдансын. 
 

      2. Қазақстан Республикасының№Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
 

      3. "Қазақстан Республикасының№Ішкі істер министрлігі "Арнайы полиция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 749  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшадағы:      
      1-тармақ алынып тасталсын.
 

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары