Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 қараша N 1641. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.01. N 355 қаулысымен

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығын орындау үшiн, көлiк-коммуникация кешенiн басқаруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

 

министрлiгiнiң құрылымы 1-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның сандық

құрамы - 15 адам болып бекiтiлсiн.




     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.02.02. N 64 қаулысымен.



P980064_



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.07. N 1249 қаулысымен.



P981249_



     3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрлiгi оларға қатысты мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы

болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi

бекiтiлсiн (2-қосымша).

     4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған

тiзбеге сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын

(3-қосымша).


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 22 қарашадағы

                                          N 1641 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар

                 министрлiгi (Көлiккомминi) туралы

                               ЕРЕЖЕ


                            I. Миссиясы



 
       Экономика мен қоғамның көлiкке және ақпаратқа деген ұлғайып келе жатқан қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жағдай жасау.
 
                          II. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекет мүддесiн бiлдiруге, өз құзыретiнiң шегiнде көлiк-коммуникация кешенiнiң кәсiпорындары, ұйымдары және шаруашылық субъектiлерi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану жөнiндегi құқықтарды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, көлiк және көлiк-экспедиция қызметiн, көлiк құралдарын пайдалануды, жөндеудi және техникалық қызмет көрсетудi, байланыс қызметiн көрсетудi, құрылысты, әуе жайларды байланыс құралдары мен ақпараттық жүйелерi, автомобиль жолдарын, су, әуе және темiр жол қатынасы жолдары мен олардағы ғимараттарды салуды, пайдалану мен ұстауды, ғылыми зерттеулер жүргiзудi және көлiктiк-коммуникациялық кешен үшiн кадрлар даярлауды сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету мен бақылауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан тұрады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.07. N 1249 қаулысымен.
               P981249_
      3. Министрлiк өз қызметiнде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банк мекемелерiнде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi бланкiлерi мен мөртаңбалары болады.
 
                          III. Басымдықтары
 
      5. Көлiк-коммуникация жүйелерiн, әсiресе, тауарлар мен қызмет көрсетулердi экспорттау үшiн қажеттi жүйелердi жаңарту мен дамыту.
      6. Тасымалдаудың алдыңғы қатарлы технологияларын, оның iшiнде көлiктiң барлық түрлерiнiң технологиялық бiрлiгiн қамтамасыз ететiн тасымалдау технологияларын енгiзу, жылжымалы құрамды сапалы түрде жаңарту.
      7. Институттық өзгертулер жасау арқылы саланы басқарудың тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету, бiлiктiлiгi жоғары кадрларды тарту, жеке ғылыми зерттеу базасын құру.
      8. Ауылдық жерлердегi тұрғындардың ең аз әлеуметтiк игiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында ауылдың жол және коммуникация инфрақұрылымын дамыту.
 
             IY. Мiндеттерi, функциялары және құқықтары
 
      Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiн мемлекеттiк реттеу;
      көлiк пен байланыс қызметiн көрсету нарығын қалыптастыруға қатысу, кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске мемлекеттiк қолдау көрсету;
      көлiк-коммуникация кешенiнде мемлекеттiк экономикалық және қаржы саясатын және институттық реформаларды жүргiзу;
      көлiк пен байланыс саласында заңдардың, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалану кезiнде қозғалыс және экология қауiпсiздiгi жөнiндегi заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.
      Министрлiктiң негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      көлiктiк-коммуникациялық кешендi дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      көлiк-коммуникация кешенiнiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк үлестерiне, пайларына және акцияларының пакеттерiне иелiк ету және оларды пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру;
      көлiк және коммуникациялар саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      барлық көлiк түрлерi, жол шаруашылығы, коммуникациялар, почта байланысы саласында, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметi саласында заңдардың орындалуына бақылау жасау;
      ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ көлiк пен байланыс саласының кадрларын оқытуға, даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру.
      ЕСКЕРТУ. IY-тарау өзгердi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.07.
               N 1249 қаулысымен. P981249_
 
      9. Министрлiктiң жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      көлiк-коммуникация кешенiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға (лицензияларды, сертификаттарды әзiрлеу, беру және олардың пайдаланылуына бақылау жасау, сондай-ақ нормалар, нормативтер, стандарттар белгiлеу) және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi санкцияларды қолдануға;
      көлiк-коммуникация кешенiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк үлестерiне, пайларына және акцияларының пакеттерiне иелiк етуге және оларды пайдалануға;
      көлiк-коммуникация кешенiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарының, мекемелерiнiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң бiрiншi басшыларымен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келiсiм-шарттар жасасуға;
      оларда көлiк-коммуникация кешенiнiң мемлекеттiк үлестерiне, пайлары мен акциялар пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығы бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi ашуға және құруға;
      өз құзыретiнiң шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы

 

органдардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға құқығы бар;

     халықаралық ұйымдарда және халықаралық кездесулер өткiзу кезiнде

көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң мүдделерiн бiлдiруге;



     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша халықаралық

келiсiмдердi дайындауды және жасасуды жүзеге асыруға.



     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.07.

              N 1249 қаулысымен.


P981249_




              V. Жауапкершiлiгi


     10. Министрлiк осы Ережеде көзделген мiндеттердiң,

функциялардың және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құқықтарды

қолданудың тиiстi түрде орындалуы үшiн жауапты болады.


               VI. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру


     11. Министрлiктi Министр басқарады.


 
       12. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Министрдiң оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың екiншi сөйлемi жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1998.02.02. N 64 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.07. N 1249
               қаулысымен. P981249_
 
      13. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған

 

басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы

үшiн жеке жауап бередi.

     14. Министр осы мақсатта:

     өз орынбасарлары (вице-министрлер), Министрлiктiң

агенттiктерi, департаменттерi директорларының өкiлеттiктер шеңберiн

айқындайды;



     Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және

қызметтен босатады;

     қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық

органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;

     Министрлiктiң департаменттерi туралы ережелердi бекiтедi;

     Министрлiктiң басқа мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды.

     ЕСКЕРТУ. 14-тармақтың 2-абзацындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң

              1998.02.02. N 64 қаулысымен.


     15. Министрлiкте Министрден, оның орынбасарларынан

(вице-министрлерiнен) және комитеттер, агенттiктер мен департаменттер

басшыларынан тұратын алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де адамдар

кiре алады.



     Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi.

     Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.

     ЕСКЕРТУ. 15-тармақта сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1998.02.02.

              N 64 қаулысымен.

     16. Министрлiк өз құзыретiнiң шегiнде орталық және жергiлiктi

атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.

     Министрлiк қабылдаған шешiмдер, Министрлiк бұйрығымен

ресiмделедi.

     17. Министрдiң нұсқауы бойынша, ол болмаған жағдайда оның

орынбасарларының бiреуi орнын ауыстырады.



     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.02.02. N 64

              қаулысымен.



 
       18. Министрлiк оның қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттерден, агенттiктерден, комитеттерден және құрылымдардан тұрады. Министрлiктiң жанынан (Министрлiкте) заңды тұлға болып табылатын департаменттер, агенттiктер, комитеттер құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар болып табылатын департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      19. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Заңды тұлға болып табылатын департаменттердiң, агенттiктердiң директорларын, комитеттердiң төрағаларын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Заңды тұлға болып табылатын департаменттердiң, агенттiктердiң директорларының, комитеттер төрағаларының орынбасары болады, оны департамент, агенттiк директорларының, комитеттер төрағаларының ұсынуы бойынша Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Департамент туралы ереженi және оның құрылымын Департамент

 

директорының ұсынуы бойынша Министр бекiтедi. Заңды тұлғалар болып

табылатын агенттiктер, департаменттер, комитеттер туралы ереженi

Үкiмет бекiтедi.

     21. Департаменттердiң, агенттiктердiң директорлары, комитет

төрағалары департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң жұмысын

ұйымдастырады және оларға басшылықты жүзеге асырады, департаменттерге,

агенттiктерге, комитеттерге жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның

өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.

     22. Департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң штат санын

Министр белгiлейдi.


                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 11 қарашадағы

                                           N 1641 қаулысына

                                               1-қосымша




     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.12.07.

              N 1249 қаулысымен. 


P981249_




          Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар

                           министрлiгiнiң


                              ҚҰРЫЛЫМЫ


     Басшылық

     Темiр жол көлiгi департаментi

     Автомобиль жолдары департаментi

     Автомобиль және су көлiгi департаментi

     Азаматтық авиация департаментi

     Ақпараттық жүйелер департаментi

     Экономикалық реттеу  және мемлекеттiк тапсырыс департаментi

     Көлiк-коммуникациялық кешендi үйлестiру департаментi(жинақтық)

     Әкiмшiлiк департаментi

     Көлiктiк бақылау комитетi(заңды тұлға құқығында)


                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 11 қарашадағы

                                           N 1641 қаулысына

                                              2-қосымша


          Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар

         министрлiгi оларға қатысты мемлекеттiк басқарудың

            уәкiлеттi органы болып табылатын мемлекеттiк

                   кәсiпорындар мен мекемелердiң

                              ТIЗБЕСI


                             Автокөлiк


     Республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны еншiлес

кәсiпорындарымен бiрге


                 Байланыс және телекоммуникациялар


     Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорны еншiлес

кәсiпорындарымен бiрге




     Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi

     Республикалық арнайы байланыс торабы




     "Промсвязь" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны


                         Автомобиль жолдары




     "Қазақ автомобиль жолдары" республикалық мемлекеттiк

     қазыналық кәсiпорны


                              Авиация


     "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

     "Қазаэрожоба" қазақ мемлекеттiк азаматтық авиация

жобалау-iздестiру ғылыми-зерттеу институты - республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны




     "Мемавиарегистр" мемлекеттiк мекемесi


                          Темiр жол көлiгi


     "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк автокөлiк

кәсiпорны еншiлес кәсiпорындарымен бiрге


                             Су көлiгi


     Шығыс Қазақстан су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны

(Өскемен)

     Павлодар су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны

     Семей су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны

     Атырау су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны

     Орал су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны

     Iле су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны (Қапшағай

қаласы)

     Балқаш су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны

     "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны


                             Мекемелер


     Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар

министрлiгiнiң Мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық-тұсаукесер

орталығы

     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.09. N 1266

              қаулысымен. 


P981266_



     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.23. N 1322

              қаулысымен. 


P981322_




                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 11 қарашадағы

                                           N 1641 қаулысына

                                              3-қосымша


          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған

                        кейбiр шешiмдерiнiң


                              ТIЗБЕСI



 
       "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 шiлдедегi N 804 P940804_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 29, 334-құжат).
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 P941302_ қаулысы.
      "Көлiк және коммуникациялар мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 желтоқсандағы N 1409 қаулысының 1-қосымшасының 2 және 3 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 47, 522-құжат).
      "Қызылорда облысының аумағында әскери үлгiдегi автокөлiк колоннасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 сәуiрдегi N 563 P950563_ қаулысының 2-тармағы.
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 836 P960836_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 265-құжат).
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 1685 P961685_ қаулысы.