Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 желтоқсан N 1685. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.22. N 1641 қаулысымен. ~P971641

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереженi бекiту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 P941302_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Ереже мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiнiң", "Жоғарғы Кеңестiң" деген сөздер "Үкiметi", "Үкiметiнiң", "Парламентiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 2-абзацындағы "темiр жол қатынасы жолдарын және оларға арналған ғимараттарды салуды, пайдалану мен ұстауды," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануды бақылауды," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "оның банк мекемелерiнде" деген сөздерден кейiн "белгiленген тәртiппен" сөздерiмен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      жетiншi абзац "көлiк және байланыс" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ әуе кеңiстiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк басқару, әуе кеңiстiгiн пайдалану жұмысын үйлестiру мен бақылау";
      8-тармақта:
      екiншi абзацтағы "жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      он үшiншi абзацтағы "көлiк-коммуникациялар" деген сөздерден кейiн "әуе кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      он бесiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он алтыншы абзацтағы "жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс" деген сөздерден кейiн "әуе кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма бiрiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      жиырма бесiншi абзацтағы "жол шаруашылығында" деген сөздер "сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалану кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "белгiленген тәртiппен әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беру мен тоқтатуға";
      14-тармақта:
      бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Министрлiкте құрамында Министр (алқа төрағасы), Министрлер орынбасарлары, лауазымы бойынша комитеттер мен департаменттердiң басшылары, сондай-ақ көлiк-коммуникация кешенiндегi басшы қызметкерлерi бар алқа құрылады.
      Министрлiктiң алқа құрамының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi,";
      үшiншi тармақтағы "қызметiнiң" деген сөзден кейiн "және әуе кеңiстiгiн пайдаланудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта:
      екiншi абзацтағы "әуе" деген сөз алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "туралы Ережелердi деген сөздерден кейiн "Әуе

 

кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi

комитетi туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:

     "Министрлiктiң жанындағы Әуе кеңiстiгiн пайдалану және

азаматтық авиация қызметi жөнiндегi Комитетi iс-қимыл жасайды.

Комитеттi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының

Үкiметi қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.";

     бiрiншi және екiншi абзацтар тиiсiнше екiншi және үшiншi

абзацтар болып есептелсiн.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары