Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереженi бекiту жайында

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 17 қараша N 1302. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.11.22. N 1641 қаулысымен. ~P971641

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы N 250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 11, 199-бап); 
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 шiлдедегi N 663 қаулысына қосылған өзгертулердiң (N 1 қосымша) 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 31, 362-бап);
     "Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 28 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 2, 15-бап).

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 17 қарашадағы
                                          N 1302 қаулысымен
                                           Бекiтiлген

        Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
                          министрлiгi туралы
                            ЕРЕЖЕ <*>

     ЕСКЕРТУ. Ереженiң мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң
              1996.12.30. N 1685 қаулысымен.   P961685_

              1. Жалпы қағидалар
 
        1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан былай - Министрлiк) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң қызметiне мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын орталық орган болып табылады. Министрлiкке Қазақстан Республикасының Үкiметi тiкелей басшылық етедi.<*> 
      Көлiктiк және көлiктiк-қосындық қызметтi, көлiк құралдарын жөндеу мен техникалық жағынан қамтуды, байланыс қызметiн көрсетудi, байланыс құралдары мен ақпараттық желiлердi, автомобиль жолдарын, су, әуе және темiр жол қатынасы жолдарын және оларға арналған ғимараттарды салуды, пайдалану мен ұстауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануды бақылауды ғылыми зерттеулер жүргiзудi және көлiк-коммуникация кешенi үшiн кадрлар даярлауды жүзеге асырушы, меншiк нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан кәсiпорындар, олардың бiрлестiктерi, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ көлiк, радиоэлектроника мен байланыс құралдарын, саланың мұқтажы үшiн басқа да жабдықтар жасайтын немесе көлiктiк не коммуникациялық процеспен байланысты өзге де жұмысты атқаратын кәсiпорындар Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiн құрайды.<*> 
      Министрлiк басқа министрлiктермен және ведомстволармен, өзге де жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға және байланыс қызметiн көрсетуде экономика мен халықтың, қорғаныс және жұмылдырушылық шаралардың қажетiн қамтамасыз етуге, тұтас алғанда көлiк-коммуникация кешенiн дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясатты жүргiзедi. 
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2 абзацы толықтырылды - ҚРҮ-нiң 
               1996.12.30. N 1685 қаулысымен. 
      2. Министрлiк өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алып отырады. 
      3. Министрлiк Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өзiне берген құқықтарға сәйкес көлiк-коммуникация кешенiне кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiне иелiк етудi, оны пайдалану мен басқаруды жүзеге асырады. 
      4. Министрлiктiң орталық аппаратын ұстау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 
      5. Министрлiк заңды ұйым болып табылады, оның банк мекемелерiнде белгiленген тәртiппен есеп айырысу және өзге де (соның iшiнде валюталық) шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары болады.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.30. N 1685 
               қаулысымен. 
      6. Министрлiк ақпараттық және нормативтiк материалдардың шығарылуын ұйымдастырады. 
 
          II. Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мiндеттi 
 
        7. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 
      көлiк және коммуникациялар саласында Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғау; 
      көлiк және коммуникациялар саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 
      меншiк нысанына қарамастан барлық көлiк және коммуникациялар түрлерiнiң қызмет етуiнiң құқылық және нормативтiк тәртiбiн айқындайтын заңдылық және өзге де актiлердiң, стандарттар мен нормалардың жобаларын әзiрлеу; 
      барлық көлiк және коммуникациялар түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк ұлттық бағдарламаларын әзiрлеу, бiрыңғай инвестициялық, ғылыми-техникалық, әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу, сондай-ақ кадрларды оқыту мен даярлау; 
      тасымалдау мен байланыс қызметiн көрсетуге деген республика экономикасы мен халқының қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жағдай туғызу; 
      көлiк және байланыс, сондай-ақ әуе кеңiстiгi қызметiн көрсетуде тұтынушылардың құқығын қорғауға бақылау жасау;<*> 
      республиканың тасымалдау мен байланыс қызметiне деген мемлекеттiк мұқтажды болжамдауды әзiрлеу және қажеттiлiктi дер кезiнде сапалы түрде қамтамасыз ету; 
      жұмысты үйлестiру және Қазақстан Республикасы көлiк коммуникация кешенiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу функцияларын жүзеге асыру, акционерлендiру мен бәсекелестiктi қалыптастыру негiзiнде оның құрылымы мен басқарылуын жетiлдiру болып табылады; 
      мемлекеттiк басқару, әуе кеңiстiгiн пайдалану жұмысын үйлестiру мен бақылау.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.30. N 1685 қаулысымен. 

     II. Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң функциялары       
      8. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес министрлiк: 
      көлiк, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалану қызметi мәселелерi жөнiндегi жаңа нормативтiк актiлердiң, стандарттардың, ережелердiң, нормалар мен нұсқаулықтардың, техникалық шарттардың жобаларын әзiрлейдi және қолданылып жүргендерiн жетiлдiредi, оларды белгiленген тәртiппен тiркеу мен бекiтуге ұсынады, көлiк пен байланыстың қызмет көрсету рыногының құқылық негiзiн, мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн заңдылық және өзге де актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады;<*> 
      көлiк-коммуникация кешенi кәсiпорындарына мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады, көлiкте, жол шаруашылығы мен байланыста мемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi шығындарды негiздейдi, көлiктi, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, олардың ғимараттарын және байланысты қаржыландыруға республикалық бюджеттен және басқа көздерден бөлiнген қаражатты шоғырландырады, қаржы қаражатының бөлiнуiн бекiтедi және олардың ұтымды пайдаланылуын бақылайды; 
      жол шаруашылығының, барлық көлiк пен байланыс түрлерiнiң қызметкерлерiн әлеуметтiк жағынан қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
      көлiк-коммуникация кешенi қызметкерлерiн мемлекеттiк наградаларға, оларға Қазақстан Республикасына сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындауға ұсыну мәселелерiн қарайды және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң салалық наградаларымен наградтауды жүзеге асырады; 
      көлiк-коммуникация кешенiне кiретiн оқу орындарында жоғары және арнаулы орта бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзедi; 
      барлық көлiк түрлерi мен байланыстағы кадрлардың кәсiби жарамдылық деңгейiне қойылатын талаптарды белгiлейдi және оларды даярлауға жәрдемдеседi; 
      көлiк және жол техникасына, көлiк-коммуникация инфрақұрылымы объектiлерiн салу мен пайдалануға, байланыс құралдарына (өз құзырының шеңберiнде осы талаптарды бекiтедi) қойылатын талаптар мен техникалық шарттарды әзiрлеуге қатысады, аталған талаптар мен шарттардың орындалуына бақылау жасайды, көлiк құралдарын, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды белгiленген тәртiппен сертификаттайды; 
      Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрге барлық көлiк түрлерiнiң, байланыс пен жол шаруашылығының қызметiнен ортаны қауiпсiздендiру мен экологиялық қорғауды қамтамасыз ету саласында бiрыңғай саясатты қалыптастырады және оны жүзеге асыруға қатысады; 
      көлiктi, жол техникасы мен байланыстың техникалық құралдарын пайдалануға орай белгiленген тәртiппен талаптарды, жүру қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау нормалары мен экологиялық нормаларды айқындайды; 
      жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, темiр жол магистральдарын, су қатынасы жолдарын, әуе кеңістiгiн, ақпараттық желiлер мен байланыс құралдарын пайдалануды өрiстеу мен жақсартуға, Қазақстан Республикасының экономикасы мен халқына көлiктiк-қосындық және ақпараттық қызмет көрсетудi жетiлдiруге бағытталған шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi; 
      барлық көлiк түрлерiнiң, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланысты, ақпараттық инфрақұрылымды кешендiк дамытудың стратегиясын айқындайды, бағдарламалардың әзiрленуi мен жүзеге асырылуын үйлестiредi, барлық көлiк түрлерiнiң, республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен байланыстың қызмет етуiнiң әрi дамуының аса маңызды проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады және белгiленген тәртiппен қаржыландыруды жүзеге асырады, көлiктi, байланыс құралдарын және автомобиль жолдарын дамытудың салааралық жобалары мен бағдарламаларын сараптауды ұйымдастыруға қатысады; 
      көлiк және коммуникациялар әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы заңдылықтың сақталуына, радиоэлектрондық құралдарын, жоғары жиiлiктегi құрылғылар мен ведомстволық жүйелердiң пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;<*> 
      көлiктi, жол шаруашылығы мен байланысты дамыту саласында ынтымақтастықтың нысаналы мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге, өнiмдердi сатып алу мен жеткiзуге тапсырыстарды қалыптастыру мен орналастыру жөнiндегi ұсыныстарды көлiк-коммуникация кешенiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарын қатыстыра отырып дайындайды; 
      Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiлеген тәртiппен барлық көлiк түрлерiнде, байланыс қызметiнде тасымалдау, көлiк-қосын қызметiн лицензиялау жөнiндегi жұмыс ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ баға мен тариф саласындағы саясатты белгiлеу мен жүргiзуге қатысады;<*> 
      республикалық шоғырлану мен сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына жәрдемдеседi, халықаралық ұйымдарға республиканың мүддесiн қорғайды, көлiк, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында ұсыныстар әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттар жасайды, олардың орындалуын бақылайды;<*> 
      көлiк пен байланыс қызметiн көрсетудегi рыноктың қалыптасуына мемлекеттiк қолдау жасайды; 
      салалық дамудың аймақтық бағдарламаларын iске асыруға қатысады; 
      көлiк-коммуникация кешенi объектiлерiн акционерлендiру мен жекешелендiру жайындағы мәселелердi шешуге белгiленген тәртiппен қатысады; 
      Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып, көлiкте, жол шаруашылығында және байланыста монополиясыздандыру жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады; 
      Қазақстан Республикасының Стандарттау, сертификаттау және метрология жөнiндегi комитетпен бiрлесе отырып, салада қолданылатын жабдықтар мен технологияны стандарттау мен сертификаттау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;<*> 
      көлiк және байланыс жүйесiндегi зиян шегушi кәсiпорындар мен ұйымдарды санациялау, оларды қайта құру мен тарату жөнiнде шаралар қолданады; 
      табиғи зiлзала зардаптарын жою жөнiндегi және төтенше жағдайлардағы жұмыстарға белгiленген тәртiппен қатысады, осындай жағдайларда iс-қимылдағы көлiк пен байланыс құралдарының тыңғылықты жұмыс атқаруына ұйымдастырады; 
      ведомствоға қарасты салаларда жұмылдырушылық дайындық пен азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды белгiлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, ерекше кезеңде тасымалдау, бағалы материалдарды жұмылдыру резервi мен арнайы қорда ұстау мәселелерi бойынша мүдделi ұйымдардан өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi; 
      көлiкте, байланыс пен жол шаруашылығында, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалану кезiнде мемлекеттiк құпияны сақтау жөнiнде шаралар қолдануға бақылау жасауды қамтамасыз етедi;<*> 
      арнайы байланыс, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызмет жұмысын ұйымдастырады; 
      көлiктiң, байланыстың, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, жөндеу мен күтiп ұстау iсi мәселелерiнде жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен өзара iс-қимыл жасайды; 
      шешiлуi осы ережеде тiкелей оның қарауына берiлген мәселелер жөнiндегi азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын қарайды. 
      ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - 
               ҚРҮ-нiң 1996.12.30. N 1685 қаулысымен.  P961685_

            IV. Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құқығы 
 
        9. Қойылған мiндеттер мен жүктелген функцияларға сәйкес министрлiктiң: 
      көлiктi, байланыс пен жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамытудың ұлттық және мемлекетаралық нысаналы бағдарламаларын қаржыландыру мәселелерiн шешуге қатысуға, сондай-ақ осы мақсатқа бөлiнген қаражаттың ұтымды жұмсалуына бақылауды жүзеге асыруға; 
      оның қарауындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi құру, қайта құру, тарату жөнiндегi мәселелердi заңдарда белгiленген тәртiппен шешуге; 
      мемлекеттiк меншiкке жататын көлiк-коммуникация кешенi объектiлерi мен кәсiпорындарын жекешелендiру туралы шешiмдердiң жобаларына белгiленген тәртiппен қорытындылар дайындауға; 
      мемлекет меншiгiндегi кәсiпорындар басшыларын iрiктеу мен орналастыруды жүзеге асыруға, олардың резервiн қалыптастыруға; 
      көлiк-коммуникация кешенiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдарының жарғыларын бекiтуге; 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдарына мемлекеттiк акционерлiк компаниялар мен холдингтердiң басшылық органдарындағы меншiк иелiгiне өкiлеттi өкiлдер лауазымына кандидаттар ұсынуға; 
      көлiк-коммуникация кешенi кәсiпорындарында, бiрлестiктерi мен ұйымдарында қазiргi заңдардың дұрыс қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге; 
      ведомостволық және жеке желiлерiнiң, жүйелер мен құрылғыларының жалпы пайдаланымдағы байланыс желiлерiмен түйiсуi кезiнде қазiргi стандарттардың сақталуын бақылауға; 
      Қазақстан Республикасының аумағында радиожиiлiктердi берудi жүзеге асыруға; 
      пошта маркаларын, конверттер, ашылмалар, кәртiшкелер шығарылуын ұйымдастыруды жүзеге асыруға; 
      көлiктi, жол техникасы мен байланыстың техникалық құралдарын пайдалану кезiнде жол қозғалысының қауiпсiздiк талаптарының, нормаларының, еңбек қорғау және экологиялық нормаларының айқындалуына белгiленген тәртiппен қатысуға; 
      төтенше жағдайлар туындаған кезде, олардың алдын алу мен мүмкiн болатын зардабын жою жөнiнде Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiне жататын ұйымдардың, кәсiпорындар мен олардың бiрлестiктерiнің мамандарын тарта отырып, белгiленген тәртiппен уақытша жұмыс топтары мен комиссияларын құруға; 
      қажет болған жағдайда көлiктiң, жол шаруашылығы мен байланыстың, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындарынан, бiрлестiктерiнен, мекемелерi мен ұйымдарынан министрлiктiң құзырына жататын барлық мәселелер жөнiндегi қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұратуға; 
      өз құзыры шегiнде басқа министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген, барлық кәсiпорындар, бiрлестiктер, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар үшiн мiндеттi ведомстволық актiлердi басып шығаруға; 
      жалпы мәселелердi шешу үшiн олардың келiсiмiн ала отырып, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражатын арнайы шотта орталықтандыруға құқығы бар; 
      белгiленген тәртiппен әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беру мен тоқтатуға. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 
               1996.12.30. N 1685 қаулысымен. 

        V. Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң басшы 
                            органдары 

      10. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және лауазымынан босататын Министр басқарады. 
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң лауазымға ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және лауазымынан босататын орынбасарлары болады. 
      11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi өзiне тапсырылған сала қызметiне дара басшылық негiзiнде басшылық етедi және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi. 
      12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi: 
      министрлiктiң қызметiн басқарады; 
      министр орынбасарларының арасындағы мiндеттердi бөледi; 
      бюджеттен бөлiнген қаражаттың және министрлiк мүлкiн пайдаланылуына бақылау жасап отырады; 
      министрлiктiң жұмыс регламентiн, алқа туралы ереженi, бiлiктiлiк лауазымдық талаптарын, қызметкерлердi аттестациялау тәртiбiн, сондай-ақ министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және ведомствоға қарасты кәсiпорындар мен ұйымдардың жарғыларын бекiтедi; 
      министрлiктiң орталық аппараты қызметкерлерiн, сондай-ақ өз құзыры шеңберiнде - мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiрiншi басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 
      барлық органдар мен мекемелерде оның қызметiне байланысты мәселелер бойынша министрлiктiң мүддесiн қорғайды, шарттар, келiсiмдер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктерде есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттар ашады; 
      оның құзырына жататын мәселелер бойынша ведомствоға қарасты барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi. 
      13. Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбек ақы қоры шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      14. Министрлiкте құрамында Министр (алқа төрағасы), Министрлер орынбасарлары, лауазымы бойынша комитеттер мен департаменттердiң басшылары, сондай-ақ көлiк-коммуникация кешенiндегi басшы қызметкерлерi бар алқа құрылады.<*> 
      Министрлiктiң алқа құрамының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.<*> 
      Алқа республика көлiгiнiң, байланысының және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары қызметiнiң және әуе кеңiстiгiн пайдаланудың аса маңызды мәселелерiн қарайды.<*> 
      Алқа шешiмi, әдетте, министрдiң бұйрығымен күшiне енедi. 
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.30. N 1685 
               қаулысымен. 

      15. Министрлiктiң жанындағы Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi Комитетi iс-қимыл жасайды. Комитеттi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.<*> 
      Министрлiктiң құрамына басқа да құрылымдық бөлiмшелермен бiрге темiр жол, су, автомобиль көлiгi, автомобиль жолдары, байланыс департаменттерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы, Мемлекеттiк почта, Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия, Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия кiредi. Олар өз құзыры шегiнде мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, өкiмдiк құжаттар шығара алады, тиiстi көлiк түрлерiнiң, жол шаруашылығы мен байланыс қызметiн реттейтiн ведомствоаралық сипаттағы техникалық ережелер мен нұсқаулықтарды әзiрлеп, бекiте алады.<*><*> 
      Көлiк инспекциясы, Мемлекеттiк почта, Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссиясы және Радиожиiлiктерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы Ережелердi Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.<*><*> 
      ЕСКЕРТУ. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1994.12.14. N 1409 қаулысымен.  
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.30. N 1685 
               қаулысымен. 

      16. Көлiк-коммуникация кешенiнiң құрамында Теңiз және өзен регистрi мен Электр байланысының мемлекеттiк инспекциясы, Арнайы байланыс пен Мемлекеттiк фельдъегер қызметi жұмыс атқарады. 
      Теңiз және өзен регистрi теңiз және өзен флоты кемелерiн техникалық жағынан қадағалауға жiктеме жүргiзедi, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық конвенциялар, келiсiмдер мен шарттар талаптарының орындалуына бақылау жасайды. 
      Электр байланысының мемлекеттiк инспекциясы Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктегi құрылғыларды сатып алудың, жобалаудың, жасаудың (орнатудың), пайдаланудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуына, сондай-ақ олардың электромагниттiк сыйысуына, радиосәулелендiру сипатының қолданылып жүрген нормаларға сәйкестiгiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады. 
      Арнайы байланыс пен Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызмет функцияларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес жүзеге асырады. 
      Теңiз және өзен регистрi мен Электр байланысының мемлекеттiк инспекциясы туралы Ережелердi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi бекiтедi. 
      17. Министрлiк жанында Қазақстан Республикасының көлiгi жөнiндегi Ведомствоаралық үйлестiру кеңесi құрылуы мүмкiн. Оның құрамына барлық көлiк түрлерiнiң, ғылыми ұйымдар мен көлiк қызметiн көрсететiн iрi тұтынушылардың басшылары мен мамандары кiредi. 
      Кеңестiң құрамын және ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi бекiтедi. 
      18. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi техникалық-экономикалық және ғылыми-техникалық кеңестер құра алады.